Семинар сабақ Пән: Компьютерлік геометрия және графика



Дата26.08.2017
өлшемі95,21 Kb.
#28300
түріСеминар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК


СЕМИНАР САБАҚ


Пән: Компьютерлік геометрия және графика

Тақырыбы: «Объектілердің бейнесін салу әдістері. Объектілерді нақты туралау»

Оқытушы: Мукушева Л.А.
.

2016-2017 оқу жылы


5 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)

Топ

Күні

2 негізгі ИС

27.01






Пән: Компьютерлік геометрия және графика

1 бөлім. Компьютерлік графика негіздері

Курс тақырыбы №2.1 тақырып. Объектер түрлері

Сабақтың тақырыбы №5 Объектілердің бейнесін салу әдістері. Объектілерді нақты туралау.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: дәріс, семинар сабақ

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

- компьютерлік графика түрлері және мүмкіндіктерін;

- Corel Draw бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерін;

- объектер түрлерін;

- тірек сызықтарын.



Кәсіптік құзыреттілік

- объектерді жылжытуды;

- контурларды қолдануды;

- мәтіндермен жұмысты;

- түрлі эффектілерді қолдануды;

- объектілерді(суреттерді) импорттау және экспорттау.





Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Оқушыларға объектілердің бейнесін салу әдістері, объектілерді нақты туралау туралы түсінік беру



тәрбиелік

Оқушыларды компьютерде жұмыс істеу мәдениеттілігіне тәрбиелеу


дамытушылық

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен танымдылық қабілеттерін дамыту. Компьютерлік графиканы қолдануда болашақ қызметтерінде жұмыс істей білуге тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

«Экономикалық информатика»

Қамтамасыз етілітін

«Компьютерлік геметрия мен графика»


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

ДК

Таратпа материалдар

Дәріс материалдары

Оқытудың техникалық құралдары

ДК

Әдебиет: негізгі

Н.Т.Ермеков, Информатика

Қосымша

Г.Ә.Жапарова, Информатика негіздері


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері



Қосымшалар, өзгерістер




  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  2. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

  3. Жаңа сабақ түсіндіру, дәріс жазу (45 мин)

  4. Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту (15 мин)

  5. Үй тапсырмасын беру (2 мин)

  6. Сабақты қорытындылау (5 мин)

7. Жұмыс орынын жинау (1 мин)




1.

Барысы:

Ұйымдастыру

- оқушылардың және аудиторияның сабаққа дайындығын бақылау;

- оқушыларды түгендеу және журнал толтыру;

- сабақтың барысы және мақсатымен таныстыру.






2.

Үй тапсырмасын сұрау

CorelDRAW интерфейсі келесі элементтерден тұрады

Графиканың құралдар панелі

Беттің параметрі мен өлшем бірлігін өзгерту

CorelDRAW пайдаланушысының жұмыс ортасы




3.

Жаңа сабақты түсіндіру

Семинар сұрақтары

Құралдармен танысу.

Объектіні құру және редакторлау






4.

  1. Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту

Құралдармен танысу. Объектілерді құру

Объектіні құру және редакторлау

Тіктөртбұрыш (Rectangle)

Эллипс (Ellipse) құралы.

Модификатор пернелер

Көпбұрыш (Poligon) құралы

Спираль (Spiral) құралы

Диаграммалық тор






5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау

Сабаққа қатысулары мен үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалаймын.






6

Үйге тапсырма

Н.Ермеков «Компьютерлік графика», 11-13 бет






Оқытушы __________ Мукушева Л.А.



Курс тақырыбы №2.1 тақырып. Объектер түрлері

Сабақтың тақырыбы №5 Объектілердің бейнесін салу әдістері. Объектілерді нақты туралау.
Жоспар:

  1. CorelDraw объект түсінігі

  2. Объектіні құру және редакторлау


Құралдармен танысу. Объектілерді құру.

Құралдар тақтасында барлық құралдар жинақталған, олардың көмегімен графикалық объектілерді құруға, ерекшелеуге, түзетуге және орналастыруға болады.



Объектіні құру және редакторлау

CorelDRAW бағдарламалық пакеті векторлық бейнелермен жұмыс жасауға арналған редактор болып табылады.



Объект — бұл графикалық композицияның көмегімен бағдарламада салынатын мәтін немесе растрлық бейне болатын кез-келген фигура. Әр векторлық объект жұмыс жасау кезінде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол файлдың көлеміне ешқандай әсер етпейді.

CorelDRAW бағдарламасы қолданушының таңдауына екі түрлі салудың құрал-сайманын ұсынады: әртүрлі гоемтриялық фигуралар үшін және бұрыштық нүктелер үшін объектілерді салу.



Тіктөртбұрыш (Rectangle) құралы кез-келген төртбұрыштың мен шаршыларды, сонымен қатар жұмырланған (закругленный) бұрыштыларды да көруге арналған. Егер ортаңғы нүктелері бойынша тіктөртбұрыш құру қажет болса, онда Shift пернесін басып тұру қажет. Шаршы салу үшін Ctrl пернесін қолдану керек. Тіктөртбұрыш құралына екі рет шерту ағымдағы беттің форматы бойынша тіктөртбұрышты құрайды.

Бұрыштарын жұмырлау үшін Пішін (Форма, Shape) немесе көрсеткіш (стрелка, Pick) құралы арқылы орындауға болады. Меңзерді тіктбұрыштың бір бұрышына апарып, оны «тарту» керек.

Атрибуттар тақтасында объектіні моделінің параметрлері және осы кластың объектілерімен стандартты әрекеттерді орындауға рұқсат етілген батырмалардан тұратын басқару элементі ұсынылған:


  • (х,у) координаталарының ортасы;

  • биіктігі және ені;

  • созу және қысу масштабтау коэффициенттері (%);

  • жеке масштабтаудағы одақтау (блокировка);

  • бұрылыс бұрышы;

  • бұрыштарды жұмырлау коэффициенттері (мәні %-пен есептелген, 100% үшін төртбұрыштың қысқа қабырғасының жарты ұзындығы қабылданған)

  • жеке бұрыштарды бекітуді одақтау немесе қоршау.

Бұрыштардың біреуін ғана жұмырлау үшін құрал сілтеуішін бір түйінге апарып және жылжытпас бұрын тышқанмен шерту қажет.

Эллипс (Ellipse) құралы. Эллипс өлшемі габаритті тіктөртбұрышпен (қоршам) өлшемімен анықталады.

Модификатор пернелер (Ctrl және Shift) эллипс құралымен тура тіктөртбұрыш құралы сияқты жұмыс істейді.

Эллипсте бір түйін бар. Егер онымен центрге қарай ішке созсақ, секторға түрленді, ал сыртқа қарай жылжытсақ эллипстің доғасын аламыз.



Эллипс объектісі үшін атрибуттар тақтасындағы элементтер:

  • эллипс (Ellipse);

  • сектор (Sector);

  • доға (Arc);

  • доғаның басы және соңы;

  • доғаның бағыты.

Көпбұрыш (Poligon) құралы. Бұл жақтарының саны берілген геометриялық объект. Көпбұрыштардың нұсқасы дөңес көпбұрыштың ауданын қиылыса отырып, нүктелері бірігетін жұлдызша болып табылады. Құрылу үрдісі жоғарыда көрсетілгендей. Ctrl пернесін басып тұрып, дұрыс көпбұрыш құруға болады. Number of points/sides (төбелер/жақтар саны) өрісінде тіктөртбұрыш үшін төбелер басы (жақтар) санын немесе 3-тен (жұлдыз үшін 5-тен бастап) бастап 500-ге дейінгі мөлшерде анықтайды. Sharpnes (төбелер басының өткірлігі) жұлдыз төбесінің өткірлік дәрежесін шартты бірлікте анықтауға мүмкіндік береді. Көпбұрыш (Poligon) және Жұлдыз (Star) ауыстырғыштары көпбұрыштың типін таңдау қызметін атқарады. Құлып түріндегі белгіше тақтадағы орнатылған мәліметтерді бекіту қызметін атқарады.

Спираль (Spiral) құралы. Шиыршық саны мен анықталған радиуспен үздіксіз қисық түріндегі геометриялық объект-спираль құру үшін арналған. Corel Draw-та спиральдың екі түрі: симметриялық (Symmetrical) және логарифмдік (logarithmic) ұсынылған. Симметриялық спиральда шиыршықтар арасындағы ара қашықтық тең шамалы, ал логарифмдікте ара қашықтығы үдемелі көбейеді, онда мәні Кеңейту (Расширение/expansion) өрісінде 1 ден 100-ге дейінгі аралықта белгіленеді. Айналым саны (Number of revolution) 1 ден 100 –ге дейінгі мөлшердегі спиральдың шиыршық санын анықтайды.

Диаграммалық тор (Graph Paper) құралы торды, яғни тіктөртбұрыштардыңң жиынтығын тез құруға рұқсат береді. Атрибуттар тақтасында құралатын тордың жол және бағаналар саны енгізіледі. Осы құралмен объект топ болып табылатынын есте ұстаған жөн. Сондықтан тіктөртбұрыштың жеке пішімін Ctrl пернесін бірге басып тұрып немесе Басқару (Управление, Arrange) менюінің Топтауды алу (Разгруппировать, Ungroup) командасы орындалғаннан кейін барып өзгертуге болады. Тіктөртбұрыштың еркін деформациясы үшін Пішін құралының көмегімен және Басқару менюінің қисыққа конверсиялау (конвертировать в кривые, convert be Curves) командасымен орындау қажет.

Оқытушы: ___________ Мукушева Л.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет