Классикалық күрес бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (1980 жыл, Мәскеу), 1981 жылғы Әлем чемионатының алтын жүлдегері.
Серік Қонақбаев
1980 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бокстан күміс жүлдегері, Европа чемпионы, Әлем чемпионатының (1982) күміс жүлдегері, Кеңестер Одағының үш дүркін чемпионы.
Менің сүйікті спортшым – Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы, 71 кг салмақта бокстан бірнеше рет чемпион болған. Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды.
Ермахан Ибраимовтың шәкірті Бахтияр Артаев. Ол әлі көп Олимпиада чемпиондарын дайындайды деп үлкен үміт күтемін. Ермахан Ибраимов – біздің мақтанышымыз.
Мәтінді пайдаланып сұрақ қойыңдар, дұрыс жауапты таңдаңдар
Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында алтын жүлде алды.
Ол 1998 жылғы Азия ойындарының чемпионы болды.
Чемпионның алтын жүлделі шәкірті Бақтияр Артаев.
Бұл спортшыны білесің бе?
Александр Винокуров
Александр Винокуров – белгілі спортшы. Ол дарынды кәсіби велосипедші. Ол Олимпиада жеңімпазы. Александр Винокуров – Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. Зальцбурктегі 2006 Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны болды. 2006 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолынан ІІ Дәрежелі “Барыс орденін” алды.
Сұрақтар:
Үлгі: Александр Винокуров кім?
Александр Винокуров – велоспортшы.
1.Александр Винокуров қандай спортшы?
2.Ол кім?
3.Ол қандай спорт түрімен айналысады?
4.Ол олимпиада чемпионы ма?
5.Ол олимпиадада қандай жүлде алған?
6.Ол Әлем Чемпионатына қатысты ма?
7.Оның қандай наградалары бар?
неге сүйемін?
Тақырыбы
өте жақсы
жақсы
орташа
нашар
Менің сүйікті спортым
Менің сүйікті спортшым
Не білемін?
Үйге:
Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған? Ақпарат жина.
Қалада сен жақсы көретін спорт түрінен жарыс өтеді. Сен осы жарысты көру үшін не істейсің? (Жоспарыңды жаз)