ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ жоспары: Өнер мен өмір
Сабақ: бөлімше:
|
Мектеп: №17 ЖОББМ
|
Күні: 13.04.2016 ж
|
Мұғалімнің аты- жөні: Набиева С. Ш.
|
СЫНЫП: 10
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
А 6.
Әртүрлі тақырыптар бойынша өз көзқарасын басқа көзқарастармен байланыстыру.
Ж 3. Мәліметтерді жинақтау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы орындай алады: Мәтіндегі басты ойды түсініп, негізгі ойды түртіп алып, бөлімдерге бөлу.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтіннің желісіне байланысты сұрақтарға жауап бере алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтіннің желісіне байланысты өз көзқарасын білдіреді және өзгенің пікірін бағалап эссе жазады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Тақырыпқа байланысты лексиканы, тірек сөздерді меңгереді
|
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
|
Айтылым мен жазылым бойынша қолдануға болатын тіркестер: Менің ойымша ........., менің пікірімше..........
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Не себепті ............. деп ойлайсыз?
|
|
ишара:
|
|
Алдыңғы оқу:
|
«Көшпенділер мәдениеті» бөлімі бойынша оқушылардың білімдері қалыптасты. «Шаттық шеңберін» құрып, бір- біріне жақсы тілек айтып, мәдениет, қолданбалы өнер туралы сұраққа жауап береді.
|
Жоспар
|
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Тыңдалым. «Алдар көсе – өнер күші» (http://kaztube.kz/ru/video/98673) мультфильмінің бастапқы бөлігін көріп, аяқталуын өздеріңіз болжап, ерекшелігін кестеге толтырыңыздар (1-кесте).
1-кесте – Болжау кестесі
Мәтін бөлімдері
|
Қандай мәселе көтеріледі?
|
Шындығында қандай мәселе көтерілді?
(Не болды?)
|
|
2 сөйлемнен кем емес болжау.
|
2 сөйлемнен кем емес ақпарат.
|
баланың ержетуі
|
пайда табу,
|
өнер
|
|
лента,
Интерактивті тақта, дәптер, «Алдар көсе – өнер күші» (http://kaztube.kz/ru/video/98673)
|
Ортасы
Т.Ж.
10 минут
Ж.Ж.
2 минут
Т.Ж.
3 минут
Ф
5 минут
Ж. Ж.
5 минут
Ж.Ж
|
А. Барлық оқушы орындай алады:
1- тапсырма
1.Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін анықтайды, мағынасын түсіндіріп жазады. Прожектор әдісі бойынша өтеді.
өнердің жеті жілігін шағу, майын ішу- өнерді жақсы білу
мәжбүрліктен- амалы жоқтан
қанат бітіру- қолдау
епсіз- бейімі жоқ
өнерді, өнерліні шын бағалау- құрметтеу
жанның тазарғаны-
мидың тынығуы-
адамды тәрбиелеу-
рухани азық-
Бағалау критерийлері:
Мәтінді дұрыс оқиды.
Таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін табады.
Сөйлемдер құрастырады.
2- тапсырма
2.Мәтіндегі басты ойды түсініп, негізгі ойды түртіп алып, бөлімдерге бөлу.
а)Негізгі ойды «РОМБ» әдісі бойынша түртіп аламыз.
Бағалау критерийлері:
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды. 2. «Ромб» торларын толтырады.
3- тапсырма
ә) Мәтінді «Хикая картасы» әдісі бойынша бөлімдерге бөлу.
Бағалау критерийлері:
Мәтінді бөлімдерге бөледі.
«Хикая картасын» толтырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
4- тапсырма Жазылым.
1. Мәтіннің желісіне байланысты өз көзқарасын білдіреді және өзгенің пікірін бағалайды, сұрақтарға жауап бере алады.
- Өнер мен өмірдің байланысы қандай?
- Өнер мен өмір дегенді қалай түсінесің?
- Киноға, театрға, симфониялық оркестрге қызығушылығыңыз қайдан пайда болды?
- Классикалық музыканы тыңдағанда өзіңізді қалай сезінесіз?
- Сіз театрға барасыз ба?
- Театрда өнер көрсететін адамдарға ерекше назар аударасыз ба?
- Егер өз бойыңызда қандайда бір өнер болса, оны өмірде қалай қолданар едіңіз?
-Өзіңіздің қандай да бір өнеріңіз бар деп ойлайсыз ба?
Бағалау критериі:
Мәтін желісі бойынша сұраққа жауап береді.
Өз көзқарасын жаза алады, өзгенің пікірін бағалай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
1. Мәтіннің желісіне байланысты өз көзқарасын білдіреді және өзгенің пікірін бағалай отырып, эссе жазады.
5-тапсырма.
Өзіңнің жақсы көретін өнері туралы 8-10 сөйлем жазу.
Бағалау критериі:
Өзінің жақсы көретін өнері туралы сөйлем жазады.
Тірек сөздер арқылы өз ойларын жазу Менің ойымша .........,
менің пікірімше..........
|
Сөздіктен аудармасын табу, түсіндірме сөздікпен жұмыс
|
СОҢЫ
5 минут
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен қорытындылап шығамын.
Сабақтың ұнаған жері.
Сабақта сізге не түсініксіз болды?
Сабақтың қай жерінде қиналдыңыз?
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс-
Денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).
|
|
|
дүниетану, орыс тілі, музыка
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Өз сабағыңызда талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап берініз.
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:
2:
|
Өнер мен Өмір
Өмір мен Өнер Әрбір адамның әйтеуір бір өнермен байланысы бар, біреулер өнердің 7 жілігін шағып, майын ішеді, біреулер өнер десе, ішкен асын жерге қояды, жанын беріп тыңдайды, насихаттайды, өнермен демалады, өзін тәрбиелейді. Бір данышпандар «Өмір мен өнер егіз ұғым» дейді емес пе? Бұл сөздің қаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ, өнерді тудыратын өмір екенін, өнердің өмірге қызмет ететінін де мойындаймын. Мектепте жүріп ән де айттым, би де биледім, сахналық қойылымдарда да өнер көрсеттім. Бірақ, мұның бәрі әрбір адамда кездесетін жай ғана қызығушылық, кейде мәжбүрліктен болатын оқиғалар ғой. Содан кейін өлең оқитынмын. Ешкім жоқ жерде айқайлап өлең оқу маған бір қанат бітіретіндей... Прозаға ден қойдым. Шағын әңгімелер жазып, газет-журналдарға жариялай бастадым. Кейін ол да қалды. Өнер таза нәрсе, ол мен сияқты епсіздерді қабылдамады. Жаңа қалаға, жаңа ортаға келіп осыны түсіндім, өнерді, өнерліні шын бағалауды үйрене бастадым. Жай ғана өнердің жанкүйеріне айналдым. Кітап оқуды бала кезден жақсы көретін едім. Адамның миы шексіз нәрсе емес, ол да толады. Сондықтан, кітапты таңдап-талғап оқу керек. Дәстүрлі әндерге деген қызығушылығым пайда болды. Домбыраны шын құрметтей бастадым. Кішкентайымыздан үйде домбыра болды, бірақ, соны таптап жүре береді екенбіз, үйрену де ойға келмепті. Ортаңғы курста гитараға, бард өнеріне деген махаббатым оянды. Қызық екен, екеуі де аспап, екеуі де бір әнді орындайды, ал беретін әсері мүлде ұқсамайды. Театр өнеріне ғашық болдым (2-сурет). Соңғы тиынымды театр билетіне жұмсайтынмын, әрбір жаңа қойылымға жаңа көйлек алып киетінмін (ол кезде бір стипендияға қарайтын кезіміз ғой). Жаныма еріп баратын адамдарға да ерекше назар аударатынмын. Ал шыққаннан кейін, менің бойымда бір өзгеріс болатын. Трагедия болмаса да, еріксіз жылағым келеді. Ешкімді жақтырмай, ешкімге сөйлегім келмей қалады... Жанның тазарғаны осы шығар, құлшылықтан кейінгіге ұқсамайды, бірақ, өз күші бар, әйтеуір... 2-сурет – Театр Әпкем теледидар дегенді қатты жақсы көреді. Не болады, соны таңдамай көре беретін. Мен де соның күйін кештім. Киноға деген қызығушылық пайда болды. Сәл қол қалт етсе, кино үйлеріне тартып кететін болдым. Классикалық музыкаға бет бұра бастадым. Тыңдайтыным: Бетховен, Моцарт, Шопен. Мына жерде «Ай сонатасы», «Моцарт музыкасы» туралы 8 жазғаным да осы себептен. Телефон әуендеріне де осыларды кезек-кезек ауыстырып қоятынды шығардым. Мақаланы да солармен бірге жазамын. Миымның, жанымның қалай тынығатынын жеткізе алмай отырмын. Ал соңғы кезде операға, симфониялық оркестрге деген қызығушылығым ояна бастады. «Неге бұрын бармағанмын?», – деп таң қалдым. Операны өнердің биігі деп жатады ғой, менің санам оған тым төмен болғаны шығар, бәлкім... Жақында «Астана-Операның» концертіне барғанымда, өзім секілді бір қазақтың жоқтығына таң қалдым, өзімді сондай артық сезіндім. Біреулер, опера мен балетті түсінбейтіндіктерін айтып сылтау етеді, шындығында, өзім де солай ойлайтынмын. Бірақ, сол залдың атмосферасы адамды көп нәрсеге тәрбиелейді, рухани азық сыйлайды екен [7].
Достарыңызбен бөлісу: |