Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет3/24
Дата11.01.2017
өлшемі6,54 Mb.
#7319
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ІҮ Мақсат қою кезеңі: Дауыссыз б мен п әріптерінің емлесі

Ү. Жаңа білімді меңгерту.

  • Күн ретін жазу.

  • Көркем жазу: Фф Фф Фф. Фабрика.

  • П дыбысына аяқталған сөздени кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады: Мысалы: кітап-кітабы, талап-талабы

  • Ережені меңгерту . Хормен оқу.

  • Оқулықпен жұмыс.

131 – жаттығу қарамен жазылған сөздер неліктен өзгерді деп ойлайсың?

Мен кітпханадан кітап алып оқимын. Алған кітабымды таза ұстаймын. Бүгін әкем маған доп сыйлады. Менің добым өте әдемі.



Тақтамен жұмыс: 132 жаттығу.

Берілген сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қосып жазып, п-ның өзгеру себебін түсіндір.

Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, топ, шөп, талап, көп

ҮІІ Түсінгендерін тексеру.

Топпен жұмыс п, б сөздеріне әріп жалғап жазу

134-жаттығу , дәлелдеу.

ҮІІ.Бекіту: Ойын «Көп ойла, тез ойла»

ҮІІІ Үйге тапсырма: 135-жаттығу. Бағалау.

Күні: 09.10.15

Класы: 2

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Диктант «Егін жинау» ( 31сөз)

Мақсаты:

Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру,сауатты , көркем жазуға баулу, ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Диктанттар жинағы

Әдісі: бақылау

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу

  • Түгелдеу

  • Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Диктант.

ІІІ. Білімдерін тексеру.

  • Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

  • Сөйлем неден,қалай басталады?

  • Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

  • Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?

  • Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

  • Ерекше сөздерді 3 рет қайталап оқиды.

  • Диктантты түгел жазып болған кейін мұғалім асықпай бір рет оқып шығады.

Тапсырманы орында:

  1. «Егін, өнім, жұмыс» сөздерін буынға бөл.

  2. Соңғы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

ІҮ.Бекіту:

Егін, өнім, жұмыс сөздерге дыбыстық талдау жасау

Е - дауысты, жіңішке

г – дауыссыз, ұяң

і – дауысты,жіңішке

н - дауыссыз, үнді



Бағалау.


Күні: 12. 10 15ж

Класы: 2

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Қатемен жұмыс. Дауыссыз Қ мен Ғ

Мақсаты: Диктантты талдау. Оқушылардың жазған диктанттарын талдау. Қатемен жұмыс жүргізу. Дауыссыз қ мен ғ туралы түсінік беру, жаттығулар орындау. Сауатын , білімін дамыту. Ұқыпты , таза жазуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: суреттер, әріп, оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу

  • Түгелдеу

  • Сабаққа назар аударту

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Қатемен жұмыс. Дауыссыз Қ мен Ғ

ІІІ. Білімдерін тексеру:

  • өткенді еске түсіру,

  • ережелерді еске түсіру,

  • дәптерлерін тарату.

Тақтамен жұмыс.

Оқушыларға жіберген қателерін талдату., тақтаға жазу.

Тақтаға қиын сөздерді жазғызу. ( Диктанттар жинағынан жаттығулар орындау)

ІҮ. Білімдерін тексеру.


  • Қар – сөзіне дыбыстық талдау жасау.




  • 97 - жаттығу сөздерді оқу, есте сақтау,

Қазына, қақпан, моншақ

Ғарышкер, ғибарат, ғасыр, табиғат

Қ ғ


  • Қ,Ғ дыбыстары туралы не білетінін анықтау.

Ү.Жаңа білімді меңгерту.

  • Қ дыбысы сөздің барлық буындарында, ғ дыбысы сөз соңында келмейді.

  • Ғ-ұяң, қ –қатаң.

  • Ережені меңгерту.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру.

Оқулықпен жұмыс.

98 –жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазу.

99-жаттығу. Сөздерге ы, і дыбыстарының тиістісін қосып, үлгі бойыншаа өзгертіп жазуү

Сабақ, ораақ, ұршық, жолақ, парақ.

Сабақ-сабағы..........

100- жаттығу.

Мақалды көшіріп жаз. Қ дыбысы ғ дыбысына айналған сөздерді тауып, оның себебін дәлелде.

Жаман аттан аяғым артық

Жаман жолдастан таяғым артыық.



ҮІІ.Бекіту.

Ребус шешу; ( Ғарышкер ) дыбыстық талдау жасау



ҮІІІ. Үйге тапсырма:

141-жаттығу.



Бағалау. Жетістігімен кемшілігін ескере отырып бағалау

Күні: 13. 10 15ж

Класы: 2

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Қ дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты, ы, і дыбыстары жалғанса, олардың ғ дыбысына айналуы

Мақсаты: Дауыссыз қ мен ғ әріптері туралы жаттығулар орындай отырып, тақырыпты пысықтау, Сауатын , білімін дамыту .Белсенділікке, ұқыптылыққа,шашаңдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: суреттер

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу, түгелдеу

  • Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Қ дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты, ы, і дыбыстары жалғанса, олардың ғ дыбысына айналуы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді:

  • 101- жаттығу

  • Мұғалімнің тексеруі

ІІІ. Білімді тексеру:

Көркем жазу .Әә Әә Әә . Әлия




Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ- ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ- ға айналады: атақ - атағы, бұршақ - бұршағы.


Жаттығулар орындау.

142-жаттығу ауызша талдау.



Өздігінен жұмыс: 143-жаттығу.

Тақтамен жұмыс: 145-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу, дәлелдеу.

Қарма...ы, бұйры..ы, құла...ы, ла..тар, бұла.., қайма...ы



Сергіту сәті

ІҮ. Бекіту:

146-жаттығу ребусты шешу, әңгіме құру .(үй тапсырмасына дайындық)



Ү. Үйге тапсырма. 146 –жаттығу «Қорықта» .

Бағалау: Жетістігі мен кемшілігін ескере отырып бағалау;


Күні: 15. 10 15ж

Класы: 2

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз К мен Г

Мақсаты: Дауыссыз к мен г туралы түсінік беру. Жаттығулар орындау.Ой-өрісін, сауатын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суретер, плакат.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың бары

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу, түгелдеу

  • Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

  • 146-жаттығу.

  • Оқушылардан сабақ сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру.

  • Дауыссыз дыбыстар,қатаң дауыссыз,үнді дауыссыз.

  • Мысалдар келтіру.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Дауыссыз к мен г

Ү. Жаңа сабақ.

К - үкі, түлкі, кеме, жүрек, көрік.

Г - шеңгел, үзеңгі сүргі.

Оқулықпен жұмыс.

108-жаттығу. Оқу, салыстыру, қатаң, ұяң талдау.

109-жаттығу. Оқу. Жұмбақты шешу. Шешуін табу.

Өрнектеп, сәндеп

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп

Кім көйлек тігетін ( Тігінщі )

І дыбысын қосып айту. Төсек-төсегі, бесік- бесігі .

Ережені меңгерту.

Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г ге айналады: Мысалы: Елек-елегі, кірпік-кірпігі.

Ү. Түсінгендерін тексеру.

110-жаттығу өзгертіп жаз. өрік-өрігі, белдік-білдігі.

111-жаттығу сөйлем құр.

112-жаттығу өзгеру себебін дәлелде.



ҮІІ Бекіту.

Үлестірмелер.Жеке оқушымен жұмыс.Сабақты қорыту.



ҮІІІ Үйге тапсырма.113 – жаттығу.Бағалау.

Күні: 16. 10 15ж

Класы: 2

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз к мен г

Мақсаты:

Дауссыз к мен г туралы тақырыпты тиянақтау. Жаттығулар орындау. Сауатын, білімін ,ойлау қабілетін дамыту.



Көрнекілігі: үлестірмелер.

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.

Типі: Қайталау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу, түгелдеу

  • Психологиялық тренинг « Жабырқауды білмиміз »

  • Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

  • 110-жаттығу

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІҮ.Білімдерін тексеру.

Оқулықпен жұмыс.114-жаттығу жатқа жаз, мәнін түсіндір.



Өздік жұмыс: 115-жаттығу, себебін түсіндір.

Көгінде, түлегі сөзінің мағынасын түсіндіру



Ауызша:

116-жаттығу суреттегі зат атауларын қатыстырып сөйлемдер құрастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет