IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгін біз үй жануарлары туралы «Күшік пен мысық» ертегісімен таныс боламыз.
V. Жаңа сабақ:Мысық пен күшіктің суреттерін көрсету, таныстыру.Мысық пен күшік үй жануарларына жатады.Оларды адамдар асырайды.мысық тышқан аулайды.Ал күшік үй күзетеді.Күшік пен мысық ертегісін түсініп оқып беру.Мазмұнын әңгімелеп беру.Ертегіні кезекпен оқу.Оқушыларды ешқашан да мақтаншақ болмауға үндеу. Мақтаншақтықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсіндіру.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Күшік пен мысық қайда өмір сүреді?Ертегі не туралы?Күшік қасқырды қалай мақтады?Мысық күшікке қандай мінездеме берді.Мақтаншақтықтың неге әкеліп соқтырды?Ертегіден біз нені ұқтық?
VII.Бекіту кезеңі:Ертегіні рөлге бөліп оқу
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.
№ 112 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ақымақ қасқыр
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ертегіні таныстыру .жыртқыш ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , есте сақтауларын дамыту.Сөздік қорларын молайту б) тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:«Күшік пен мысық» ертегісі бойынша түсінгендерін сұрау.Рөлге бөліп ойнау.Салған суреттерін бағалау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Қойлар мен қасқырлар» ойынын ойнату арқылы білімдерін пысықтау.
ІV. Мақсат қою кезеңі:Бүгін біз «Ақымақ қасқыр» ертегісімен таныс боламыз.
V. Жаңа сабақ:Қасқыр мен қойдың, ешкінің суреттерін көрсету, таныстыру.Қасқыр-жырқыш аң.Ол орманда далада тіршілік етеді.Ол малдармен етпен қоектенеді.Қой мен ешкіні төрт түлік малға жатады.Оларды адамдар бағып, өсіреді.«Ақымақ қасқыр» ертегісін мәнерлеп оқып беру, мазмұнын түсіндіру.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Ертегіні кезекпен оқытуЕртегі не туралы?Қой мен ешкі қасқырдан қалай құтылды?Ертегіден біз нені үйрендік?
VII.Бекіту кезеңі:Ертегіні рөлге бөліп оқу
VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.
№113 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Зеректік.Мақал-мәтелдер.Жұмбақ.
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды әңгімемен таныстыру.Мақал-мәтелдер, жұмбақ
жаттату. ә)Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Оқу жылдамдықтарын дамыту. б) Зеректікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:«Ақымақ қасқыр» ертегісінің мазмұнын сұрау.
Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру, бағалау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Кім тапқыр» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгін біз ел азынан келе жатқан «Зеректік» әңгімесімен таныс боламыз.Мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттаймыз.
V. Жаңа сабақ:Жолаушы, жоқшы, түйе туралы түсінік беру.Түйе- төрт түліктің бірі.Жолаушы-жол жүріп келе жатқан адам.Жоқшы-жоғалған малын (затын) іздеп жүрген адам.Әңгімеші түсініп оқып беру, мазмұнын әңгімелеп беру.Әңгімені өздеріне кезекпен оқыту.Мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жаздыру, мағынасын түсіндіру.Мақал-мәтелдер мен әңгіменің арасындағы байланысты айту, түсіндіру.Жұмбақты оқыту, жауабын тапқызу, көшіріп жазғызу.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Әңгіме не туралы?Әңгіме неліктен «Зеректік » деп аталады?Жоғалған түйенің қандай белгілері бареді?Түйені қалай тапты?Әңгімеден нені үйренуге болады?
VII.Бекіту кезеңі:Әңгімені оқу,мазмұндау.Әңгіме бойынша сурет салу.Мақал-мәтелдерді, жұмбақты жаттау
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
Математика 1-сынып
1.Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау.(3 бет)
Сабақтың мақсаты: Математика оқулығымен таныстыру.Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға үйрету. Ұқыптылққа бейімдеу.Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: 1.Математика оқулығымен таныстыру. 2.Заттар туралы мағлұмат беру.
Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Сандарды тиісті ретпен орналастыру. 2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10
Ү.Сабақты қорытындалау: Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік? Нені санадық?
ҮІ. Бекіту. ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау
2. Сабақтың тақырыбы: Заттарды әр түрлі белгілері бойынша салыстыру.(4 бет)
Мақсаты: а) Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру арқылы, олардың түстерінің, пішіндерінің бірдей немесе әртүрлі болатынын анықтай білуге үйрету. ә) заттарды салыстыру арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Б) Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу
Көрнекілігі: Суреттер.
Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.
ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.
Заттарды санату.Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.
ІҮ. Жаңа сабақ. - Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру.
Оқулықпен жұмыс: Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?
Суретте неше шаршы, неше шар бар?
Салыстыру
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау
Сергіту сәті
Ү. Жаңа білімді бекіту.
Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.
Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..
ҮІІ.Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау.
3.Сабақтың тақырыбы: Заттарды салыстыру (5 бет)
Мақсаты: Заттарды салыстыра отырып, ұзын-қысқа, биік- аласа, қалың жұқа, сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру. Адамгершілік тәрбие беру. Танымдылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер.
Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту. а) Заттарды әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру.ә) Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы терминдерін енгізу. б) Түстері, пішінін салыстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
а )Сымның жіптің қиындыларын, қағаз жолақтарды салыстыру. ә) Кітап пен дәптер қалыңдығын салыстыру. Екі оқушыны қатап тұрғызып, биік- аласа, сөзінің мән-мағынасын түсіндіру. Қарама-қарсы сөз тіркесін ажыратып, тани білу. Ұзын-қысқа. Қалың- жұқа т.б Биік-аласа
ІҮ Оқулықпен жұмыс: 1-сурет. Ұзын-қысқа, бірдей. 2-сурет. Биік-аласа
3- сурет. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалануға үйрету.
Сергіту сәті.
Бір, екі ,үш төрт те бес, Алты, жеті сегіз, тоғыз, он
Қайта сана көп те емес, Өлше , есепте санап жөн.
ІҮ. жаңа білімді бекіту.
Дидактикалық ойын арқылы сөз тіркестерін қолдану.
Қысқа-... аласа-... жұқа-...
Ұзын-... биік-... қалың---...
Ү. Дәптермен жұмыс
5-6 тапсырма. -- --
ІҮ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз заттарды салыстырдық
4. (6 бет) Сабақ тақырыбы: Ұзындықты өлшеу
Сабақ мақсаты: а) заттың ұзындығын өлшеудің әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.
ә) Оқушылардың өлшеу, байқау қабілеттерін арттыру. б) Дұрыс тыңдауға, тапсырманы ұқыпты орындауға баулу.
Көрнекіліктер: жолақшалар, сызғыш, қарындаштар
Сабақ әдісі: көрнекіліктер, түсіндіру, практикалық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды жаңа математика сабағына даярлау. Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге берілген тапсырманы тексеру; 10-ға дейін өсу және кему ретімен санап келу.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
А) Ұзындықты өлшеудің қажеттілігі заттың ұзындығын салыстырудан туындайтынын түсіндіру. ә) Нақты заттарды алып көз мөлшерімен өлшеу.
Сергіту сәті
ІҮ. Мақсат қою
Ү. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс А) жоғарғы суреттегі заттардың ұзындықтары беттесу арқылы салыстырылады. Нәтижесін оқушыға айтқызу. Б) сызғыштың ұзындығы көзмөлшермен салыстырылады. В) жасыл қоршаудағы ағаштардың суреті бойынша уақыт өлшенеді.(түске дейін, шаңқай түс, түстен кейін)
ҮІ. Қорытынды Сұрақтар қойып жауап алу. ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау
5.Сабақтың тақырыбы: Заттар топтарын салыстыру (7 бет)
Сабақтың мақсаты: 1. Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру.
2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Сәйкес нәтижені білдіретін сөздерді енгізу мән- мағынасын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу. Зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Білімді бекіту. 1. Салыстыру (беттестіріп.) 2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау) 3. Сызғыштың көмегімен анықтау.
ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.
Ү. Жаңа білімді бекіту. а) Шахмат тастары. Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)
ә) Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша. б) 0-4---5 1-уі кем,немесе 1-уі артық Ұшақ-(5 ) қанша болса,асық сонша.(5)
Тікұшақ қанша болса, машина сонша.(4) Дәптермен жұмыс:
Сабақты қортындылау:
Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық?
6. Сабақтың тақырыбы: Заттардың орнын анықтау.8 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау. ә) Оқушыны алды –артында және онымен қатар отырған оқушылардың есімін атату.
б) Оқулықпен жұмыс: 1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.) 2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу. 3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау. б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.
в) Дәптермен жұмыс.
Ү. Білімді бекіту: г) Орналасу кеңістігін анықтау. Оқушы туралы өлең жаттау
Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық, қолдану тәртібін білдік.
7. Сабақтың тақырыбы: Уақыт туралы түсінік беру. 9 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Уақыт аралығы жайында түсіндіру .2. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Адамгершілік тәрбие беру. 3. Сана сезімін оята отырып, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
1. Жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау. 2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу. 3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.
ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сурет бойынша әңгіме құрату.
Мен таңертең төсектен тұрамын. Төсегімді жинаймын.Содан кейін беті-қолымды жуамын.Ертеңгі асымды ішемін.Содан соң мектепке барамын. Сабақтан келген соң түскі тамағымды ішемін. Түстен кейін алдымен мамама үй жинауға көмектесемін.Біраздан соң сабағыма дайындаламын.Кешке қарай біраз ойнаймын. Кешкі тамағымды ішіп, жуынып, ұйықтаймын.
ә) Адамдардың күндізгі, түнгі жұмыс істеу уақыты туралы түсінік беру.
Ү. Білімді бекіту
а)-Көктемде тұқым себуге дайыдайтынын бәріміз білеміз. Күн жылына бастаған кезде қарбыз тұқымын септік.(әрі қарай оқушылар жалғастырады). 1.Себілген тұқым өнеді. 2. Содан кейін көгере бастайды. 3. Содан кейін гүлдеп түйін тастайды. 4. Одан кейін біртіндеп үлкейеді, жазда толысады. 5. Күзде піседі, жетіліп піскен қарбыз жиналады.
ә) 3 сурет. Құлпынай көктеп жапырағы қаулаған сәт.
Құлпынай гүл шашты. Құлпынай түйін салды.
б) Дәптермен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен уақыт аралығы жайлы мағлұмат алдық.
8. Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші? 10 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру. 2. Ұқыптылыққа баулу,адамгершілік тәрбие беру. 3. Санның реттік мәнімен таныстыру.нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Балаларды қатарға тұрғызып, 1-ші болып келе жатқан кім? 2-ші болып келе жатқан кім? Одан кейінгі кім? 3-ші, 4-ші кім? Барлығы қанша бала?
Ү. Оқулықпен жұмыс:
1-сурет. -Балалардың қайсысы бірінші болып келе жатыр? -Одан кейінгі екінші болып келе жатқан кім? - Ең соңында кім келе жатыр? 2-сурет. 1 Алма ағашы қайтті? Одан кейін....? Күзде ше? Қыста алма ағашының жапырақтары түгел түсіп қалды? 3-сурет. Ең алғаш рет балалар мектепке келді? Автобустың қай есігінен мінеміз? (артқы)
4-сурет. Сол жақта бірінші болып қандай үй тұр? т.б.
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту. 1. Санауға жаттығу. 2. Қанша? нешінші? деген сұрақтарды салыстыру. 3. Дәптермен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен реттік қатынас туралы білдік.
9.Сабақтың тақырыбы: Біріктіру және бөліп алу. 11 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың біріктіру және бөліп алу туралы білімдерін анықтау.
2. Сурет бойынша жұмыс жасау арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы тексере отырып , өткен сабаққа шолу жасау.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру. Бүгінгі өткелі отырған сабағымыздың тақырыбы: Біріктіру және бөліп алу деп аталады. А) заттарды бір-біріне біріктіруге болады. Ә) Затты бөліп алуға болады.
ІҮ. Жаңа сабақ
А) Балалар, оқулықтағы сурет бойынша бір-біріне жақындату.біріктіру ә) Енді 2 топқа жіктейміз 2,3 б) Жоғарыдағы сурет біріктіру, ажырату В) Ортаңғы сурет бойынша біріктіру және ажырату бірдей қарастыру.
Сергіту сәті Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша жұмыс
Ү. Бекіту. Бүгін біз нені үйрендік? ҮІ. Сабақты қорыту.
ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау
10.Сабақтың тақырыбы: Сызықтар. 12 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Сызықтың түрлерімен таныстыру, қисық тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар.2. Ұқыптылыққа баулу,ой-өрісін, сана –сезімін дамыту.
3. Сызықтың түрлерін танып білу.
Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған сызықтар.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Біріктіру және бөліп алу.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Жаңа материалды түсіндіру, сызықтардың түрлерімен таныстыру.
Бұлар –түзу сызықтар
Бұл қисық сызықтар.
Ү. Білімді тиянақтау және бекіту. а) Оқулықпен жұмыс. 1. Қоршаған ортадан алынған мысалдар арқылы сызықтың түрлерін анықтау. 2. Сызықты түрлеріне қарай топтау және жіктеу немесе бөліп алу.
ә) Дәптермен жұмыс.
0 0 0 1 1 1
Қандай сызық? Қандай сызық?
Қандай сызық? Қандай сызық?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен сызықтың түрлерімен таныстық.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау
11. Сабақтың тақырыбы: Нүкте, сәуле, бұрыш.13 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Геометриялық фигуралар:нүкте, сәуле, бұрыш ұғымымен таныстыру. 2. Эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған сызықтар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Өткен сабақты еске түсіру: 1. Түзу сызық. 2. Қисық сызықтарды көрсетіңдер. (тақтаға сызып) 3. Геометриялық фигуралардан сызық түрлерін ажыратып, тауып айту.
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:
а) Жаңа материалды көрсете отырып түсіндіру.
......
...... ________ ______
Нүктелер Сәулелер бұрыштар.
Нүкте-қарындаш пен қаламның қағаз бетіне қалдыратын ізі.
Сәуле-бір шетін қолға ұстап тұрып ары қарай соза беруге болады.
Бұрышты әр түрлі құралдар немесе қағазды бүктеп көрсетемін.
Сергіту сәті Ү. Білімді тиянақтау және бекіту
ә) Оқулықпен жұмыс. 1. 1-сурет бойынша нүкте, сәуле, бұрыш терминдері енгізіледі.
2. Кеңістіктегі орны бойынша нүкте, сәуле, бұрышты анықтау. 3. Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырата білу.
4. Бір нүкте арқылы бірнеше түзу жүргізуге болатындығын аңғарту. ә) Дәптермен жұмыс.
Үлгі бойынша жазып үйрену. ___ ___ ___ ___
== == == == == ==
ҮІ.Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік? Біз сендермен сызықтың түрлерімен таныстық
ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау
12. Сабақтың тақырыбы: Кесінді және оны сызу. 14 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Геометриялық фигура- кесінді туралы түсінік беру және оны басқа фигуралардан ажырата білу. 2. Эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру. 3. Геометриялық фигуралар туралы білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған кесінді. Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: 1. Нүкте деген не?. 2. Сәуле туралы не білеміз?
3. Бұрыштарды көрсет.
Достарыңызбен бөлісу: |