Топқа бөлу.Оқушыларға
түрлі- түсті
қағаздардан қиылған ұшақтың,құстың,зымыран
ның,тік ұшақтың суреттері таратылып береді. Оның артында мақал- мәтелдер жазылған.
Тапсырма: Қай топ тез арада мақал-мәтел құрар екен. Шапшаң құраудың жолын өздерің ойлап тапқандарың абзал.
Сұрақ: қалай тез құрап жібердіңдер?
-Бұл мақалдардың ұқсастығы неде?
-Бүгін сабақта не туралы сөз қозғаймыз?
АКТ суреттер
-Ұшақ , жылқы,туған жер,құс,зымыран суреттерінің бүгінгі сабаққа қандай байланысы бар?
-Сабағымыз қандай мақсатпен өтеді деп ойлайсыңдар?
Топ басшыларын сайлау
Топ басшыларын, өз топтарыңызда ақылдасып сайлау керек. Топ басшылары партада жатқан топқа арналған бағалау парағын толтырып отыру қажет.
Бағалау парағын таратып береді.
|
Оқушылар тыңдалу аймағына шеңбер құрып тұрады. «Домино» әдісі арқылы мақал- мәтелді құрап оқиды.
Қолдарындағы суретті қағазға жапсырып іледі.Қағаздың түсі арқылы топталуды оқушылар өздері ойлап табуы қажет.
Қандай мақал- мәтел шыққанын оқиды.
1-топ: Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2-топ: Әркімнің өз туған жері- Мысыр шаһары.
3-топ: Туған жердің күні де, түні де ыстық.
4-топ: Туған жердің ауасы да шипа.
Оқушылар мақал-мәтелдердің туған жер тақырыбына байланысты алынғанын айтады.
Тақтадағы жылқы,туған жер,құс,зымыран,ұшақ суреттерін бір-бірімен байланыстырып көреді.
Топ басшыларын, өз топтарыңызда ақылдасып сайлау керек. Топ басшылары партада жатқантопқа арналған бағалау парағын толтырып отыру қажет. Бағалау парағын таратып береді.
|
Қошемет
|