Музыкалық сәлемдесу
Сыныпта жағымды ахуал орнату, өткен сабақты қайталау
«Сыртқы және ішкі шеңбер» жаттығуы
Ішкі шеңберде тұрған оқушылар 1 сұрақ дайындайды, сыртқы шеңберге сұрақ қояды. Сыртқы шеңбер сағат тілімен қозғала отырып ішкі шеңбер оқушылары қойған сұрақтарға жауап береді.
Балалар өткен сабақтары біз халық әндерін, аспаптармен таныстық. Ал бүгінгі сабақта табиғат туралы айтылған әнмен танысамыз.
Балалар , мына суреттерге қараңдар, не бейнеленген.
-Табиғат көрінісі.
-Дұрыс балалар , бүгінгі тақырыбымыз «Музыкадағы табиғат көрінісі».
-Көз алдарыңа елестетіңдерші: дала,тау тегі,
көкорай көкшалғын, ағып жатқан бұлақ, алыстан ағараңдап киіз үйлер көрінеді. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелеген!
-Түрлі бояумен!.
-Ал ақын-жазушылар ше?
-өлең, әңгімемен
- Дұрыс. Ал, композиторлар осы көріністі қалай суреттейді?
-дыбыспен,әнмен, музыкамен.
-жарайсыңдар ал енді Құрманғазының «Сарыарқа күйін тыңдайық?
1 тапсырма. Тыңдалған музыканы талдау
- Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз.
- Табиғаттың дыбыстары естілді ме?
- Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар?
-Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз?
- Сіз бұл әуенді қалай өзгертер едіңіз, ойланыңыз?
Әуенге өзгерістер енгізіңіз, нота дәптеріне жазып, сыныптастарыңызға көрсетіңіз.
. Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарын жазу.
1-топ « Күз » 2-топ « Қыс » 3-топ « Көктем »
2. Әр топқа 1 құбылысты атау. Сол құбылыс суретін салу, әңгімелеу, 5 жол өлең.
1-топ жаңбыр 2-топ боран 3-топ бұлт
Презентация
Топтар өз жұмысын сыныпқа презентациялайды.
Оқушыларға әлем қартасы көрсетіледі, олар картадан екі композитордың туған елін табады.
4 тапсырма. Нота сауаттылық
Әннің әуенін нотаға салу.
Оқушылар өткен сабақта үйренген «ре» нотасын естеріне түсіреді.
Мұғалім айтқан әннің ноталарын нота сызығына орналастырады.
«ре-ре-ми-фа-ми-ре-ми-фа-ми »
«ми-фа-соль-ми-фа-соль-ля»
«фа-ми-ре»
Визуалды түрде дыбыстың төмен және биіктігін қадағалап отыру арқылы оқушылар таза дыбыспен айтуды үйренеді.
5-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау. Қобызшылардың орындауында Ермұрат Үсеновтың «Күзгі әуен» шығармасынтыңдаңыз.
- Музыка сізге ұнады ма?
- Орындаушыларшығарманың көңіл-күйін не арқылы жеткізіп тұр?
- Неше адам орындап тұр?
- Қандай аспапты естіп тұрсыздар?
- Бұл шығармадан табиғаттың дауысын естідіңіздер ме?
- 6-тапсырма. Ақпарат іздеу.
Интернет желісін, музыкалық энциклопедияларды, ақпараттық парақтарды қолдана отырып, қобыз және қылқобыз аспаптарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.
Кестені толтырыңыз. 1-қосымша.
ұқсастығы айырмашылығы
Қобыз
Қылқобыз
Ән үйрену және орындау.
Жанар Айжанованың орындауындағы Қорқыттың «Қобызым» әнін үйреніңіз және орындаңыз.
Дифференциация:
Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі.
Рефлексия:
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
«Екі жұлдыз- бір тілек» әдісі бойынша білдіреді.
Оқушылар шағын топтарда отырып, ақылдасып шешмідерін сыныппен бөліседі.
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|