ІҮ Үйге тапсырма беру кезеңі: Қайталау
№ 37. Тақырыбы: Қайталау.
Мақсаты: 1 тоқсан бойынша өтілген тақырыптарды қайталау. Білімдерін тексеру.Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.Білімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрқ-жауап, өзіндік.
Түрі: бекіту.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Қайталау
ІІІ. Бекіту1 тоқсан бойынша өтілген тақырыптардан тест алу
ІҮ. Үйге тапсырма: қайтала
№38. Тақырыбы: Бөлімді қайтлау
Мақсаты: 1. «Атадан қалған асыл мұра» бөлімдегі өткенді пысықтау, қайталау, білімін тексеру2. Ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру :Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақ мақсатын хабарлау
ІІІ. Бекіту кезеңі:Бөлімді қайталауға арналған тест
1. «Көзі моншақтай,
Өзі жұп-жұмыр
Құйрығы шашақтай,
Ерні жып-жымыр» деген жолдарда қай төл туралы айтылған?
1. Лақ 2. Бұзау 3. Қозы 4. Құлын
2. Қойдың төлін қалай аталады?
1. Лақ 2. Бұзау 3. Қозы 4. Құлын
3. «Мүйізі айдай иілген,
Мұрынын көкке шүйірген» не?
1. Жылқы 2. Сиыр 3. Түйе 4. Қой
4. «Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан» не?
1. Жылқы 2. Сиыр 3. Түйе 4. Қой
5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?
1. Жұмбақ 2. Жаңылтпаш 3. Аңыз 4. Мысал
6. «Еңбек байлыққа жеткізер» деген негізгі ойға құрылған ертегіні ата.
1. Қасқыр мен түлкі 2. Аңқау арыстан
3. Ұр, торпақ 4. Байлық пен ақыл
7. Жан-жануарлар, аңдар жөнінде әңгімеленген ертегіні тап.
1. Байлық пен ақыл 2. Аңқау арыстан
3. Ұр, торпақ 4. Қонжық пен көжек
10. «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп бастаған шешендік сөзді кім айтқан?
1. Қазыбек би 2. Әйтеке би 3. Төле би 4. Халық
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Бөлімді қайталау 2. Бағалау
№39. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама
Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңіТақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру. Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.« » оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.
ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.
ІҮ. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.
№ 40. Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері
Сабақтың мақсаты: Ж.Аймауытовтың Қартқожаның туған жері әңгімесін таныту,туған жер,атамекен туралы түсінік беру.2.Ой-өрістерін кеңейту,тіл байлықтарын дамыту.3.Туған өлкеге сүйіспеншілгін арттыру.
Сабақтың түрі:аралас
Көлнекілігі:Ж.Аймаутов портреті,суреттер, мақалдар
Әдісі:тұсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.1.Өткен марериалды қайталау жұмысын жүргізі.2.Бөлімді қайталауға арналған тестің қорытындысын талдау
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақ:Балалар өткен сабақта Қартқожа туралы әңгіме оқығанбыз.Ол қай жазушының кейіпкері еді?Ж.Аймауытов туралы білетініңді сызбаға түсір
Ү.Оқулықпен жұмыс. Сөзжұмбақты шешу:1.Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?2.Отбасындағы әке атауы? 3.Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады 4.Мемлекеттік рәміздердің бірі?Отан сөзін басқаша тағы қалай атауға болалы?Қартқожа туған жерін қалай жақсы көретінің біогің келеді ме?Әңгімені оқушыларға тізбектей оқыту Сөздік жұмысын жүргізу.Мазмұның қызқаша баяндау.
ҮІ.Дәптермен жұмыс
ҮІІ.Сабақты қорыту:Алған білімдерін қайталай отырып ,сұрақ жауап әдісімен бекіту.
Сен өзінің ауылыңнан алыста жүрсін дейік,көз алдыңа не елестер еді:
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.68-70 бет оқу,мазмұны . 2.Бағалау
№41. Сабақтың тақырыбы: Отан
Сабақтың мақсаты: 1.жазушының Отанға деген ыстық сезімін таныту,өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға баулу 2.Ой-өрістерін кеңейту,тіл байлықтарын дамыту.3.Туған өлкеге сүйіспеншілгін арттыру.
Сабақтың түрі:аралас
Көрнекілігі:суреттер, мақалдар
Әдісі:тұсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.1.Өткен марериалды қайталау жұмысын жүргізі. Қартқожаның туған жері мазмұның сұрау.Білімдерін жан-жақты тексеру.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру
ІҮ.Жаңа сабақ:Отан деген не?Оқушылардың сұраққа жауаптарын тындау,толықтыру.
Балалар белгілі ақын Ж.Смақов Отанға деген ыстық сезімін өлеңмен жеткізіді.
Ү.Оқулықпен жұмыс: Өлеңді дұрыс,тез,түсініп, мәнерлеп оқу.Оқушыларға тізтектей оқытып шығу.Түсініктерін сұрау.
ҮІ.Дәптермен жұмыс
Оиан:1.Қызыл гүлдер 2.Мөп-мөлдір аспан 3.Асқар тау
ҮІІ.Сабақты қорыту:Алған білімдерін қайталай отырып ,сұрақ жауап әдісімен бекіту.
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Өлеңді жаттау. 2.Бағалау
№42. Тақырыбы : Отан туралы. М.Мақатаев
Мақсаты:Туған жер мәтінін оқи отырып, туған жердің әркімге ыстықтығы, жақсылығы жайлы жан-жақты түсінік беру. Ақын «Отан» ұғымына нені жатқызатыны, бәрінен биік қоятыны жайлы түсінік беру, ұғындыру.Тілін сөздік қорларын дамыту. Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: арнайы суреттер, М.Макатаев суреті..
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Ыстық қой, шіркін, туған жер!» мәтінді оқыту сұрақтарға жауап алуқысқаша түсінгендерін әңгімелету.
ІІІ. Өткенді пысықтау:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.
Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінікә/ өлеңді , тақырыпты мәнерлеп оқуб/ сұрақтарға жауап алув/ сөздік жұмыс жүргізу.«Алпыс екі тамырың бүлк-бүлк етіп,туған жер, туған жер деп соғады»г/ Оқулықпен жұмыстақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу
г/ Сергіту сәті
Ү. Түсінгендерін тексеру:Сенің туған жерің қалай аталады? Сен оны неліктен жақсы көресің?Ақын Отаны үшін неге дайын?Қасиетті тіл деп отырғаны қандай тіл?
ҮІ. ҚорытуТуған жер туралы мақал-мәтелдер айту.Туған жер – алтын бесік.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.Отансыз адам – ормансыз бұлбұ
ҮІІ. Үйге тапсырма:1.тақырыпты түсініп оқып келу . «Отан» жатта 2. Бағалау.
№ 43-44. Тақырыбы Кімнің мекені жақсы? С.Жүнісов.
Мақсаты: С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» әңгімесін оқи отырып, әркімнің өз қонысы, өз мекені өзінежақсы екенін түсіндіру. Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айта білуге баулу.Адамгершілкке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер бойынша
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Туған өлкем тақпақты жатқа сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Кімнің мекені жақсы
Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінік, ә/ тақырыпты мәнерлеп оқу, б/ сұрақтарға жауап алу, г/ Оқулықпен жұмыс .Тақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу 3. рөлге бөліп оқу. г/Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Неге әркімге өз мекені жақсы?Жауынқұртқа батпақты жер несіне ұнайды?Көкқұтанға несмен жер ұнады?Әркім өз қонысына оралған соң қандай сезімде болды?
ҮІІ Қорыту:Бүгін не өттік?Өзің тұрған жер саған несімен ұнайды?
ҮІІІ Үйге тапсырма:1. Туған өлкем жаттау 2 Бағалау.
№45. Тақырыбы Астана.
Мақсаты: Астана өлеңін оқып түсндру. Астананың көркін ұғындыра білу.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Менің Қазқстаным атты буклет..
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Отан туралы тақпақты жатқа сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.
Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінік, ә/ өлеңді ,тақырыпты мәнерлеп оқу,б/ сұрақтарға жауап алу в/сөздік жұмыс жүргізу.г/ Оқулықпен жұмыс .Тақырыпты оқу 1. іштей оқу2. тізбектей оқу г/Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Астана қалас қай кезден бастап Астанасы қаласы аталды?
Бұрынғы аты қандай еді?
ҮІІ. Қорыту:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айт.Туған жер – алтын бесік.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
ҮІІІ.Үйге тапсырма:1. Астана жаттау 2.Бағалау.
№46. Сабақтың тақырыбы: Туған тілім
Сабақтың мақсаты:1. оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру 2. Білімін, ой-өрісін дамыту 3. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Астана жаттау.Астана қаласы қай кезден бастап Астанасы қаласы аталды?Бұрынғы аты қандай еді?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.
ІҮ.Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі 1. Дихан Әбілевтің өмірбаянымен таныстыру 2. «Туған тілім» оқып талдау 3. Сергіту сәті
Ү. Жаңа материалды меңгергенін тексеру:1. Оқушыларға оыту іштей, дауыстап, тізбектей.2. Сұрақ-жауап:1. Өлеңдегі туған тіл деген тіркестін орнына қазақ тілі деген сөзді қойып, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқы 2. Бөлім қалай аталады?
ҮІ.Бекіту кезеңі Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру: 1.83 бет жаттау. 2. Бағалау
№47. Тақырыбы Туған өлкем.
Мақсаты:Туған өлкем өлеңін оқып түсндру. Туған өлкенің көркін ұғындыра білу.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу.Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Менің Қазқстаным атты буклет..
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Отан туралы тақпақты жатқа сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.
Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінік, ә/ өлеңді , тақырыпты мәнерлеп оқу, б/сұрақтарға жауап алу, в/сөздік жұмыс жүргізу, г/ Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу . г/ Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Туған жердң гүлі де, күні де дейді?Туған өлке тағы нелерімен көрікті?
ҮІІ .Қорыту:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.Туған жер – алтын бесік.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Туған өлкем жаттау. 2. Бағалау.
№48. Тақырыбы: Мазмұндама.
Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Мазмұндамалар жинағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру.Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.« » оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.
ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.
ІҮ. Сабақты аяқтау.1.Оқушы жұмыстарын жинап алу. 2.Бағалау.
№49-50. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арталған тест
Сабақтың мақсаты: 1. «Неткен сұлу, неткен көркем.Осы менің туған өлкем» бөліміндегі пысықтау, қайталау, білімін тексеру. 2. ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылықтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Әдіс-тәсілі: тест
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық
ІІ.Мақсатын қою кезеңі:Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.Бекіту кезеңі
Тест сұрақтары
1.«Ыстық қой шіркін туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келт-н?
А)М.Мақатаевтың Б)Ж.Смақовтың
Ә)Ж.Смақов Отан В) С.Жүнісовтың
2. «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі түтіннің иісі» деген жолдар кездесетін мәтінді ата.
А)М.Мақатаев Отан туралы Б)Ж.Аймаутов Қартқожаның туған жері
Ә)Ж.Смақов Отан В) Ө.Тұрманжанов.Туған өлкем
3.Ж.Смақовтың өлеңі қалай аяқталады;Өйткені ол-Отан....
А)Ұлы Отан Б)Сол Отан
Ә)Жан Отан В) Бұл Отан
4.С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтітін есіңе түсір.Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені?
А)құмырсқаның Б)Тышқанның
Ә)құрбақаның В) жауынқұрттың
5. «Кімнің мекені жақсы» мәтініндегі.Өзі жайлы,өзі биік, өзі жұмсақ» ненің мекені?
6. «Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке» ненің мекені?
А)Көкқұтанның Б)тышқанның
Ә)Құмырсқаның В) құрбақаның
7.Бөлімдегі М.Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады?
Отан,Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке.....
А)Ұнатамын Б)Сүйіп өтем
Ә)Мақтан етемін В) Жырлап өтем
8.Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?
А)М.Мақатаевтың Б)Ө.Тұрманжановтың
Ә)Ж.Смақовтың В) К.Ахметовтың
9.Астанға жыр арнаған ақынды ата
А)М.Мақатаев Б)К.Ахметов
Ә)Ж.Смақов В) Ө.Тұрманжанов
10.Ө.Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады;
Неткен сұлу, неткен көркем
А)Көгінде күн нұрын төккен
Ә)Жерінде гүл жұпар сепкен
Б)Ел еркіндей бақыт тапқан
В)Осы менің туған өлкем
ІІІ.Жұмыстарын жинау,бағалау
ІҮ.Сабақты қорытындылау
№51. Міржақып Дулатов. Қыс
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыра отырып, жаңа сабақты меңгерту2. Оқушылардың ойлауын, сөздік қорларын дамыту 3.табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барасы:І .Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді сұрау:Оқушылардың алған білімдерін қайталай отырып өткен сабақты еск түсіру
ІІІ. Жаңа сабақ:Сөзжұмбақ шештірту1. Қыс айының екінші айы? Қаңтар. 2. Шай ішетін ыдыс? Шыны. 3. Төрт түлік малдың бірі? Сиыр. Жауабы: Қыс
Ал, балалар қандай сөз шықты?Дұрыс айтасыңдар олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Қыс» екен.Балалар, қыс қандай мезгіл? Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар? Қыс айларын атаңдар?
ІҮ. Кітаппен жұмыс:«Қыс» мәтінің тізбектей оқыту.Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізу
Ү. Суретпен жұмыс:1. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген оны қайдан байқадың? 2. Адамдар суықтан қалай қорғанады? 3. Сен қыста қалай киінесің?
ҮІ. Сөздік жұмыс:Бапсыз – жайсыз ,Қрыған – үсіген
ҮІІ. БекітуҚыс мезгілі тағы тағы нелерге жайсыз тиеді?Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген? Бағалау
№52. Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты
Сабақтың мақсаты: 1 М.Жұмабаевтың өмірбаянымен таныстыру.2. Оқушылардың ойлауын, сөздік қорларын дамыту. 3. Экологиялық тәрбие беру
Көрнекілігі: Жұмабаевтың портреті, мазмұнды суреттер
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барасы:І Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу
ІІ. Өткенді сұрау:Қыс әңгімесін мәнерлеп оқыту
ІІІ, Мақсат қою
ІҮ.Жаңа сабақ:Сызбаны пайдаланып М.Жұбабаев туралы әңгімелеу.м.Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысында туған.Ол ақын жазушы педагог 2.Әңгімені оқып беру, түсіндіру
ІҮ. Кітаппен жұмыс:Дәптермен жұмыс
Ү. Суретпен жұмыс
ҮІ. Сергіту сәті:Сабақты қорыту.Балапан неге жылы жаққа кете алмаған .Балапанның хәлі сенде қандай көңіл күй туғызды.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Бағалау.
№53. Тақырыбы: Ақша қар. Қайсар.Құрманбай Толыбаев
Мақсаты: Зейнолла Шүкіровтың Ақша қар өлеңін оқып түсіндіру.Қайсар мәтінін оқып мазмұнын ашу .Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Ақша қар. Қайсар.
ІІІ. Жаңа сабақ.а/ автор туралы түсінікә/ ақша қар өлеңін оқып түсіндіру.Тақырыптарды оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке. Сергіту сәті.
ІҮ.Түсінгендерін тексеру.Өлеңде не суреттелген?Ақын бірінші шумақта ақша қарды нелерге теңейді?Қар жауғанға дейін дала қандай еді?Қар жауғаннан кейін қандай болды?Аязға төтеп беретін не екен?Сен тұрған жерде қандай ағаштар өседі?
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. оқу мазмұны. 2. бағалау.
№54. Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту 2. оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. оқушыларды батыл, батыр болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап
Көрнекілік: Қайраттың портреті
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Өткен сабақ бойынша қайталау жұмысын қорыту
ІІІ. Жаңа сабақ Қайрат Рысқұлбеков туралы айтып беру.Қайрат Рысқұлбеков – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ. Оқушыларға мәтінді оқып, түсіндіру, тізбектете оқыту.1. Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? 2. Қайрат Рысқұлбековтың асыл міндеттеп отырғанын не деп ойлайсың? 3. Қайрат Рысқұлбековты сипаттап бер?«Он алтыншы желтоқсан» бұл қандай мереке күні?
ІҮ. Қортыту.Алған білімдерін қайталап отырып, қорыту
Ү. Бағалау
№55. Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов «Қазақстан»
Сабақтың мақсаты: 1.Қ.Аманжолавтың «Қазақстан» өлеңінің мазмұнын таныстыру, түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру 2. Білімін, ой-өрісін сөйлеу тілін дамыту 3.Елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру1. Он алтыншы желтоқсан – оқыту.
ІІІ Білімдерін тексеру кезеңі :1. Сұрақ-жауап:- Он алтыншы желтоқсан қандай мереке? - Қ.Рысқұлбеков кім?- Ол туралы басқа не білесің?2. Қорытындылау
ІҮ. Мақсат қою.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.Қ.Аманжолов «Қазақстан»
Ү. Жаңа білімді түсіндіру:1. Қ.Аманжолов туралы мағлұмат беріп өту2. «Қазақстан» - оқып, талдау. 3. Сергіту сәті
ҮІ. Жаңа білімді меңгертіп, тексеру:1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей
2. Сөздікпен жұмыс. 3. Сұрақтарға жауап алу: «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады? Ақын неге қуанып, неге шаттанады?Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы .4. Тапсырманы орындау
ҮІІ Бекіту кезеңі.Қорытындылау
ҮІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:1.97-98 беттерді мәнерлеп оқу. 2.Бағалау
№56. Шығарма. Менің отбасым
Сабақтың мақсаты: 1. «Менің отбасым» тақырыбына шығарма жазу.2. Жазбаша түрде оқушылардың тіл байлығын және сөздік қорларын дамыту. 3. Оқушыларды таза сауатты, әдемі жазуға төселдіру
Сабақтың түрі; пысықтау
Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақ:Кіріспе әңгіме жүргізу:Отбасына кімдер жатады?Ата-анана қандай қамқорлық жасайсың?«Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?Дәптермен жұмыс.
ІІІ.Сабақты қорыту: Бағалау
№57. Түйе мен тышқан. (моңғол ертегісі)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен танытыра отырып, ертегі мазмұнымен таныстырып түсіндіру2. оқушылардың ой-өрісін есте сақтау қабілеттерін дамыту.3. Сабырлыққа, зеректікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап
Көрнекілік: жыл басының суретері
Сабақтың барысы:І .Ұйымдастыру кезең.Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Қазақстан өлеңін мәнерлете оқыту
ІІ. Жаңа сабақ: Балалар, бүгін біз сендермен Жыл басы неге тышқан болғанын білеміз. Яғни «Түйе мен тышқан» ертегісін өтеміз. Кім маған Жыл басын атап береді?Оқулықпен жұмыс.Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, тізбектете оқытуБұл ертегіде қай жануардың ісі дұрыс екен? Сонымен Түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба?
ІІІ.Суретпен жұмыс:Суретке зер салып Жыл атарын не артық екенін айтып бер?Қанша жыл басы бар екен?
ІҮ.Кел ойнайық:«Балық» ойынын ойнайық. Балықтың денесіне қазақтың жыл атуын ретімен жазып шық.Қане, кім жылдам екен?Бойына сенбе, ... сен - аяқта.
ҮІ .Қорыту
ҮІІ. Бағалау
№58. Шырша жыры
Мақсаты: 1. Оқушыларды «Шырша жыры» өлеңімен таныстыру, мәнерлеп, әуенімен айтуға жаттықтыру 2. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту.3.Адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |