Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет7/35
Дата05.11.2016
өлшемі4,8 Mb.
#672
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.Өтілген тақырыптар мәтіндер бойынша сұрақтар қойып «Кім жылдам » ойыны арқылы білімдерін пысықтау.

ІІІ. Білімді тексеру. ИУ әріптерінің орынына қай әріп жазылады? Ю Айдаһар, қаһарман сөздерінің жазылуына мән беріңдер. Сөздік диктант алу Ою, қою, дәріхана, асхана, шахмат, Нұрхат, жиһаз, трамвай, футбол, монтер,шахтер.

ІҮ. Мақсат қою- Бүгін , біз, сендермен өтілген дыбыстар бойынша алған білімдеріңді тексеру ретінде қайталау сабағын өткіземіз.

Ү. Қайталау 1. Жұмбақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру. Э, Е, Ф, В, һ Х, Ю дыбыстарына жұмбақтар айту. 5. Жаңылтпаш айту.

Торта қойдым, Орта қойдым

Орта қойдым Жорта қойдым

Тапқырларға тапсырма

Қанша қойым бар? Былтыр болды жалқы қойым,

Егіз қозы тапты оным Биыл және өзі туды

Тағы екі қозы туды Қос қозысы былтыр туған,

Бір-бір қозы биыл туған Сонда бәрі неше деші?

Жүйріктерің есептеші? (жетеу)



Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
94. Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Сабақтың мақсаты: 1 1. Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра орырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:бекіту

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау1.-Орыс тілінен енген әріптерді ата. (в,ф,ё,э,щ,ц,ч) 2. Хат ,айдаһар сөзіне дыбыстық талдау жасау ә) Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы

А-Ә

Сан-сән ары-әрі ап-әл

Бары-бәрі татты-тәтті ар-әр

О-Ө

Бол-бөл тол-төл ор-өр

жон-жөн тос-төс оң-өң

тор-төр от-өт он-өн

Ы-І

Ыстық-істік жық-жік ыс-іс

Қиық-киік сыз-сіз тыс-тіс

Ұ-Ү

Тұр-түр сұр-сүр ұн-үн

Тұз-түз ұру-үру ұш-үш

Тұс-түс бұр-бүр ұю-үю

Мазмұны неге өзгеріп кетті?4. Сөйлем құрату: Бірінші сыныпта он бес парта бар.Көшеде жүру ережелерін есіңе сақта. Қажымұқан- әлем чемпионаты.Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік күні5. Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл. Бала,шала,сурет,кілем, ұлан, дәптер кітап, қыс, баға. 6 Дәптермен жұмыс:



ІІІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
95. Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Сабақтың мақсаты: 1 1. Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра орырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:Бекіту

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауӨтілген тақырыптарды пысықтау.

ІІІ. Бекіту

К-Г қ-ғ П-Б

Елек-елегі оқ-оғы бап-бабы

Шелек-шелегі жоқ-жоғы доп-добы

Бесік-бесігі суық-суығы шап-шабу

Осы сөздердегі к неге г-ге , қ-ғ-ға, п б-ға айналып кетті Себебі оларға дауысты і,ы дыбысы жалғанды.Ол сөздер тәуелдік жалғауының ІІІ жағы болып кетті.(Оның шелегі)2. Сөйлем құрату: 3. Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл.4 Дәптермен жұмыс:

ІҮ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
96. Сабақтың тақырыбы: Алфавит

Сабақтың мақсаты: 1. Алфавит туралы түсінік беру 2. Көркем,әдемі жазуға баулу.3. Есте сақтау қабілетін сақтау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауСалыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Алфавит туралы түсінік беру. ә) Әр әріпті дұрыс дыбыстау. б) Хормен оқытып жаттықтыру в) Ретімен айтып, жаттату. г) Берілген сөздерді алфавит ретімен айту. ғ) Әр дыбысқа жеке-жеке сөз ойлату.

Ү. Жаңа білімін бекіту.д) Оқулықпен жұмыс: Әріп тізбектерінің баспа және жазба түрін дұрыс оқып жаттығу.е) Дәптермен жұмыс: Алфавитті көшіріп жазғызу.ё) Диктант жазғызу. Астана, әтеш, балапан, вагон, гүл Ғалия доп, елік ёлка жастық.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

97. Сабақтың тақырыбы: Алфавит

Сабақтың мақсаты: 1. Алфавит туралы алған бідімін пысықтау.2. Көркем , әдемі жазуға баулу.

3. Есте сақтау қабілетін сақтау.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталауАлфавитті жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Алфавитті ретімен дұрыс оқуға жаттықтыру ә) Әр әріпті дұрыс дыбыстау.б) хормен оқытып жаттықтыру. в) Ретімен айтып, жаттату. г) Берілген сөздерді алфавит ретімен айту. ғ) Әр дыбысқа жеке-жеке сөз ойлату.

Ү. Жаңа білімін бекіту.д) Оқулықпен жұмыс: Әріп тізбектерінің баспа және жазба түрін дұрыс оқып жаттығу.е) Дәптермен жұмыс: Сөздерді алфавит ретімен жазу.ё) Диктант жазғызу.Алматы, машина, мектеп, тай, алау, мектеп,қоян , мысық, айна. ҮІ .Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
98. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау ә) логикалық ойын, есте сақтауын дамыту. б) Дұрыс жазуға, буындап оқи алуға үйрету.

Сабақтың түрі:бекіту, саяхат, ойын сабақ.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауӨтілген дыбыстар мен әріптерге сөздік диктантын алу

ІІІ. Әріптер еліне саяхат1.Дыбыстар дауысты дауыссыз болып екіге бөлінеді

дыбыстар




дауысты

дауыссыз



жуан

жіңішке

қатаң

ұяң

үнді

2. Сөздер құрастырып, буынға бөлдіру, сөйлем құру. 3.Жұмбақ, әріптерге байланысты

4. Жаңылтпаш

Есет атам ет асатар

Ет асатса бес асатар.



Ү.Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
Әліппеден кейінгі кезең
1. Сабақтың тақырыбы: Отан Астана

Сабақтың мақсаты: 1. Отан .Астана туралы түсінік беру 2. Елін, жерін сүюге баулу 3. Мәнерлеп оқуын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықта, қайталауАлфавит ретін сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Отан, астана туралы түсінік беру

Біздің Отанымыз, Отан анамыз-Қазақстан Республикасы.Біздің бабаларымыз

әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз.

Қазақстан біздің Отан-анамыз, бізді нанымен, суымен асырайды.

Астана-біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Астана еліміздің қақ ортасына, аса маңызды жолдардың торабына орналасқан.ә) 16-желтоқсан- Тәуелсіздік күні. б) М. Хакімжанова: «Отан» өлеңінБ.Ысқақов: «Отан» өлеңін, Т Жексенбай: «Астана» өлеңін оқи отырып мазмұнын түсіндіру. в) «Астана» өлеңін жаттату. г) «Отан» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Ү. Жаңа білімін бекіту.ғ) «Отан» өлеңін жаттату. д) Дәптермен жұмыс: е) Диктант жазғызу.

Астана халқы алдағы жылдары үнемі өсіп өркендеп отыратын болады. Қалада көптеген өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.



ҮІ. Сабақты қортындылау:Отанымыз жайында не білдік?
2. Сабақтың тақырыбы: Алфавит сыры .Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдер туралы түсінік беру 2. Адамгершілік тәрбие беру.

3. Оқу жылдамдығын арттыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау Салыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ: а) «Алфавит сыры Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым» Өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру. ә) Мәнерлеп оқу. б) Алфавиттік жұмбақ шешу.

Жер өлшейтін саржан Білезікке қарайық

Белін буып алған. Ұқсайды оған қай әріп

Ата-анаңмен барып сен, Түн шымылдық ашқаннан



Пілді көрдің парктен. Жымыңдайтын аспаннан

Осы атаулар зер салшы, Көп шырақтың аты не,

Басталған қай әріптен. Қайсы әріптен басталған

в) «Әліппе» өлеңін хормен жаттату.



ҮІ. Жаңа білімін бекіту. г) Тарыдай, таудай сөздерінің мәнін түсіндіру. -Мұғалім -ол қандай адам? е) Дәптермен жұмыс: ё) Диктант жазғызу: Астана, әтеш, балапан, вагон, гүл Ғалия доп, елік ёлка жастық.

ҮІІ .Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

3. Сабақтың тақырыбы: Алфавит сыры .Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдер туралы түсінік беру 2. Адамгершілік тәрбие беру.3. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауСалыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Алфавит сыры Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым» Өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру.ә) Мәнерлеп оқу. б) Алфавиттік жұмбақ шешу.в) « Әліппе» өлеңін хормен жаттату.

Ү.Жаңа білімін бекіту.г) Тарыдай, таудай сөздерінің мәнін түсіндіру. -Мұғалім -ол қандай адам?е) Дәптермен жұмыс: Мұғалім туралы сөйлемдер жазғызуё) Диктант жазғызу: Алма, тоқаш, торғай, мал, торай, арман, мектеп, сана, жайна.

4. Сабақтың тақырыбы: Бір уыс мақта.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу.3. Дұрыс оқып, әңгімелеп беру машығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

Санамақ оқыту Өлеңді жатқа айтқызу: «Әсемпаз болма әрнеге»



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) «Бір уыс мақта» оқи отырып түсіндіру.ә) Дауыстап тізбектей оқытуб) Жұмбақ шешкізу:

Тамның басында, Ұзақ тектес құс

Жемі бар қасында. Шіркей жеп.

Там тұр саялы. Ауыл маңынан

Достарға аялы. ( Ұя) Ұзап кетпес құс. (қараторғай)

Ү. Жаңа білімін тексеру.1. Әңгімелеу. 2. Шешесі қызына қандай ақыл айтты? 3. Әңгіме мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады

ҮІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік және білдік?
5. Сабақтың тақырыбы: Сал, сал Білек, сал Білек.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдердің мазмұнына түсінік беру. 2. Ұлтық тәрбие беру.3. Білім алуға , оқуға деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауБір уыс мақта» әңгімесін әңгімелету.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) А. Байтұрсынов: «Оқуға шақыру» М Жұмабаев: «Сал,сал Білек, сал Білек.өлеңдерінің мазмұнымен таныстыру. ә) Өлеңді түсініп оқу б. Мәнерлеп оқуға жаттықтыру.г) Оқу-білім, еңбек туралы мақал айту.

Еңбек етсең емерсің. Еңбектің наны тәтті,

Еңбек етпеген ішіп-жемейді. Жалқаудың жаны тәтті.

Еңбек етсең ерінбей , Еңбек ширатады,

Тояды қарның тіленбей Өмір үйретеді.

Еңбек ырыстың бұлағы, Оқу инемен құдық қазғандай.

Бақыттың шырағы

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Оқу -білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

ҮІ. Жаңа білімін бекіту.-Өлеңде балаларға қандай ақыл айтылады? -Білекке қандай ақыл мен тілек айтылады? д) Дәптермен жұмыс:

ҮІІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабағымызда кімдердің өлеңімен таныстық? Одан неге үйрендік?
6.Сабақтың тақырыбы: Бір қазан сүт.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлең мазмұнын түсіндіру. 2. Еңбек етуге баулу.3 Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

«Құстың ұясы» мәтінін әңгімелеу.



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Бір қазан сүт» мәтінін оқи отырып түсіндіру. ә) Өлеңді жаттату.б) Дауыстап тізбектей оқыту в) Мазмұнын әңгімелету.

Ү. Жаңа білімді тексеру. -Қазанда не бар еді? -Бір қазан сүт қайда кеткен?-Рольмен жауап беруге үйрету.Дәптермен жұмыс: Сақшы, аспан шырша ойыншық сөздерін буынға бөліп көшіріп жазу.«Шынжыр» ойыны сөз ойлап жазу.Тақтамен жұмыс: Қар жауды. Күн суық. Айнала аппақ. Балалар шана ойнады.Сөйлем туралы білетінін еске түсіру.



ҮІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

7. Сабақтың тақырыбы: Күншіл үйрек. Бақа.

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі, өлең мазмұнын түсіндіру. 2. Адамгершілік тәрбие беру.

3 Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау«Бір қазан сүт» мәтінін әңгімелеу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Күншіл үйрек» ертегісін оқи отырып түсіндіру. ә) Өлеңді жаттату.б) Дауыстап тізбектей оқыту в) Мазмұнын әңгімелету.г) Бақа туралы мағлұмат беру.

Ү .Жаңа білімді тексеру.Мақалды тауып оқу. Үйрек, түлкі, аққу суретін салу. -Рольмен жауап беруге үйретуАққу туралы әңгімелеп, қасиетті құс екенін айтып түсіндіру.-Сүңгуір үйректің ісі дұрыс па? -Түлкі үйректі неге бас салды? Дәптермен жұмыс: «Шынжыр» ойыны сөз ойлап жазуТақтамен жұмыс: Қар жауды. Күн суық. Айнала аппақ. Балалар шана ойнады.Сөйлем туралы білетінін еске түсіру.

ҮІ.Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
8. Сабақтың тақырыбы: Қожаның аты.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын түсіндіру. 2. Адамгершілік тәрбие беру.3. Дұрыс оқу дағдысын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ.Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау«Күншіл үйрек» мәтінін әңгімелеу. Мақал айту. «Бақа» жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Қожанасыр туралы мағлұмат беру. б) «Қожаның аты.» мәтінін оқи отырып түсіндіру. ә) Дауыстап тізбектей оқыту в) Мазмұнын әңгімелету. г) Сөздік диктант жазғызу: Қар, аппақ аққала мұз, шырша ойыншық. өлең тақпақ, би сыйлық аяз шана шаңғы, коньки.

Ү. Жаңа білімді тексеру.Мақалды тауып оқу. Үйрек, түлкі, аққу суретін салу. -Рольмен жауап беруге үйрету.Аққу туралы әңгімелеп, қасиетті құс екенін айтып түсіндіру. -Сүңгуір үйректің ісі дұрыс па? -Түлкі үйректі неге бас салды? Дәптермен жұмыс: «Шынжыр» ойыны сөз ойлап жазу

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта Қожанасыр қандай адам екенін білдік?
9. Сабақтың тақырыбы: Кім неден күшті?

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру. 2. Еңбек ете білуге баулу. 3. Дұрыс оқу дағдысын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау «Қожаның аты» мәтінін әңгімелеу. Мақал айту. « Бақа» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Кім неден күшті?» оқып беру. ә) Рольмен оқыту.б) Әңгімелеу. в) Сөздік диктант жазғызу: Қар, аппақ аққала мұз, шырша ойыншық. өлең тақпақ, би сыйлық аяз шана шаңғы коньки.г) Жұмбақ шешу:

Суда қалқиды Жылтырайды сайда,

Жылыда балқиды. (Мұз) Сынбайтын айна. (Мұзойнақ.)

Ақ сандығым ашылды, Жерді де мекен етеді,

Ішінен жібек шашылды. (Күн) Көлді де мекен етеді.(Бақа)

Ү. Жаңа білімді тексеру.Оқу жылдамдығын тексеру. Тақтаға сөйлем жазғызу Ең күшті не екенін айту Рольмен оқуға жаттығу Өзі қалаған кейікердің суретін салу. Дәптермен жұмыс: Өзі жатқа білетін өлеңді жатқа жазу.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта ненің күшті екенін білдік?
10. Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру. 2. Еңбек ете білуге баулу. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау«Кім неден күшті?» ертегісін әңгімелеу. Әліппеден өткен өлеңдерін жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Мақта қыз бен мысық?» оқып беру. ә) Рольмен оқыту б) Әңгімелеу. в) Ертегі кейіпкерлерін атау.

Ү. Жаңа білімді тексеру. 1) -Мақта қыз бен мысық неге келісе алмады? -Мысық пен мақта қыз бір-біріне қандай жаман іс істеді? -Мақта қыз мысыққа не істеуін талап атті? -Мысық тапсырманы орындады ма?2) Дәптермен жұмыс: Сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазу. Сиыр,ағаш,су,қыздар сағыз,дүкен, жұмыртқа тауық, тышқан, тары, мысық.3) Тақтамен жұмыс: Аққу қасиетті құс. Жұрт оларды жақсы көреді. Аққулар жүзе жөнелді. Түлкі мен үйректің ісі сәтсіз аяқталды. Қарны ашқан түлкі үйректі басалды.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта нені білдік?
11. Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Жаңылтпаштар.

Сабақтың мақсаты: 1. Жұмбақтар, жаңылтпаштар туралы түсінінік беру.2. Еңбек ете білуге баулу.3 Оқушылардың ақыл- ойын дамыту,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Жаңылтпаш туралы мағлұмат беру. ә) Жаңылтпаш айтып үйрену.

Жоян қоян оянды, Кірпі, кірпі!

Қоян жоян боянды. Түрпі сырты.

жоқ


Шегіртке –акробат! Сақал, мұрты

Секіреді, қатырады-ақ Төбеден қара

Шегіртке Кірпі, кірпі,

Батыр- акробат! Жердің құрты.


Ақ қоян, сұр қоян. Түлкі күлкі іздейді,

Ақ, сұр қоян барлығы, «Айлакерміз біз!» дейді.

бір қоян Таулы , шөлейт, түз мейлі,

Түлкі, күлкі іздейді.



ІҮ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта нені білдік?
12. Сабақтың тақырыбы: Ата, бата.

Сабақтың мақсаты: 1. Бата туралы түсінік беру. 2. Оқуға ынтасын арттыру.3 Оқушылардың ой-өрісін дамыту,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауЖұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтел айтқызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ а) Бата туралы мағлұмат беру. ә) Бата әр түрлі тақырыпта берілетінін түсіндіру. б) Әр түрлі бата оқи отырып мазмұнына түсінік беру. в) « Ата, бата.» мәнерлеп оқу.

Мектептен қайтты Марияш, Әліппесі қолында.

Шақырды оны атасы, -Кел, құлыным, кел мұнда.

Марияш келді «Ата!»-деп, «Ата, берші бата»-деп.

-« Бата!»десең, қарт атаң, Айналсын сендей ботасын!

Оқы, құлыным, ғалым бол, Атаң берді батасын! ІҮ.Сабақ қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?


Ана тілі

1. Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.Ананың тілі-аяулы үні

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің құдіреттілігі туралы түсінік беру. ә) Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту б) Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу . Оқушылардың патриотттық сезімін қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II.Мақсат қою кезеңі -Балалар , біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз.

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу». -Балалар, сөйлеу не үшін қажет?Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?

Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін » өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.

Сүйемін туған тілді-анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім

Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын

Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы, өлеңді оқи отырып әнімен айтқызу.Өлең арқылы ақын не айтқысы келді? Сергіту сәті



IV.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі -Балалар , өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу қалай жүзеге асырылады? -Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.суретте не көріп тұрмыз? -Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет