Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар Музыка сабағы. Сабақтың тақырыбы: Табиғат және музыка



Дата25.01.2022
өлшемі1,19 Mb.
#114064
түріСабақ
Байланысты:
3Ә 1 сабақ


Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары

немесе қысқа мерзімді жоспар


Музыка сабағы. Сабақтың тақырыбы: Табиғат және музыка

Бөлім:

«Жанды табиғат»

Педагогтің аты-жөні

Смаилова С.М

Күні:

04.09.20

Сынып:3Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғат және музыка

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру

3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау


Сабақтың мақсаты





Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин
Сабақтың ортасы
10 мин

5 мин


1 мин

5 мин


5 мин

8 мин


Сабақтың соңы
2 минут


Музыкалық сәлемдесу

Сыныпта жағымды ахуал орнату, өткен сабақты қайталау

«Сыртқы және ішкі шеңбер» жаттығуы

Ішкі шеңберде тұрған оқушылар 1 сұрақ дайындайды, сыртқы шеңберге сұрақ қояды. Сыртқы шеңбер сағат тілімен қозғала отырып ішкі шеңбер оқушылары қойған сұрақтарға жауап береді.

Балалар өткен сабақтары біз халық әндерін, аспаптармен таныстық. Ал бүгінгі сабақта табиғат туралы айтылған әнмен танысамыз.

Балалар , мына суреттерге қараңдар, не бейнеленген.

-Табиғат көрінісі.

-Дұрыс балалар , бүгінгі тақырыбымыз «Музыкадағы табиғат көрінісі».

-Көз алдарыңа елестетіңдерші: дала,тау тегі,

көкорай көкшалғын, ағып жатқан бұлақ, алыстан ағараңдап киіз үйлер көрінеді. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелеген!

-Түрлі бояумен!.

-Ал ақын-жазушылар ше?

-өлең, әңгімемен

- Дұрыс. Ал, композиторлар осы көріністі қалай суреттейді?

-дыбыспен,әнмен, музыкамен.

-жарайсыңдар ал енді Құрманғазының «Сарыарқа күйін тыңдайық?

1 тапсырма. Тыңдалған музыканы талдау

- Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз.

- Табиғаттың дыбыстары естілді ме?

- Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар?

-Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз?
- Сіз бұл әуенді қалай өзгертер едіңіз, ойланыңыз?

Әуенге өзгерістер енгізіңіз, нота дәптеріне жазып, сыныптастарыңызға көрсетіңіз.

. Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарын жазу.

1-топ « Күз » 2-топ « Қыс » 3-топ « Көктем »

2. Әр топқа 1 құбылысты атау. Сол құбылыс суретін салу, әңгімелеу, 5 жол өлең.

1-топ жаңбыр 2-топ боран 3-топ бұлт

Презентация

Топтар өз жұмысын сыныпқа презентациялайды.

Оқушыларға әлем қартасы көрсетіледі, олар картадан екі композитордың туған елін табады.

4 тапсырма. Нота сауаттылық

Әннің әуенін нотаға салу.

Оқушылар өткен сабақта үйренген «ре» нотасын естеріне түсіреді.

Мұғалім айтқан әннің ноталарын нота сызығына орналастырады.

«ре-ре-ми-фа-ми-ре-ми-фа-ми »

«ми-фа-соль-ми-фа-соль-ля»

«фа-ми-ре»

Визуалды түрде дыбыстың төмен және биіктігін қадағалап отыру арқылы оқушылар таза дыбыспен айтуды үйренеді.

5-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау. Қобызшылардың орындауында Ермұрат Үсеновтың «Күзгі әуен» шығармасынтыңдаңыз.

- Музыка сізге ұнады ма?

- Орындаушыларшығарманың көңіл-күйін не арқылы жеткізіп тұр?

- Неше адам орындап тұр?

- Қандай аспапты естіп тұрсыздар?

- Бұл шығармадан табиғаттың дауысын естідіңіздер ме?

- 6-тапсырма. Ақпарат іздеу.

Интернет желісін, музыкалық энциклопедияларды, ақпараттық парақтарды қолдана отырып, қобыз және қылқобыз аспаптарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.

Кестені толтырыңыз. 1-қосымша.

ұқсастығы айырмашылығы

Қобыз

Қылқобыз

Ән үйрену және орындау.

Жанар Айжанованың орындауындағы Қорқыттың «Қобызым» әнін үйреніңіз және орындаңыз.

Дифференциация:

Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі.

Рефлексия:

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

«Екі жұлдыз- бір тілек» әдісі бойынша білдіреді.


Оқушылар шағын топтарда отырып, ақылдасып шешмідерін сыныппен бөліседі.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Нота сауаты.

До, ре, ми, фа, соль ноталардың көлемінде әуен құрастырыңыз. Оларды нота сызығына орналастырыңыз, дәптерге жазыңыз. Өз әуеніңізді орындап беріңіз.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз





https://www.youtube.com/watch?v=JTNlLBmDiDI Майра Ильясова орындауында

https://www.youtube.com/watch?v=L4o4IN-FPy8 «Дос Мұқасан» тобының орындауында


https://www.youtube.com/watch?v=6n41kxhkZDs

Дидактикалық материал


А3 форматты қағаз

Фломастер, маркер. Композитор портреттері



Нота сызығы, ноталар



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет