Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


VI.Жаңа материалды пысықтау: 116-жаттығу



бет13/36
Дата30.04.2017
өлшемі5,25 Mb.
#15228
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36

VI.Жаңа материалды пысықтау: 116-жаттығу. 1Өлеңді түсініп оқыңдар.

Көкорайға қонғанда,

Қозылар ойнар дүркіреп.

Жаздың күні болғанда,

Жаңбыр жауар күркіреп. Шәкәрім.

2. Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар. Керекті сөздер: ойнақтайды, жауды.



VII.Бекіту кезеңі: Наурыз мерекесінің басқа меркелерден ерекшеліктерін паш ету.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Наурыз тойы өлеңін жаттау.
68 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Атаның ақ батасы.

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,

бекіту.ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Үлкенді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз тойы өлеңін жаттап келдік келдік пе№ - Кім дайын?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Жақсы, бәріміз өлеңді жаттап айтып бердік -Ендігі сұрақ сендерге мынадай -Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -мысал келтіреміз - бас әріптен жазылатын сөздер қандай сөздер кәне , кім айтады?

IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыптарды пысықтауда жаттығулар орындап, қаншалықты түсінгенімізді көрсетеміз

V. Жаңа сабақ :Оқулықпен жұмыс 117-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ұшақ ұшт.. . Кеме жүзд... . аю ақ...рды.Қорадағы мал үр... кті. 2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

1.Өлеңді түсініп оқыңдар. Бұл қай кезде болады? Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер

VI.Жаңа материалды пысықтау: 118-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар.Көктемде мал төлдейді.Жазда егін шығады.Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі.Қыста дала ақ қар жамылады. 2. Қара әріппен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. 119-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыңдар

Шертті дала сырларын,

Жамыраған жаз келді.

Қанатында тырнаның,

Қалықтаған саз келді.

VII.Бекіту кезеңі : Атаның ақ батасын жаттап алыңдар

Атаның ақ батасы

Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың қарындай

Бастарыңа бақ қонсын

Шаштарыңның санындай

Тыныш болсын даламыз

Түгел болсын нуымыз

Таза болсын ауамыз

Тұнық болсын суымыз О.Асқаров

Атаның ақ батасын таладап, тізбектей оқытып, мазмұнын ашу



VIII. Үйге тапсырма, бағалау: 120-жаттығу «Наурыз» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.
69 Сабақтың тақырыбы: №11 өзіндік жұмыс. Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, бекіту.ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрену, таза жазуға, түйінді сөздер жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II. Мақсат қою кезеңі: Балалар, бүгін біз сендермен №11 өзіндік жұмыс дәптерімізбен жұмыс жасаймыз. Өткен тақырыптардан алған білімізді тексереміз? Яғни сендердің сол тақырыптарды түсінгендеріңді көреміз? 1-нұсқа Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

2-нұсқа: көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін сөздерді жазыңдар

3-нұсқа: Сөздерге қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.

Ақ- Кең-


Жарық- 2. Не істеді? Не істейді?

Келді келеді



III.Бекіту кезеңі : Мазмұндама Жоспары

IV. Үйге тапсырма, бағалау : Өтілген тақырыптардың ережелерін, анықтамаларын қайталап келу.
70 Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.

Кел, балалар,оқылық! Мақал.

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралы

түсініктерін кеңейту.Ы.Алтынсарин туралы түсінік беру.ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілін, сөйлеу мәдениетін, жылдамдықтарын дамыту. б) таз, ұқыпты, қатесіз жазуға, өлеңді мәнерлеп оқуға, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер, Ы.Алтынсарин суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығынакөңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақтарды еске түсіру. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Сөз неден құралады? Сөйлем неден құралады?Дауысты дыбыстарды ата? Дауыссыз дыбыстарды ата? Алфавит дегеніміз не?қазақ алфавитінде неше әріп, неше таңба бар? Дауыстылар нешеге бөлінеді? жуан дауыстыларды ата? жіңішке дауыстыларды ата? Жұп дауыстыларды ата? Тасымал дегеніміз не? Заттың атын білдіретін сөздер Бас әріппен жазылатын сөздер

Заттың қимылын білдіретін сөздер



III . Жаңа сабақ:Ы.Алтынсарин 1841 ж дүниеге келіп 1889 ж. Қайтыс болған.Ол кісі қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, ең алғаш оқулық жазған.Балаларды оқуға шақырған.Оның көптеген өлеңдері бар.Соның бірі «Кел балалар, оқылық!» өлеңі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мағынасын түсіндіру.Оқушыларға мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап беру.Мақалды түсіндіру, жаттау.



IV.Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.

1. заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?Ы.Алтынсарин кім?Оның біз қандай өлеңімен таныстық.



V.Бекіту кезеңі «Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы сабақты бекіту.123-жаттығу,125-жаттығу (ауызша)

VI. Үйге тапсырма, бағалау 124-жаттығу.
71Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.Бала Шоқан.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсініктерін толықтыру.Шоқан Уалиханов туралы түсінік беру. ә) сана сезімін, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) адамгершілікке, ұқыптылыққа, таза жазуға, таза жүруге, үлкенді сылайға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, Ш.Уалихановтың суреті Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау : Кел, балалар, оқылық!- өлеңін жатқа сұрау.Ы.Алтынсарин туралы сұрау. 124-жаттығудың орындалуын тексеру

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен сабақтарды қайталау

IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыпты еске түсірейік сұрақтар қою.

V. Жаңа сабақ: Шоқан Уалиханов 1835 ж. Дүниеге келіп, 1865 ж. Қайтыс болған.Ол қазақ халқының әдебиетін, тарихын зерттеген.Осы Шоқан туралы С.Бегалиннің «Бала Шоқан» деген әңгімесімен танысамыз.Әңгімені оқып беру, түсіндіру, өздеріне оқыту Әңгіме соңындағы сұрақтарды қою арқылы түсінгендерін тексеру.Дәптермен жұмыс

126-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

127-жаттығу. Сөйлемдерді оқыту, көшіріп жаздыру.Қай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу.

VI.Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.

Қай ? сұрағына қандай сөздер жауап береді? Ш.Уалиханов кім?



VII.Бекіту кезеңі: «Қай қатар тез?»ойынын арқылы сабақты бекіту.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау::Бала Шоқан әңгімесін оқу. 128-жат
72. Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.Адам болам десеңіз

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Абай Құнанбайұлы туралы түсінік беру. Білімдерін толықтыру ә) Сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. б) өз ойын ашық айтуға, таза жазуға, тазалыққа, ұқыптылыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, А..Құнанбаев суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: Бала Шоқан әңгімесінен түсінгендерін сұрау.128-жаттығудың орындалуын тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:

V. Жаңа сабақ: Абай Құнанбайұлы 1845ж дүниеге келіп 1904 ж. Қайтыс болған.Абай қазақтың ұлы ақыны, данышпан, ұлй ойшыл.Ол балаларға арнап көптеген өлеңдер, әңгімелер, ертегілер жазған Абай Құнанбайұлының «Адам болам десеңіз» өлеңімен танысамыз.Өлеңді мәнерлеп оқып беру,мағынасын түсіндіру.Өздеріне мәнерлеп оқыту сұрақтарына жауап беру. 129-жаттығу Заттың сынын білдіретін сөздерді сөйлем соңына жазыңдар. Ашық күн.Көк аспан.Биік үй. Үлгі: Күн ашық. Диктант жаздыру

VI.Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту: Абай Құнанбайұлы кім? Бес дұшпанды ата? Бес асыл істерді ата

VII.Бекіту кезеңі Сұраққа жауап бер ойынын ойнату арқылы сабақты бекіту.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау 130-жаттығу

73.Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.Тарту



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Заттың сынын білдіретін сөздерді табу.Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу

Дамытушылық: Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Оқушыларды реттілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, А.Байтұрсынов суреті , өмірбаяны.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:130-жаттығу

- Қандай бала? Әдепті бала

- Қандай кітап Қызықты кітап

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

1.Абай кім?

2. Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

3. «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай атамыз қандай ақыл айтады?

4. «Бес дұшпанды» қалай тұсінесіңдер?

5. «Бес асыл іс» деген не?

6. Ата-анаң саған қандай ақыл айтады?

Бүгін А.Байтұрсыновтың « Тарту» атты өлеңімен танысамыз 1.Сұлу күн 2.И.Байзақовтың өлеңін оқимыз



IV. Мақсат қою кезеңі:А.Байтұрсынұлы туралы өмірбаянымен танысу

V. Жаңа сабақ:

Тарту өлеңін мәнерлеп оқуА.Байтұрсынұлы атамыз жақсылыққа жеткізетін не дейді?

131-жаттығу

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді.

132-жаттығу

1. Сөздерді оқыңдар.

2. Берілген үлгіге қарап, заттың атын білдіретін алдына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жазыңдар. Үлгі: Қызыл сиыр,



VI.Жаңа материалды пысықтау:

Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

А.Байтұрсынов кім?

Оның басқа қандай өлеңдерін білесің?



VII.Бекіту кезеңі:Тест сұрақтарын алу

VIII. Үйге тапсырма, бағалау: «Тарту » өлеңін жаттау

74 сабақ. Сабақтың тақырыбы: №12 өзіндік жұмыс.Өнерлі жігіт



Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Әбу Насыр әл Фараби туралы түсінік беру, әңгімемен таныстыру ә) Өздік жұмысын орындау арқылы оқушының ой-өрісін дамыту б) Оқушыларды өнер сүйгіштікке ,бірізділіккеадамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, әл-Фараби суреті, нақыл сөздер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?132-жаттығу.Оқушылардың дәптерлеріне жаттығудың орындалуын тексеру,шолу жасау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Абай Құнанбаевдеген кім?

- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Ахмет Байтұрсынов кім?Оның қандай өлеңімен таныстық?



IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар,бүгін біз сендермен «Өнерлі жігіт »әңгімесін және өз бетінше жұмыс жасаймыз.

V. Жаңа сабақ:-Бұрын соңды әл-Фараби деген кісіні естігендерің бар ма?Ол кім болған, білеміз ба?әл Фараби суретін көрсетіп таныстыру, «Өнерлі жігіт» әңгімесін оқып, түсіндіріп талдап беру.Оқушылардың оқулықпен жұмысы.Әңгімені тізбектей оқу.

VI.Жаңа материалды пысықтау:№12 өзіндік жұмыс Жұп дауыстылар1.Сөз ойлап жаз А-ә о-ө ү-ұ ы-іСан-сән тор Тол 2.Әріптердің тиістісін қойып жаз3.о,а,ә, ұ,і дыб-н қатыстырып, туыстықты білдіретін сөздер ойлап жаз.4. «Нағашы ата» тақырыбына әңгіме жаз

VII.Бекіту кезеңі:1.Фараби кім?2.Өнерлі жігіт қандайжақсылыққа жетеді?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:146-147 бетті мәнерлеп оқу.
75 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана.

Сабақтың мақсаты: а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы түсінік беру.ә) Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ой-өрісін дамыту. б) Домалақ ана өлеңін оқу,талдауарқылы ананы сүюге ,құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:үйректің суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген «Өнерлі жігіт» әңгімесі туралы кім не айтады?-Өнерлі жігіт деген қандай жігіт?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-«Өнерлі жігіт» әңгімесін пысықтап, талдау.- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер?

Бір, екі, үш бұлар нені білдіреді?-сандыМысал келтірейікші.Алмас театрға екі билет сатып алды.



V. Жаңа сабақ:133-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыпжазыңдар.Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.134-жаттығу Сөйлемдерді оқып шығып, көшіріп жазыңдар2. нешінші деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.135-жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау136-жаттығу Сандарды сөзбен жазу.

ЕРЕЖЕНІ жаттау«Домалақ ана» Автор Т.Молдағалиев туралы түсінік беру



VI.Жаңа материалды пысықтау:137-жаттығу сұрақ-жауап ұйымдастыру

VII.Бекіту кезеңі:-сан есім дегеніміз не?-Қанша?Неше?Нешінші сұрақтарына жауап беретін сөздерге мысал келтіру.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:138-жаттығу
76 сабақ.Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Үш би. Мақал

Сабақтың мақсаты: а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы Білімдерін пысықтау.Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру. ә) Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын , есте сақтау қабілет б) Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:үш би суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген «Домалақ ана» өлеңі туралы кім не айтады?Үйге берілген тапсырманы 138-жаттығуды пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-«Домалақ ана» өлеңін пысықтап оқыту- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер?Мысал келтірейік.Бүгін біз сендермен Үш би.Мақалмен танысамыз.

V. Жаңа сабақ:Қазақтың үш биі туралы не айтамыз?Үш би Н.Оразалиннің өлеңін оқуъ

Мақал жаттаймызСанамақ айтамыз.«Жеті жұлдыз» өлеңін оқимыз.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би суреттерін көрсете отырып билердің нақыл сөздерімен таныстыру.2.Үш би өлеңін оқып талдау.Төле би-Қазыбек би-Әйтеке би



VI.Жаңа материалды пысықтау:Мақал

Шешен сөз бастар

Батыр қол бастар

а)Шешен деп кімді айтамыз?

Батыр деп кімді айтамыз

VII.Бекіту кезеңі:139-жаттығу 1. Санамақты оқыңдар.Неше?сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.2Неше сұрағына жауап беретін сөздерді атаңдар?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Үш би өлеңін жаттау.
77сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Махамбеттің тапқырлығы

Сабақтың мақсаты: а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы білімдерін пысықтау.Қазақтың батырлары, оның ішінде Махамбет туралы мағлұмат беру.

ә) Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын , есте сақтау қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру.б) Оқушыларды ұқыптылыққа, бірізділікке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Махамбет суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген тапсырманы пысықтап, ережені қайталап, еске түсіру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Үш би туралы не білеміз?

Ережені еске түсіріп, мысалдар келтірейік.



IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі өтетініміз «Махамбеттің тапқырлығы - Кім айтады,Махамбет кім?

V. Жаңа сабақ:1.мәтінді оқу. Мақал жаттаймыз Мереке күндермен танысамыз.

VI.Жаңа материалды пысықтау:153-154 бет Мәтінді түсініп оқуМахамбеттің тапқырлығы 1. Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді? 2.Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті? 3.Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады? 4.Тергеуші неге қайтып кетті?

ә) мақалСөз сүйектен өтеді.141-жаттығу 1. Мереке күндерін еске сақтаңдар. Қызылмен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер мен ай аттарын білдіретін сөздерді жазыңдар.



VII.Бекіту кезеңі:Оқушыларға жалпылама сұрақ қою.Мереке күндерін атату. Наурыз мерекесі қашан?Ол қашан тойланады?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Махамбеттің тапқырлығы оқу, әңгімелеу.
78сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Абылай хан.Мақалдар.

Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздер туралы білімдерін қалыптастыру.Қазақтың батыр ханы Абылай туралы мағлұмат беру. ә) Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын , есте сақтау қабілетін дамыту. б) Оқушыларды батылдыққа, өжеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Абылай хан суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:141-жаттығу.Мереке күндері.Махамбеттің тапқырлығы

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Бүгін қазақтың батыр ханы, қолбасшысы Абылай туралы өтеміз.

IV. Мақсат қою кезеңі:1. Абылай хан туралы айту2. Мақалдар жаттау.Үш қозы өлеңін оқу

V. Жаңа сабақ:1. Абылай хану туралы мәтінді оқуп түсіндіру.Абылай хан туралы сутерін көрсете отырып түсінік беру.Мақалдар: 1. Жер таусыз болмайды , Халық хансыз болмайды2.Ханда қырық кісінің ақылы бар3.Мақалды талдау.4.42-жаттығуСөйлемдерді оқыңдар.Үш қозы

Біріншісі-қызыл

Екіншісі-қоңыр

Үшіншісі ақ бұйра

Бәрі маған үйір

Заттың санын , сынын білдіретін сөздерді тауып жазыңдар.Сергіту сәті



VI.Жаңа материалды пысықтау:143-жаттығуМақалды көшіріп жазыңдарҚанша?неше? сұрақтарына жауап беретін сөздермен байланысты айтылған сөздерді атаңдар.

VII.Бекіту кезеңі:-Абылайхан кім?Тағы қандай хандарды білесің?Хан туралы қандай мақалдар білесіңдер?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау: 144-жаттығу
79сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Қазақ батырлары. Ер қаруы-бес қару. Мақал..

Сабақтың мақсаты:а) Заттың санын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау. Қазақтың батырлары туралы мағлұмат беру.ә) Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың тіл байлығын дамыту. б) Оқушыларды батылдыққа, өжеттілікке, елін-жерін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:қазақ батырлары суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:144-жаттығуды тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Ережелерді еске түсіру, мысалдар келтіру.

IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі өтетініміз қазақ батырлары Бұқар жырау

V. Жаңа сабақ:-Қандай қазақ батырларын білесіңдер?2. Ер қаруы- бес қару.Мақал.жаттығулар орындау.Өлеңді мәнерлеп оқып түсіндіру.Қазақ батырлары.Бұқар жырауҚазақ батырларының аттарын жазып алыңдар.Ер қаруы –бес қару.Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар4.мақал

VI.Жаңа материалды пысықтау:145-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар146-жаттығу Көп нүктенің орнына қарап мәндес сөздер тауып жазыңдар.Оларға сұрақ қой


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет