Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде саралаудың диалог және қолдау, дереккөздер тәсілі қолданылады. Bilimland дереккөзі арқылы оқушыларды жаңа ұғыммен таныстырып, формулаларды топта қорытып шығаруына қолдау жасалады.
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде саралаудың тапсырма, нәтиже, бағалау тәсілдері қолданылады. Бірінші тапсырма А, В, С деңгейде дайындалған, нәтижесінде оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауға болады. Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға қолдау көрсетіледі. Екінші тапсырмада қарқын, нәтиже, бағалау тәсілдерін қолдана отырып, жұпта отырған оқушылардың бірігіп жылдам жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Қиындық туындаған жұптарға қосымша уақыт беріледі. Соңғы тапсырмада топтарға зерттеу жұмысын бере отырып, саралаудың тапсырма, нәтиже, бағалау тәсілдері қолданылды. Бұл тапсырмада, деңгейі жоғары оқушыларға есепті қорытындылауға мүмкіндік беріледі.
|
Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Сені көргеніме қуаныштымын...» тренингін өткізіп, оқушыларға жақсы көңіл-күй беру.«Жіктеу» әдісі арқылы сыныпты аралас топтарға бөлу.
Өткен тақырыпты еске түсіру үшін «Миға шабуыл» әдісін қолданып, жаңа тақырыпты ашуға мүмкіндік аламын.
Үй жұмысын тексеру үшін «Әткеншек» әдісін қолданамын. Оқушылар жұппен дәптер ауыстырып, бірін бірін слайдтағы дайын жауаппен тексереді.
|