|
Алматы облысы,
Сарқан ауданы,
Ақын Сара орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Ляззат Есенгаликызы
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: Информатика
Сынып: 5 «А»
Өткізілетін күні:---------
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылымы. Қосымша құрылғылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларға компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру арқылы, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың соңынада оқушылар білуі тиіс:
Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін, процессорды, оперативті жадын, қатты дискті, СD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Компьютердің сыртқы құрылғыларының түрін, олардың қызметіне сипаттама беруді.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл»
Жаңа сабақ
Сәйкестендіру кестесі
«Кім епті, еркін ойлы?» берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру
Сергіту сәті
ІV. «Венгр» сөзжұмбағы
«Кім жылдам» жұмбақ шешу
«Бәйге» топбасшылар сайысы
Өткен тақырып бойынша кесте, тест жұмысы
Үйге тапсырма, сабақты қорытындылау, бағалау
Білімді өзектендіру
Балалар, бүгін сабағымыздың тақырыбы «Компьютердің құрылымы». Компьютердің қандай құрылғыларын білесіңдер? (Оқушыларды екі топқа бөлу)
Оқушылар өз білімдеріне сүйене отырып, ребус шешіп, сөздердің жұбын табады.
III кезең. «Миға шабуыл»
1. Адам мен компьютер арасындағы арақашықтық?
2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
3. Компьютерлердің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Супер компьютерлер қайда қолданылады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Барлық компьютерлердің бір-бірінен айырмашылығы – олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.
Дербес компьютер үш бөліктен тұрады:
|
Міндетті құрылғылар:
Ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан
Ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан
Жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан
|
Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады
Неге тышқан компьютердің негізгі құрылғыларына жатпайды?
Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады.
Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан:
Аналық тақша – жүйелік блоқтың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоқтың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат іске асады.
Процессор – жүйелік блоктың «миы».көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді болады.
Жедел жады – компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.
Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.
Видео карта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.
Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет.
Желілік карта компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу керек.
VI. «Кім епті, еркін ойлы?» берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 1 ұпайдан.
I-топқа: фотоаппарат, себет (корзина), тышқан, процессор, пернетақта
II-топқа: кактус, сканер, дискі, микрофон, дыбыс колонкасы
V кезең. «Венгр» сөзжұмбағы деп аталады. Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек. Қай топ көп сөз тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 5 ұпайдан.
м
|
т
|
п
|
л
|
о
|
т
|
т
|
н
|
о
|
м
|
и
|
ы
|
п
|
р
|
р
|
т
|
е
|
и
|
д
|
е
|
к
|
ш
|
н
|
и
|
е
|
е
|
р
|
о
|
м
|
м
|
р
|
қ
|
а
|
н
|
т
|
р
|
н
|
н
|
и
|
т
|
о
|
н
|
т
|
с
|
ө
|
з
|
е
|
т
|
р
|
о
|
п
|
н
|
и
|
б
|
а
|
й
|
т
|
т
|
е
|
з
|
р
|
м
|
в
|
п
|
и
|
к
|
м
|
е
|
р
|
е
|
о
|
ә
|
и
|
а
|
р
|
с
|
о
|
ү
|
а
|
ф
|
ц
|
т
|
р
|
и
|
х
|
е
|
д
|
я
|
й
|
л
|
е
|
і
|
у
|
в
|
ж
|
л
|
и
|
я
|
и
|
ц
|
с
|
н
|
с
|
д
|
а
|
ь
|
ф
|
и
|
к
|
а
|
с
|
о
|
р
|
а
|
б
|
о
|
н
|
е
|
н
|
т
|
V кезең. «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 5 ұпайдан.
Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер,
Информатикада өлшем бірлік
Ақпараттарды өлшер (бит)
Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)
Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80 - ақ минутта ұшты. Бұл қалай?
Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз», - деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
VI кезең. «Бәйге» топ басшылар сайысы. Бұл кезеңде әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.
Ең жоғарғы ұпай-5.
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын Жауабы: 8 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады
8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.
2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Принтер арқылы суреттің кез келген бөліктерін ерекшелеймін. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.
Құлаққап арқылы дайындаған суретімді алдын ала қарап, тексеріп аламын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын.
Жауабы:
Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.
Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.
Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз.
Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.
Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал.
Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.
VII кезең. Алған білімдерін жүйелеу
Оқушылар оқылған материал бойынша кесте толтырады.
Қанша құрылғы
пайда болды?
|
Қай құрылғының қызметі естеріңде қалмады?
|
Қай құрылғының қызметі естеріңде жақсы сақталды?
|
|
|
|
Тест жұмысын орындайды
Сабақты қорытындылау
Оқушыларға бағалау.
Үй тапсырмасы
§6 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру, сөз жұмбақ құру
Достарыңызбен бөлісу: |