Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар Көшпелілердің киіну мәдениеті. Септеулік шылаулардың емлесі


Жалмахан Асылжан – 9 (мақсатты аудиториясы дұрыс анықталмаған)



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі18,67 Kb.
#88716
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Lesson 14
ТОГЫСОВ
Жалмахан Асылжан – 9 (мақсатты аудиториясы дұрыс анықталмаған)
Ғалымжанқызы Жаннұр – 9( сөйлем құрастыру, ойды жеткізумен жұмыс жасау қажет)
Бауыржанқызы Әсел – 9 (ауызекі стильді жиі пайдаланады, нақты стильді атап көрсетпеген)
Мақсат Қалмаш – 9 (стиль дұрыс анықталмаған)
Әділхан Азамат – 7
Асубаева Аяжан – 8 (стиль, аудитория мазмұны дұрыс анықталмаған)
Әбубәкір Диана – 10 (екінші мәтін стилі дұрыс анықталмаған)
Абайдың оқудан оралуы
...Бала көп ішінен, ең алдымен, өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:
- Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр...Сәлем бер!-деді. Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар, әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.
Құнанбай қысқа ғана амандық сұрап:
- Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?-деді.
Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің қабағын танып өскен. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен:
-Шүкірлік, әке, -деп біраз тұрды да, - ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатихасын алып қайттым,-деді.
Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзірлеген жауабы еді.
Әкесінің қасында тұрған Майбасар Абайдың жауабын ұнатып тұрып:
- Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты!-дей беріп еді, Құнанбай оның сөзін аяқтатпастан Абайға:
- Бар, ана шешелерің жаққа бар, амандас, балам!- деді. Абайдың күткені де сол еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет