Сабақтың ортасы
10 минут
7 минут
12 минут
|
2-тапсырма.
Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыздар.
Уақыт –алтын қазына
Уақыт - өтіп бара жатқан өмір. Ол алтыннан қымбат. Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Менің ойымша, уақытты үнемдеп, босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Бастаған ісіңді жақсы және сапалы түрде жұмсай алу керек. Бастамас бұрын ойланып істеген жөн.
Адам уақытты сезінгенде өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі жол сілтейді. Кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ.Өйткені уақытты бағалай білген жөн. Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұстаған жөн болар.
Мен бесінші сынып оқушысымын. Өз уақытымды құр босқа өткізбеуге тырысамын.Әрдайым сабаққа дайындалып жүремін.Бос уақытымда көркем шығармалар, қызықты ертегілер оқимын. Әр түрлі үйірмелерге қатысамын. Кей кезде уақыттың қалай зымырап бара жатқанын түсінбей қаламын. Әттең, қолымда уақытты тоқтататын машинка болса, ренжіткен немесе істелінбеген жұмыстарды түзеп жіберер едім. Бұл әр адамға сынақ болып табылады. Осы жолда сүрінбей, жақсы жетістіктерге қол жеткізгім келеді. «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос өткені» деп бабаларымыз жай айтпаған. Уақытым мен күш-қуатымды дұрыс жұмсай білуге тырысамын. Мақсаттарымды жүзеге асыруға ұмтыламын. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмайсың. Менің ойымша уақыт алтыннан қымбат .
Оқылған мәтін бойынша сұрақтарға WORDWALL бағдарламасы бойынша 3 сұраққа жауап береді.
|