Тақырыптың түйінді сөздері. тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырылған.
Келтірілген сөздердің қайсысы тақырыпқа сай соны оқушылар «Сөздер банкісінен»,«Біздің тақырыпқа»ауыстырады
Үйге тапсырма беру
Бағалау парағы бойынша бағалату
Барлығына: Өлең жаттау. Т.Айбергенов туралы біліп келу.
Қызыл түс- мазмұны бойынша сурет салу
Жасыл түс- Туған жер туралы 1 мақал- мәтелдің мәнін ашу
Сары түс- Туған жер тақырыбына өлең құрастыру.
Көк түс-Ұшқыш тақырыбына өлең құрастыру
Рефлексия.
Абай атындағы мектеп-гимназияның 4 сыныбында ана тілі сабағынан ашық сабақ өткізілді.Сабақтың тақырыбы «Ұшып келем».Сабақтың мақсаты: Оқушыларға С.Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңінің негізгі идеясын меңгерту, байланыстырып сөйлеу шығармашылықпен ойлау дағдыларын дамыту, туған жердің құдыретін дәріптеу. Түйінді идея:Туған жердің қадірін түсіне білу, туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
Әдістер: «Бір айналым сөйлем», «Конверттегі сұрақ», «Домино», «Қабырғаға қарап оқу», «Лездеме», «Жанды суреттер»,синквейн, постер , эссе,
Көрнекіліктер:интербелсенді тақта, стикерлер, А-3 форматы, фломастер, маркерлер, түрлі түсті қағаздар,желім, қайшы, ұшақтың,тік ұшақтың,зымыранның,құстың,ұшқыштың суреті, смайликтер, парақшалар, «Бағдаршам», «Шығу парағы», «Бағалау парағы»,
Оқыту нәтижелері:-С.Жиенбаев туралы мәлімет алады
-өлеңнің негізгі идеясын ұғынады;
- мәнерлі оқу, байланыстырып сөйлеу дағдылары дамытылады;
- шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдырылады;
- өлең бойынша ашық және жабық сұрақтар қоя алады;
- туған жер тақырыбына мақал-мәтелдерді біледі; Сабақ психологиялық ахуал арқылы өтті.Әо оқушының алдына өзіндік бағалау парағын үлестіріп бердім.Сонымен қоса топ өздерінің іштерінен топ басшысын сайладу.Топ басшысы топты бағалап отырды. «Қызықты жазулар» стратегиясы арқылы сабақ басталмас бұрын партаның астына стикерлер жапсырып қойдым.Сол стикерді тапқан бала үй тапсырмасын айтты. Бұл балаларға тосын жағдай болды.Өздерінің алдыңғы сабақта бөлініп отырғанынан байланысты топқа берілген үй тапсырмаларын сұрадым.
1 топ:«5 жолды өлең» Астана және Алматы(2бала) 2 топ:Мақтанышым Астанам Эссе жазу(1бала) 3 топ:Астана сөзіне сөзжұмбақ (1 бала) 4 топ: «Лездеме» Екі оқушы шығып конверттен бір-біріне көрсетпей кезекпен қағазда жазылған сөзді алады.Сол алған сөзді атамай досына мағынасын түсіндірді. (Алматы,Астана).Жаңа сабаққа байланысты оқушылар жаңадан топқа бөлінді.Топқа бөліну жұмысы Миға шабуыл арқылы өтті.
Оқушылар тыңдалу аймағына шеңбер құрып тұрды да, «Домино» әдісі арқылы мақал- мәтелді құрап оқиды.
Қолдарындағы суретті қағазға жапсырып іледі.Қағаздың түсі арқылы топталуды оқушылар өздері ойлап табуы қажет.
Қандай мақал- мәтел шыққанын оқиды.
1-топ: Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2-топ: Әркімнің өз туған жері- Мысыр шаһары.
3-топ: Туған жердің күні де, түні де ыстық.
4-топ: Туған жердің ауасы да шипа.
Оқушылар мақал-мәтелдердің туған жер тақырыбына байланысты алынғанын айттыБұл бір жағынан сабаққа байланысты мақалдарды еске түсірсе,бір жағынан жаңа сабақтың тақырыбын ашты . АКТ арқылы ақынның шығармашылығынан бейнефильмі көрсетілді де,дарынды оқушы автордың өміріне дайындап келген жұмысын қорғады.Керекті жерін оқушылар жазып отырды. «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясын қолдану арқылы өлеңмен танысты.Ой толғаныс кезеңінде Топтық тапсырмалар берілді.1 топ:Мәтіннің мазмұны бойынша постер жасады