Сабақ жоспары Пән аты: Қазақ тілі. Сыныбы: 5 Күні, айы, жылы: Тоқсан: І



Дата08.09.2017
өлшемі35,26 Kb.
#31260
түріСабақ
Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы

«А.В.Луначарский атындағы орта мектеп гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың эвфемизм мен дисфемизм туралы

  1. лингвистикалық білімдерін кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, ана тілді сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Табу туралы түсінік.

2.103 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:

Терме диктант.

1.Ажыландай тоғанды. 2.Адал ақы, маңдай тер. 3.Бет пердесін ашты. 4.Гүлдей солды. 5.Дүниеден озды. 6.Екі туып, бір қалғаным емес. 7.Жолы болды. 8.Зәре құты қалмады.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кейде бір нәрсенің атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз естілетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтылады. бұл құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.эвфемизм әдепті, сыпайы, сөйлеу мақсатынан шыққан. Мысалы: «мылжың» деудің орнына «сөзуар», «ұрланды» деудің орнына «қолды болды» деген сөздер мен тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.

Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзге ауыстырып айту әдеті де кездеседі. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс.Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпа ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, боғы ботқа болу, қырт.

Дисфемизм – әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдарды мәдениеті төмен адамдар деп есептейді. Бұлар көркем шығармада, көбінесе, ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.


VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:

І деңгей


  1. Сөз тіркестерінен эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазыңдар.

Аузы жеңіл, шірік неме, сылтып басады, жаман ит, құлағы мүкістеу, нұры кеткен, мес қарын, сасық ауыз.

  1. Төмендегі сөздерді эвфемизмге айналдырып жаз.

Өтірікші, сатқын, ұры, сұмырай, надан.

ІІ деңгей



  1. Мына дисфемизмдердің синонимін тауып жаз.

Оңбаған, қайыршы, жалмауыз, кеңкелес,ұятсыз.

  1. Сөйлеу мәдениетіне байланысты өз ой – пікіріңді жаз.

ІІІ деңгей

1.Ауыз әдебиетінен табу, эвфемизм,дисфемизмге мысалдар келтір.

2. «Тіл халықтың жаны, кескін – келбеті» атты тақырыпта ойтолғау жаз.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:


  1. Оқулықпен жұмыс

104 -жаттығу

Мәтіндегі дөрекі, әдепсіз қолданылған сөздерді тауып, адамға қалай әсер ететінін айтыңдар.


106 -жаттығу.

Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар.


2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

VІІІ . Сабақты бекіту:

  1. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру.

1. Эвфемизм мен дисфемизм туралы түсінік.

2. 107-жаттығу

3. Эвфемизм мен дисфемизм сөздерді қатыстырып, «Адамның жақсы, жаман болмағы - өзінен» деген тақырыпқа ойтолғау жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет