Сабақ жоспары Пән аты: Қ азақ тілі. Сыныбы: 5 Күні, айы, жылы: 03. 12. 2016 жыл



Дата19.02.2017
өлшемі58,2 Kb.
#10494
түріСабақ
Ақтөбе обылысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ ауылы

Көкбұлақ орта мектебінің

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Бекбаев Ануар Султансиыкович



Тақырыбы: Сөздік қор және сөздік құрам
Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы: 03.12.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Сөздік қор және сөздік құрам

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға сөздік қор және сөздік құрам туралы түсініктерін лингвистикалық білім беру, қаратпа сөздердің тыныс белгілерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

  2. Тәрбиелік: оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, салыстыру, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар, презинтация, бейнеролик,

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Үй тапсырсын тексеру

  «Доп лақтыру» әдісі. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.

1)”Лексика”нені зерттейді?

2)Омоним деген не?

3)Синоним дегеніміз не?

4)Антоним дегеніміз не?

5)Tабу сөздер деген не?

6) Эвфемизм сөздер деген не?

7)Дисфемизм сөздер деген не?

8)Тұрақты тіркестер деген не?



130-жаттығу.

  • Достық, сыйластық, туыстық сезімдер туралы бес мақал тауып жазыңдар. Олардың ішінен омоним, синоним, антоним болатын сөздердің астын сызыңдар.

131-жаттығу.

  • Өздерің қалаған мақал-мәтелдер негізінде ребус құраңдар.

-Мақал дегеніміз не?

-Мәтел дегеніміз не?



132-жаттығу.

  • Ең қысқа мақал-мәтел тауып жазыңдар

 ІІІ. Жаңа сабақты ашу

«Мысалды дәлелде» әдісі. Оқушыларға әртүрлі атауларға байланысты мысалдар жазады және олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққа бірдей түсінікті болады.

1) Туыстықты білдіретін атаулар:ата,ана,аға  т.б

2)Мал атаулары: жылқы,түйе,сиыр,қой   т.б

3)Табиғат құбылыстары: күн,ай,жел,тау   т.б

4) Aң – құс атауы:бүркіт,түлкі,қасқыр,аю   т.б

5)Заттардың түрін,сапасын білдіретін атаулар:аң,ауыр,жылы

6)Қимыл -  қозғалысты білдіретін атаулар:кел,бар,айт  т.б

7)Анотомиялық атауы:бас,қол,көз,мұрын  т.б

8)Тамақ атаулары:ет,сүт,айран,қымыз   т.б

10)Сан атаулар:бір,екі,үш,жеті   т.б

11)Есімдіктер:мен, сен,біз,ол,кім?,не?   т.б

Олай болса оқушылар тіліміздегі барлық сөздердің жиынтығы қалай аталады?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сөздік қор және сөздік құрам».

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тіліміздегі сөздердің көбі – қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері. Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққа бірдей болады. Мысалы: Туыстықты білдіретін атаулар: ата, ана,нағашы, жиен, аға, жеңге, бөле, құда, т.б.

Мал атаулары: жылқы, түйе, сиыр, қой, құлын, лақ, т.б.

Табиғат құбылыстарының атаулары: күн, ай, жел, бұлт тау, тас,т.б

Аң –құс атаулары: бүркіт, қаршыға, торғай, түлкі, қасқыр, аю, қоян, т.б.

Заттардың түр –түсін, сапасын білдіретін атаулар: ақ, қызыл, ауыр, жеңіл, ащы, тұщы, жылы, суық, т.б.

Қимыл-қозғалысқа, әрекетке қатысты сөздер: кел, бар, кет, сөйле, күл, тарт, ал, ал, айт, т.б

Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, көз, тамақ, мұрын, бел, т.б.

Такмаққа қатысты атаулар: ет ,сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, т.б.

Тұрмыс қажетіне қатысты атаулар: қазан, ожау, қасық, жастық, киіз, т.б.

Сан атаулары:бір, үш, жеті, тоғыз, елу, т.б.

Есімдіктер: мен, біз, сен, ол, кім? не? т.б.

Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.

Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді.қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, кірме сөздері де, кейін пайда болған жаңа сөздері де, термин сөздері де, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.

Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер келесі бір мағынада қолданыстан шығып қалуы да, тілге қайта келіп қосылуы да мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде бұрыннан бар, бірақ кеңес өкіметі жылдарында аса сирек айтылып кеткен ай, жыл аттары қазір қайтадан жаппай қолданыла бастады.бұның өзі сөздік құрамның бір қалыпты болмайтынын, оның өзгеріп отыратынын көрсетеді.

Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрайды.



V. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі. Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі, бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

138 – жаттығу

  1. Мәтіннен сөздік қорға енетін сөздерді теріп жазыңдар.

Түркілер жылдардың әрқайсысында бір-бір қасиет бар деп сенген. Мәселен, олардың көзқарасынша, сиыр жылы кіргенде, ұрыс көп болады, себебі сиыр – бір-бірімен көп сүзісетін хайуан. Тауық жылы келсе, азық-түлік көбейеді, адамдардың қам-қарекеті көбейеді. Өйткені тауықтың жемі – дән, оны тауып, теріп жеу үшін, тауық әр нәрсені шоқып, теріп жүреді.

Ұлу жылы кірсе, жауын-шашын, су мол болады да, егін бітік шығады, өйткені ол – су хайуаны.

Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауады, қатты суық болады. Халық тағы сол сияқты әр жылға әрқилы болжам жасайды.

Жыл, қасиет, сиыр, тауық, ұлу, су, жауын, егін, доңыз, қар, халық, адам.
2. Cөздерді атау арқылы қандай атауға жататынын айтқызу.

1.Hағашы,бөле,құда,жеңге,

2.Cөйле,күл,ойна,бар

3.Oмыртқа,жауырын,мойын

4.Aққу,қаз,арыстан,қасқыр

5.Kілем,алаша,ожау

6.Oтыз,алты,мың,тоғыз

7.Шұбат,қымыз,ірімшік,құрт

8.Ауыр,жеңіл,жылы,суық,ақ,қара

9.Жел,тас,су,ауа

10.Ешкі,қой,құлын.лақ

11.Сен,ол,біз



VI. Бейнеролик «Тәуелсіздік күні»

  1. Оқушылар осы бейнероликтен нені тамашаладыңыздар?

  2. Биылғы жылдың қандай ерекшелігі бар?

  3. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан қандай жетістіктерге қол жеткізді деп ойлайсыздар?

/түрлі суреттер топтамасын тақтаға бір-бірлеп ілемін/

VІІ . «Конверттегі сұрақ» әдісі. Ол үшін әуелі 139 – жаттығуды мұқият оқып аламыз. /Оқушылар кітапты жауып қояды/

Оқушылардың әрқайсысына конверт дайындалады және оған сұрақтар жазылып салынады. Конвертті оқушыларға таратып, 2 минут уақыт беріледі: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын оқып, жазып конвертке салады.



Алпамыс Шұғылаға сұрақтар:

  1. «Оймақ» деген не?

  2. «Тіл тию» деген не?

Амангелдіұлы Саятқа сұрақтар:

  1. «Саптама» деген не?

  2. Ою-өрнектер қайда қолданылады?

Есенжолова Айзатқа сұрақтар:

1. Сөздік құрам дегеніміз не?

2.«Құймақ» деген не?

Әбдіғалиев Бекзатқа сұрақтар:

1.«Бөрі тісі қарысты» деген не?



2. Маусым, тамыз, қой, мешін, жылқы, тышқан деген сөздер қандай атауларға жатады?

VІІІ. « Суреттер сөйлейді» Алдарыңызға берілген суреттерге қарап, мәтін құрастырып жазыңыздар.

IX. Рефлекция. Бейнеролик Н.Ә. Назарбаевтың Тіл туралы жолдауда айтқан сөзі

А) Бағалау

В) Үй тапсырмасын беру:

1. Сөздік қор және сөздік құрам туралы түсінік

2. 147- жаттығу
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет