Физикадан ашық сабақ. 7 «б» сынып. 12. 09ж уақыты: 14. 00; пән мұғалімі: Жүсіповаа тақырыбы



бет1/2
Дата29.03.2020
өлшемі0,73 Mb.
#61030
  1   2
Байланысты:
Физикадан ашық сабақ7

Физикадан ашық сабақ. 7 «б» сынып. 8.12.09ж

уақыты: 14.00;

пән мұғалімі: ЖүсіповаА

Тақырыбы: §31. Дененің массасы

Мақсаты:

1.Оқушыларға денелердің жылдамдықтарын өзгерту қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шаманы енгізу керектігін; «масса» ұғымының мағынасын түсіндіру.

2.Оқушыларды жаңа тақырыпты өздігінен игеріп, жүйелі түрде жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Таразы арқылы дененің массасын анықтауда оқушыларды іскерлікке,

өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап, тәжірибе жасау, есеп шығару.

Көрнекілігі: 1.Электрондық оқулық Ф-7. «бейнематериал көрсетілімдері.»

2.Электрондық таразы ; оқу таразысы; жүктер.

3.Физворд .

Барысы : 1-кезең.Ұйымдастыру .

Үй тапсырмасын сұрау.

І.Сұрақтар:

1. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктің алдынан кесе-көлденең өту қауіпті болатыны неліктен?

2. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не? Мысал келтір.

3. Денелердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде не байқалады?



ІІ. Физворд шешу.


Сөзжұмбақ шешу


Жаңа сабақ : §31. Дененің массасы

2-кезең. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

І.Сұрақтар:

1. Масса дегеніміз не?

2. Екі дене массаларын өзара қалай салыстыруға болады?

3. Массаның өлшем бірлігі?

4. Массаны өлшейтін құрал?

5. Массаны қандай әріппен белгілейді?

ІІ. Жаңа тақырыпты толықтыру (мұғалім)

1.Электрондық оқулық Ф-7.

Бейнематериал көрсетілімдері :1.Екі дененің өзара әсерлесуі.

2.Инерттілікті салыстыру.

3. Масса: мысалдар

4. Таразы

3-кезең. Оқушылармен кері байланыс.

І.Ауызша есептер

Массалардың төменде берілген мәндерін

килограмм арқылы өрнектеңдер:

2500 грамм =

0,75 тонна=

1,22 центнер=


Массалардың төменде берілген мәндерін грамм арқылы өрнектеңдер:

0,025 кг =

7,5 кг =

4 кг =


ІІ.Есеп шығару: 11-жаттығу №2

1. Дене 100г; 50г; 10г; 1г; жүктер жиынтығымен теңестірілген.

Дененің массасы қандай? Оны кг-мен өрнектеңдер.
№4

2. Роликті коньки киген екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама қарсы жаққа қарай сәйкес 3м/с және 4 м/с жылдамдық -пен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 40кг. Екінші баланың массасы неге тең?


ІІІ. Эксперименттік есеп

Берілген жүктің массасын таразы арқылы анықтап, оны кг-мен өрнектеңдер.

Қажетті құралдар: таразы, кір тастары, массасы белгісіз жүктер
Сергіту сәті

«Артық терминді тап»

1. метр, грамм, таразы, секунд таразы


2. спидометр, таразы ,тонна, сызғыш тонна
3. масса ,жылдамдық, жол, атом атом
4. қыс, кеш, жаз, күз кеш
5. кг, тонна, сағат, мысқал, сағат

4-кезең. Сабақты қорытындылау және білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма:

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет