Киіз үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілік еткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған.
Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты кереге мен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді.
Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады.
Сен білесің бе? Оқушыларға мәтінді оқып беру. Олармен бірге өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіру. Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуына ықпал ететінін білуі қажет.