Сабақ жоспары Пән аты: Қазақ әдебиеті. Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала» Өткізген: Алпысхан А. А



Дата03.02.2017
өлшемі2,61 Mb.
#8686
түріСабақ
Максимовка ауылы
Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті.

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала»

Өткізген: Алпысхан А.А

2015-2016 оқу жылы

Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка ауылы №9 орта мектебі.

Алпысхан А.А: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі (орыс сыныбында)



Сынып: 5 «Б» орыс сыныптарына

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Дүние қалай етсең табылады? әңгімесін түсіндіріп, шығармашылық қабілетін дамыту.

  2. Дамытушылық: Оқушыларды көркемдеп сөйлеуге, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, түсніктерін ойдағыдай жеткізуге дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушылар, адамгершілікке, білімділікке, мәдениеттілікке баули отыра, жаман істерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсініп оқу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Кубик, парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.



ІІ. Үй тапсырмасы:

Оқушылардан Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін жатқа сұраймын.

(Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қою).


  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

  2. Несімен бізге танымал?

  3. Ол не істеді?

  4. Ы.Алтынсарин қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

  5. Қай жылдары өмірден қайтты?

  6. Қандай өлеңдерін білеміз?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Дүние қалай етсең табылады?

Мұғалім: Әке мен бала әңгімесін түсініп оқиды оқушылар.



Оқушылардан өз түсініктерін сұраймын .

ІV. Топтық жұмыс. «Кубизм» стратегиясы бойынша, бүгінгі сабақты қорытындылаймын.



  1. Әңгіменің мазмұнына зер салыңдар.(Әңгімелеңдер).

  2. Әкесі баласына не деп айтады?

  3. Еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

  4. «Әке мен бала» әңгімесінде неге тәрбиелеу туралы айтылған?

  5. «Еңбекпен тапқан нан», «Байлықтың көзі - еңбекте» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар?

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Әңгіменің толық түсінігін айту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет