Сабақ жоспары Оқушылардың сөзі. Кіріспе сөз Желтоқсан оқиғасының себептері



Дата25.08.2017
өлшемі196,54 Kb.
#27360
түріСабақ
«Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі».

Мақсаты:

Бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы жастарды имандылыққа, адамгершілікке, салауатты өмір сүруді қолдауға отаншылдық рухта тәрбиелеу



Тәрбиелігі:

Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту, патриоттық тәрбие беру



Дамытушылығы:

Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты дамыту;



Түрі: танымдық сабақ.

Көрнекілігі: көрнекі жазылған слайдтар, интер плакат, сызбалар.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ жоспары

Оқушылардың сөзі.



  1. Кіріспе сөз

  2. Желтоқсан оқиғасының себептері.

  3. «Желтоқсан жұлдыздары» жайлы не білеміз?

  4. Жеткен жетістігіміз


Тренинг ойыны: ( тарелкамен су)

Бір шеңбер құрыныздар, Барлықтарымыз шеңбердің ортасына қараймыз, жұмылған көзбен тарелкадағы сумен бір біріне береді, өзіміз эмоция шығармай тұрады. Жаттығу аяқталған соң қатысушылар өз ойларымен бөліседі және Қандай сезімде болдындар.

Өзінізді ұстауға қиын болды ма?”

Сабақ барысы

Бүгінігі адамгершілік, қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізді алдық.. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік.



  1. Өткен жылдар жемісі. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп қонып өмір сүрген ата - бабаларымыз үш нәрсені бойтұмар сақтап қадірлеген. Олар – ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Халқының тәуелсіздігі үшін отқа түскендер, қиын қыстау кезеңде елін, жерін қорғаған ағалар мен аталар ерлігі біз үшін үлгі.

Намысымның шырағы да- Желтоқсан

Сұрқай өмір сынағы да- Желтоқсан

Жігіттердің ұраныда- Желтоқсан

Жаңа күнің шуағы да -желтоқсан


І-бөлім:

Желтоқсанда -мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын.

Атты тақырыбында (Аружан) өз ойын жеткізеді.

ІІ-бөлім: «Желтоқсан -жаңғырығы» жайында (Айгерім) өз ойын айтады.



«Мастер класс » магнит доска арқылы кестені өз ойларын мен жеткізу.

Қазақстан жастардікі

Дербестік талап етеміз


БҰҰ-на мүше болуды талап етеміз.


Әр халыққа өз көсеміз



Қазақ елінің көсемі керек

Қазақстан жасасын

«Желтоқсан жұлдыздары» жайлы не білеміз?

Қаһарманын ұмытпайды халықтар,

Өткен күнді тарихымыз анықтар.

Ерлігіне тағзым етем қашанда,

Тәуелсіздік алып берген алыптар.
1986 жылдың желтоқсаны бүгінгі біз үшін артында қалдырған тарихи

сабақтарымен қымбат. Желтоқсан күндері осы жалпы ұлттық идеяны

көтеріп, оның жолына өз өмірін арнаған

Қайрат Рысқұлбеков .

Ләззат Асанова

Сәбира Мұханбеджанова

және басқа да мыңдаған ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашан

құрметпен атауға лайық. Олай болса ,бір сәт асыл Желтоқсан

жұлдыздарын еске ала отырып,олардың ерлігі,қайсар өмірі жайлы

көпшілік алдында тағы айта кетсек артық болмас.





Қайрат Рысқұлбековтің сот залында оқыған
“ а қ т ы қ с ө з і ”

Тұтқынға түстім жаутаңдай, Осы айтылған ақтық сөз,

Жоламай ешкім қасыма Туың болсын әрдайым

Бара қалсаң сәлем айт Мойныма алып жаланы

Елдегі құрбы-досыма. Мен болайын құрбаның

Бас-аяғы сол болсын

“Ақтық сөзің не?” деген Басыңа түскен қатердің, Хош аман бол, артымда

Бүгін қойды сот сұрақ Ақтық сөзді енді мен Ағайын, туған азамат!

Айтайын оны халқыма: Сотқа да бір айтайын: Артымда қалған ата-анам,

Жоқ пиғыл менде жасымақ. Ел-жұртым, саған аманат!

Күнәдан таза басым бар,

Қорлай да беріп қайтадан Жиырма бірде жасым бар,

Титыққа қолы жетпесін, Қасқалдақтай қаным бар,

Туған жердің намысы Бозторғайдай жаным бар,

Бөтен қолда кетпесін. Алам десең, алыңдар!
Салт-санадан айрырылып, Қайрат деген атым бар,

Арақтан ұрпақ азбасын. Қазақ деген затым бар,

Ел көркейтер азамат, “Еркек тоқты+құрбандық”,

Қызғаныштан тозбасын. Атам десең, атыңдар.

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жармасын. Мен не етермін, не етермін,

Құлыптасты қиратып Мен келмеске кетермін.

Өлігіңді қазбасын. Көрмеген қош бол, таңдарым.

Өз ұлтыңның басшысын Көре алмай мен өтермін.

Орнынан сүйреп алмасын.


1986 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.

Біздің еліміз – бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, дем алуға ерікті. Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өміріндегі тарихи өзгерістердің жүзеге асуына негіз болады. Тәуелсіздіктің әр күні әр айы тарихи өзгерістерге толы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. 16 желтоқсан оқиғасынан кейін арада бес жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16 – сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алады. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ бақыт. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Тәуелсіздік жылы деп жариялануда үлкен мән бар. Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата- баба қанды жорығының, күресінің заңды жарығы. Бұл көп мерекелердің бірі емес, бұл арман мен тағдыр ұштасқан өте қымбат, ерекше мереке. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген балалардың ғасырлық арманы еді ол. Жүректерін батпандаған мұң, тоң боп қатып, шер болып басып жатпадыма? Қаншама елдің ардагер перзенттері осы тәуелсіздіктің өзі емес, тек сәулесі үшін қанын төкті, жандарын пида етті. Тәуелсіздік жолы – ақ жол қайсар рух жолы.


Сергіту сәті:

Тап таза суда

Балық жүзіп ойнайды.

Біресе жиырылады,

Біресе керіледі,

Біресе құмға тығылады.



Жеткен жетістігіміз.

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

Сонымен Желтоқсандық жастар талаптарына жетті ме ?

Әрине кеште болса жетті.

Яғни:


1. Тәуелсіздігін алды .

2. Егеменді ел болды.

3. Алғашқы президентін сайлады

4. Мемлекеттік рәміздерін белгіледі.

5. Ата заңын қабылдады.

6. Төл теңгесін шығарды.

Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі.

Өйткені , Желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тотаритарлық –коммунистік

жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қоймай, сондай-ақ ол бұрын болып

келген көптеген елдерге егемендік,тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметік

құбылыс болды.

Міржақып Дулатов атамыздың, бір кездегі армандаған асыл үміті осылайша іске асып, егемендігіміз орнап , әлемге атымыз, даңқымыз жайыла берсін. Халқыңыз сізге, Сіз халқыңызға енді шын риза екендігіне ешкімнің күмәні жоқ.

Туған жеріңіздің асыл топырағымен қайта қауышқан сәтіңіз бүгінгі

және келер ұрпақтың мәңгі есінде қалып , тарихта жақұттай

жарқырай түсетініне жерлестеріңіз кәміл сенеді.



Тренинг ойыны:

« Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.

Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз.

Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сіл болса да ұқсайды?»



Қорытынды сөз:

Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.


Сондай - ақ еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы , төл теңгемізді, бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болуымыз керек.

Қорытынды сөзден кейін тренинг ойыны ойналады «Көңілді күй». Уақыты: 5 минут. Іскерлікке қолайлы жағдай жасау үшін орындалады. Жұптарға бөлініп, қолдарымен ұстасып, беттің мимикасы арқылы қазіргі уақыттағы өздерінің көңіл- күйлерін бейнелеуі тиіс. Содан кейін толық сабақты қорытындылап айтылды.

Тәуелсіздігіміздің бойтұмары- Астананың күні елі өміріндегі тарихи оқиғалар тізбегінен орын алатыны анық. Бұл күн сан қилы кезеңдерді басынан өткерген халық үшін ерлік пен өрлеудің биік шыңы.

Бұл оынау мерзім ішінде Отанымыздың қарқынды жылдамдықпен дамып, Қазақстанның берік ұстанған саясатын, мәдениетін, білім және экономикасын әлемге паш ететін күн. Өйткені Астан жай қала емес. Бұл еліміздің бүкіл тарихын, бүкіл болмыс-бітімін бойына сіңірген аспанмен астасып жатқан ертегілер елі.



Астан барда Қазақ елі бар. Астана –қазақтың жүрегі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет