Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет8/35
Дата05.11.2016
өлшемі4,8 Mb.
#672
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35

V.Бекіту кезеңі -Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық? Өлең не туралы айтылады?-Сөйлеу не үшін керек? -Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?

VI. Үйге тапсырма .Бағалау.өлеңді жаттап келу, бағалау жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалаймын
2. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөз. Қыс

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеммен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру.Қыс өлеңі туралы түсініктерін қалыптасты ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын алыптастырып, сөздік қорын дамыту б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету .Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті»,қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау -Балалар , кім айтады үйге қандай тапсырма берілді? -Өлеңді бәріміз жаттап келдік пе? -Кім айтады? Өлеңдер жатқа сұралады. -Балалар, осы өлеңде не туралы айтылады?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі -Сөйлеу не үшін керек? -Тілдің қызметі қандай?

IV. Мақсат қою кезеңі Суретке қарап әңгіме құрау, -Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Дұрыс.Қыс.

V. Жаңа сабақ - Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз да Қыс туралы болмақ -Суретке қарайық, не көріп тұрмыз? -Балалар, не істеп жатыр? -Суреттегі балаларға ат қойып, әңгіме құрастыру. –ал, енді назарымызды оқулығымыздың 5 бетіндегі 1-жаттығуға қараймыз. Оқушыға оқытамын.Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар Қыс келді.күн суытты.Қар көп жауды.Өзенге қалың мұз қатты. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды пысықтау -Балалар, Енді 2-жаттығуға қарайық. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру .Қаңтар.Қаңтар айы болды күн суытты қалың қар жауды боран соқты.Дәптерге тыныс белгіні дұрыс қойып көшіру.Тақтаға бір оқушыны шығарып жаздыру.

VII. Бекіту кезеңіҚыс өлеңі

Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау түсі суық, Басқан ізі сықырлап келіп қалды

Өлеңді мәнерлеп оқып талдау

Жаңылтпаш

Қар аппақ, Дала аппақ-

Бәрі аппақ.... Қарап бақ.

Екі-үш мәрте оқытып, тілдерін жаттықтырту



VIII. Үйге тапсырма Абайдың Қыс өлеңін оқу, жаңылтпашты жаттау.Бағалау сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
3. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Сөз.Аққала»

Сабақтың мақсаты:а) Сөйлем мен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру. Өлең туралы түсініктерін қалыптастыруә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік қорын дамытуб) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету.

Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті», қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау -Балалар, үйге қандай тапсырма берілді ,қане,кім айтады? -Сөйлем дегеніміз не?- Сөз дегеніміз не? -Сөйлем сөздің қандай ерекшелігі бар?

Үйге берілген тапсырманың бірі Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу, жаңылтпашты жаттау. -Өте жақсы - Ендеше, кім дайын?



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Жылдың қанша мезгілі бар? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қысқы табиғатты кім сипаттап береді? - Қыс туралы қандай ақындардың өлеңдерін оқыдық? - Кім айтады?Сергіту сәті

IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, қыс қызығын кім айтады? -Қыста сырғанақ тебеміз, тағы аққала жасаймыз.

V. Жаңа сабақ-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да қыс мезгіліне байланысты болмақ.Оқулығымыздың 7 бетіне қарап 3-жаттығуға қараймыз. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар. Сырғанақ

Қыс қызығы басталды.Айбол жылы киінді.Ол шанасын алды. Төбеге барды. Онда сырғанақ тепкен балалар көп. Ойын қызықты болды.

2. Әңгімеде неше сөйлем бар? 3. Бірінші сөйлем қанша сөзден құралған?

3. Екінші сөйлемде кім туралы айтылған? Соңғы сөйлемде не туралы айтылады?Сергіту сәті 4-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар. Күн суытты қар жауды аяз болды су қатты. 2.Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіріңдер. Келесі тапсырма . Өлеңді мәнерлеп оқу. Аққала



VI. Жаңа материалды пысықтау5-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру керек.Балалар, сырғанақ, жылы, олар, киінді, тепті.

Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазу. Сөйлем соңына қандай тыныс белгісін қойдыңдар.



VII. Бекіту кезеңі «Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрастырып айту.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау

6-жаттығу, 9 бет, жауаптарына қарай бағалау.

4сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Сөз.Қысқы дайындық



Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем, сөз туралы алған білімдерін пысықтау,жыл мезгілдері

туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін

қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау -Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады? -жаттығуды қалай орындау керек еді? - Сөйлем деген не? Сөз дегеніміз не? Еске түсірейікӨте жақсы- Ендеше, кім дайын?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Жылдың қанша мезгілі бар? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қысқы табиғатты кім сипаттап береді? - Қыс мезгіліндегі жануарлар, құстар тіршілігі туралы не білеміз?Сергіту сәті

IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, қыста құстарға қандай көмек жасаймыз? -Иә, ұя жасап , жем шашамыз.

V. Жаңа сабақОқулығымызға қарайық 7-жаттығу берілгені бойынша сұрақтарға жауап беруіміз керек1.Сөйлем неден тұрады? 2. Сөлемдегі сөздер өзара байланыса ма? 3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады? 4. Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?

Мәтінді оқу. Қысқа дайындық. 1.Бал арасы мен Тиін қысқа қандай дайындық жасады? 2.Саршұнақ неліктен егістікке жақындау жерге көшіп келді?3.Ит өзіне қандай серт берді?

Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды пысықтау 8-жаттығу 1. сөздерді көшіріп жазуҚар.Шана.Қырау.АққалаӘр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?

ереже хормен Сөз дыбыстардан құралады.Дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады.

Дыбыстарды айтамыз, естиміз.Әріптерді көреміз, жазамыз

VII. Бекіту кезеңі«Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрастырып айту.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау 6-жаттығу, 9 бет, Ережені жаттау,жауаптарына қарай бағалау.
5 . Сабақтың тақырыбы: Дыбыс.Әріп.Қыс.айнала күміс қар.

Сабақтың мақсаты: а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін қалыптастыру.Өлеңдегі жыл мезгілін суреттей отырып білімдерін қалыптастыру ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру. б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс »,Ж.Аймауытов суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пән аралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау-Үйге қандай тапсырма берілді?-Қысқы дайындық туралы кім, не айтады?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Мәтіндегі кейіпкерлердің іс әрекеті туралы кім не айтады?-Балалар, сөз неден құралады?-Дыбыстар мен әрпітердің ережесін кім айтады?

IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?-Ең қызығы не?

V. Жаңа сабақ-Қазір жылдың қай мезгілі?-жақсы-Ендеше оқулықпен жұмысКітабымыздың 12 бетіндегі 9-жаттығуға қараймызТапсырма бойыншасөз алдына әріп қоыс жазамызӨзі,есті, ұрды.Ү Л Г І: өзі-сөзіөзі сөзінің алдына қай әріп қойылды , өзің қосқан әріптің астын сыз.Дыбыс саны өзгерсе сөздің мағынасы да өзгеретінін біліп ал. Өлең Айнала күміс қар,

Енді не тұрыс бар?

Ал кеттік , балалар,

Бітпеген жұмыс бар.

Айнала ақ айдын,

Бәрі аппақ маңайдың.

Тазартып тастайық

Ауласын ағайдың

Өлеңді тізбектей отырып оқу

Сергіту сәті;10 жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазу.2.Қара әріппен жазылған сөздердің жазылуын біліп алумына сұрақтарға жауап беру 1.Дыбыс дегенді қалай түсінесің?2.Әріп дегеніміз не?Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту.

Өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын Ж.Аймауытовқа өмірбаянына тоқталу

Қыс

Ж.Аймауытов «Қыс»



Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,

Тон киіндік, тоңды мал.

Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,

Боран жоқта тұман бар...

Қылаулатқан қырау бар.

Қиы қатқан бұзау бар...

Қыздар қылған шұжық бар,

Қонақ айтар қызық бар.

Ай, балалар, балалар!

Күнде оқуға жүрелік,

Үйренелік , білелік.

VI. Жаңа материалды пысықтау- Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық. Ж.Аймауытов туралы түсінгендерін пысықтау- Ал енді дыбыс пен әріптуарлы ережені кім пысықтап береді?

VII. Бекіту кезеңіЖұмбақ, жаңылтпаштар .

VIII. Үйге тапсырма, бағалауАйнала күміс қар өлеңін жатқа беру

6. Сабақтың тақырыбы: Қайталау. №1 өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау. ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығына қарай ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіДыбыс пен әріп туралы сұрақтар қою.

II.Үй тапсырмасын сұрау-Балалар, үйге берілген тапсырманы қатар –қатар бойынша бір-бір оқушыдан олқып қалғанымыз тексеріп шығайы

IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, бүгін біз сендермен өзіндік жұмыс дәптері бойынша жұмыс жүргіземіз.Аты айтып тұрғандай жұмыс өз бетінше жүргізіледі.

VII. Бекіту кезеңі 1 тапсырма бойынша1.Мәтінде неше сөйлем бар?2. Үшінші сөйлемде неше сөз бар?3. Аққала сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?2 нұсқа 1. Әр сөйлем қай сөзден басталып, қай сөзбен аяқталады? 2. Әрбір сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазып, соңына нүкте қой.

VIII. Үйге тапсырма, бағалауТапсырманы орындауына байланысты бағалау.
7 сабақ Сабақтың тақырыбы: Тоқылдақ .Дауыссыз д дыбысы

Сабақтың мақсаты а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін пысықтау.Тоқылдақ –орман сақшысы туралы түсінік бер. ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау

қабілетін қалыптастыру. б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығына қарай ажырата білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тоқылдақ суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске түсіру. III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіӨткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қандай құстар жыл құстарына жатады?

V. Жаңа сабақ-Балалар, дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.Дауысты дыбыстарға нелер жатады?-Дауыссыз дыбыстарға нелер жатады?-Оқулығымызға қарайық

11-жаттығу Өлеңді оқып, көшіріп жазу

Торғай

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Суретке қарап әңгіме құрастыру. Торғай, жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.12-жаттығуСөздерді қатесіз көшіріп жазу Суықторғай, қарға ,сауысқан, кекілік, тоқылдақ, шіл, құр, шағала, аққу.2. Сөздердегі дауысты дыбыстарды атау.



Сергіту сәті Мәтінді оқу Тоқылдақ.

Тоқылдақ ағаш діңінде отыр.Ол тұмсығымен діңді тоқылдатады.Ағаш қабығында құрттар, көбелектер, қоңыздар бар.Тоқылдақ сол зиянды жәндіктермен қоректенеді.Олардың жерге түскенін ұсақ құстар теріп жейді.Сондықтан тоқылдақорман емшісі деп есептелді.2.Тоқылдақты неліктен «орман емшісі»дейді?3. Құстардың тағы қандай пайдасы бар?



VI. Жаңа материалды пысықтау Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс туралы түсіктерін пысықтау

VII. Бекіту кезеңіЖұмбақ, жаңылтпаштар .

VIII. Үйге тапсырма
8 сабақ Сабақтың тақырыбы: Шопан еңбегі. Саққұлақ. Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты: а) Дауысты , дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін

пысықтау ә) Жаттығу барысында логикалық ойлау қабілетін алған сөздік қорын қалыптастыру б) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау, бекіту



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: шопан суреті.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске түсіру. III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Дауысты , дауыссыз дыбыстарды пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қыстағы шопан еңбегі туралы не білеміз?

V. Жаңа сабақ-Табиғат көрінісін сипаттау.Оқулықпен жұмыс

13-жаттығу өлеңді түсініп оқу.

Еңбек

Гүл өсірсең терлеп



Мұның аты-еңбек

Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты-еңбек

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең-еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек

2. Дауысты дыбыс әріптерін қайталамай теріп жазу.Оларды дауыстап оқу.

Тізбектеп дауыстап оқыту.

14-жаттығу сөздерді қатесіз көшіріп жазу.

Құлын, жұлдыз, отын,түлкі, күрек, құрық, жұмыс, көлік

Жазылуы Айтылу

жұлдыз жұлдұз

15-жаттығу. Көп нүктенің орныныа керекті әріпті қойып, өлеңді мәнерлеп оқу

Қыс келгенде 2.Дауысты дыбыстарды атау.

Әңгімені түсініп оқыңдар.Шопан еңбегі. Малшы еңбегу туралы білетіндеріңді әңгімеле. Өлеңді жаттап алу. Саққұлақ Өлеңді түзбектеп оқыту.



VI. Жаңа материалды пысықтау Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс туралы түсіктерін пысықтау.Өлеңге түсінік беру. - Балалар, өлең неге Саққұлақ деп аталады?

VII. Бекіту кезеңі:Жаңылтпаштар айту.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау
9 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қоян.2-ші өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты а) Қоян туралы түсініктерін қалыптастыру. Өзіндік жұмыс барысында білімдерін қалыптастыру ә) Сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін алған сөздік қорын қалыптастыру б) Өз бетінше жұмыс істеуге үйрену

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қоян суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты тазалап, үйге берілген тапсырманы пысықтау.

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Дауысты , дауыссыз дыбыстарды пысықтау.

III. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қыстағы шопан еңбегі туралы не білеміз?

IV. Жаңа сабақМәтінді оқыту.Қоян

Қыста аңдарға жем табу қиын.Түлкі қыстыгүні қоян аулайды.Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі.Себебі қоян қыстыгүні аппақ «тонын» киіп алады. Ол аппақ қардан аумай қалады.Содан да ол алаңсыз жайлып, бұта түбінде ұйықтай береді.

2. басқа аңдар туралы не білесіңдер?

V. Жаңа материалды пысықтауӨзіндік жұмыс дәптерінің №2 тапсырмасы бойынша

1 нұсқа


1. Өлеңдегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз

2-нұсқа1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз2.Олар қандай дыбыстар?

А) дауыстыӘ) дауыссыз3-нұсқа1.Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жаз.2. Мына сөздерді буынға бөліп жаз

VI. Үйге тапсырма, бағалау Қоян туралы әңгіме жазып келу
11 сабақ Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады?Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білуге үйрету. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік беру. ә) оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларына молайту. б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге

тәрбиелеу.Тәртіптілікке үйрету.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, ойын

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау -Үйге қандай тапсырма берілді?-«Қоян» туралы әңгіме жазу берілді-Ендеше қане кім оқиды?3-4 оқушыдан жазған әңгімелерін сұраймын.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіӨткен сабақтардан алған білімдерін «Алма жинау» арқылы пысықтаймын.1 алма-дауысты дыбыстарды ата 2 алма- дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата. 3 алма-Сөз нелерден құралады? 4 алма-дыбыстар немен таңбаланады? 5 алма-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата 6 алма- мына сөздерден сөйлем құра: алма, алдым, сатып, мен.

IV. Мақсат қою кезеңі: Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар.Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз. «Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.Төлді қалай шақыру керектігі туралы білетін боламыз.

V. Жаңа сабақДыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?-2-ге-Қандай? -Дауысты және дауыссыз

-Дауыссыз дыбыстарды ата -Дауысты дыбыстарды ата. -Дұрыс.Ал ендеше біз бүгін дауыссыз дыбыстар туралы білетін боламыз.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.Төрт түлік мал туралы түсінік беру.Суреттерін көрсету, төлдерін атату.

-17-жаттығу Өлеңді түсініп оқыту.Қамбар ата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.(тақтаға орындалады.) 18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)

«Төлді қалай шақырады?» әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Әңгіме жүргізу.Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.Сұрақтарға жауап алу.

1/Төлдерді қалай шақырады? 2/Төлдер туралы өздерің не білесіңдер? 3/мысықты, атты қалай шақырады?

VI. Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап арқылы өткен тапсырманы пысықтаймын.1/Төрт түлікті ата. 2/Төлдерді қалай шақырады? 3/Қой, сиыр, түйе,жылқы, ешкі сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды ата. 4/Төрт түліктің төлдерін, иесін атаңдар.

VII. Бекіту кезеңіСөздік диктант: қозы,лақ,бота.Дауыссыз дыбыстарды тапқызу.Кеспе әріптер арқылы жұмыс жүргізу.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау19-жаттығу, дауыссыз дыбыстарды жаттау Сабаққа қатысқандарын бағалаймын
12 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс әріптері (20-21 жаттығулар)Түйе.Ботақан Сабақтың мақсаты Оқушылардың дауыссыз дыбыс әріптері және төрт түлік туралы алған білімдерін кеңейту.Түйе , ботақан туралы білімдерін толықтыру. ә) Оқу жылдамдықтарын дамыту, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту. б) Төрт түлікті сүюге, малды қастерлеуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер, дауыссыз дыбыс әріптері, қима карточкалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу

Үй тапсырмасын тексеру1/Үйге берілген 19-жаттығуды талдау, қателерін тексеру.2/ Дауыссыз дыбыс әріптерін жатқа сұрау. 3/« Төлді қалай шақырады?»өлеңін мәнерлеп оқыту.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіОқушыларға үлестірмелі карточкалар тарату, карточкалардағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңіБіздің тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар туралы түсінікті жаттығулар барысында кеңейту.Төрт түліктің бірі түйе мен оның төлі ботақан туралы білетін боласыңдар.

V. Жаңа сабақ20-жаттығу.(тақтаға орындау)Сөйлемдерді көшіріп жаздыру.қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыс әріптерін тауып астын сызғызу.Түйе боздайды.Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.жылқы кісінейді.21-жаттығу (Өз беттерінше орындау).Сөздерді оқыту.берілген сөздерден Қай мал қайтеді? Деген сұраққа жауап беретін сөйлемдер құрастырып жаздыру.Үлгі: Түйе боталайды.Жылқы құлындайды.Сиыр бұзаулайды.Қой қоздайды.Ешкі лақтайды.Түйе, ботақан мәтіндері арқылы әдеби мәтін тапсырмаларымен жұмыс жүргізу.мәтіндерді оқып беру, түсіндіру.Мәтін авторы Фариза Оңғарсынова туралы мағлұмат беру.-Әкелерің мен шешелерің сендерді неліктен «Ботм», «Ботақаным» деп еркелетеді?-деп ойлайсыңдар?Сұраққа жауап алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет