Сабаққа қатысқаны: 2 Пән: Көркем еңбек I. Тақырыбы: Отбасылық мереке



Дата23.11.2022
өлшемі16,93 Kb.
#159543
түріСабақ
Байланысты:
Өзіндік талдау


Мектеп: Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі
Машықкер: Абылкасымова Дильнара Дуйсембековна
Күні: 25.11.2021 ж
Сынып: 1 , оқушы саны: 3 , сабаққа қатысқаны: 2
Пән: Көркем еңбек
I.Тақырыбы: Отбасылық мереке
Сабақтың мақсаты: Отбасы құндылығының мән-мағынасын аша отырып,шығарма-шылық тұрғыдан еңбекке баулу.

Барлық оқушылар: Отбасы құндылығының мән мағынасын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Құрал-саймандармен жұмыс істеу арқылы,сыйлық жасай алады.
Кейбір оқушылар: Ой иллюзиясы арқылы,отбасы мүшелеріне сыйлық ойлап табады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, орыс тілі, өзін-өзі тану.
II. Сабақ кезінде нақты іске асырылатын әрекеттер.
Дағдылар мен қабілеттерді дамыту көрнекілік құралдары мен «Сиқырлы қобдиша», «Ойлан тап», «Суретті сөйлет» әдістері мен қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асты. Мақсаты: оқушылар берілген тапсырмаларды дұрыс орындап,мақсатқа жетеді. Окушыларды бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Достыққа,ынтымақастыққа тәрбиелеу.
Сабақ 4 кезеңді қамтыды: Ұйымдастыру бөлімі, жаңа сабақ, сарамаңдық жұмыс, қорытыңды кезең. Сабақты бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды сабаққа назарларын аудару мақсатында «Сиқырлы қобдиша» әдісін қолдандым. Қызығушылығын ояту, сабақты бастау үшін «Ойлан, тап» әдісін қолдандым.Есептерді шешу арқылы, оқушылар сабақтың тақырыбымен танысты.Сонымен қатар,отбасы құндылығын ашу үшін ой толғау «Суретті сөйлет» әдісі арқылы жүргізілді. Сарамаңдық жұмыс барысында сыйлықты дәлме-дәл жасап,өздерінің зеріктілігі мен шығармашылықтарын танытты.Қорытыңды кезеңде «Кеме желкені» әдісін қолдану арқылы кері байланыс орнатылды.
III.Мұғалімнің іс - әрекетінде қарастырылатын дидактикалық, тәрбиелік, т.б, мақсаттары.
Оқушылардың өз бетімен ізденуі жеке жұмыс формаларын ұйымдастырдым.Мұғалімнің негізгі міндеті бағыттау болды.Қиындық тудырған сұрақтар мен тапсырмалар бойынша оқушыларға «түсіндіру» әдісін қолдандым.
IV.Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама: 
1.Сабақтың түрі. Жаңа сабақ. Ең басты назар оқушылардың жаңа тақырыпты толық түсінуіне бағытталды.
2.Сабақтың сипаттамалық кезеңі. Сабақ құрылымы сабақ типіне сәйкес келді. Сабақтың бөлімдерін өзара байланыстырып реттедім. Сабақтың бөлімдеріне уақытты дәл бөле отырып тиімді ұйымдастырдым. Сабақ мектеп пен колледж талаптары мен міндеттеріне сай құрылды.Сабақтың мазмұны да , талаптарға сай құрылып,оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеріліп құрылды.
3.Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері. 
Сабақта көрнекілік,түсіндіру,әңгімелеу,иллюстрация, сұрақ-жауап әдістерін қолдандым. Оқушылардың айтылым,тыңдалым дағдыларын,ойлау қабілеттерін дамыту үшін көрнекілік пен иллюстрациялық әдісті кеңінен қолдандым. Білім, білік және дағдыларды жүйелі қалыптастыру принципі сақталды.Сабаққа барлық оқушылар қатыстырылды.
4.Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру. 
Сабаққа,тақырыпқа оқушылар қызығушылығын әртүрлі әдістерімен («Сиқырлы қобдиша», «Ойлан тап», «Суретті сөйлет») жүзеге асыра алдым.Оқушылар сабақта уақытты тиімді пайдалануды,оқушылар ережесін сақтауды,жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды қалыптастырдым. Оқушылардың бір-бірін бағалау және өзіндік бағалауы жүзеге асты.Жоспарланған шығармашылық тапсырмала орындалды.
5.Үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі.
Оқушыларға үй тапсырмасының жеңіл түрін ұйымдастырдым.Оқушылар өз ой,қиялдау фантазиясына байланысты «Отбасы» тақырыбында сурет салу берілді.
V.Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында,соған сәйкес әдістерді тиімді пайдаланып,жүзеге асырдым. Көркем еңбек пәнін оқытуды, қойылған мәселені шешу үшін қажетті, ыңғайлы жаңа әдіс-тәсілдердің көмегімен өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытттым. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді. Оқушылардың тиімді жұмыс формасын, оқушылардың жеке жұмыс формасы арқылы ұйымдастырдым. Жалпы, сабақ өте жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет