Кинодан үзінді көрсетіліп, оқушыларға сұрақ қойылады (Баянның Ноян мен қалмақ қызын өлтірген тұсы).
Сұрақ: Сен Баянның орнында болсаң не істер едің? (Баянның жан күйзелісі)
Кейіпкерлер бейнесіне ену
(3 топ Абылай хан, Баян, Ноянның бейнесіне ене отырып, шығармадағы іс-әрекеттерін көрсетеді.)
Баян: Мен Баян батырмын. Қазақта «Батырды намыс өлтіреді» деген сөз бар. Мен ел намысын қорғаймын деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға інімнің іс-әрекеті мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл ісімнің тым асығыстық екенін кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз бауырым еді. Қайтейін, алаш жұртының намысын аяқ асты етіп, қалмақ қызымен бірге кеткені жаныма қатты батты.
Ноян: Мен Баян батырдың інісі Ноян боламын. Өмірде үлкен қателік жасаған адаммын. Себебі, қалмақтың қызына бола өз елімді, жерімді, Отанымды сатып кете бардым. Сіздің намызыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.
Бес жолды өлең (қорытындылау)
Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.
Үлгі:
Кім? Зат есім (1 сөз)
Қандай? Сын есім (2 сөз)
Не істеді? Етістік (3 сөз)
Сөз тіркесі (4 сөз)
Синоним (1 сөз)
Кім? Баян
Қандай? Қайратты, намысқой
Не істеді? Ызаланды, өлтірді, тұтқындады
Сөз тіркесі Баян - Абылайдың қанатты батыры
Синоним Адам
Рефлексия: (Сұрақ-жауап)
Поэмада Баяннан кеткен қателік (Қалмақ қызын еліне алып келуі);
Егер екі жасты Баян өлтірмесе, олардың өмірі қалай болар еді? (Екі жас бақытты өмір сүрер еді);
Шығармада ар-намыс мәселесі қалай көрініс табады? (Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды).
Үйге тапсырма: Баянның іздері халыққа мәңгілік сәуле боп тарайды (эссе), шығарма кейіпкерлеріне мәтіндік портрет жасау
Бағалау:
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.
|