V. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі. Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі, бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.
138 – жаттығу
Мәтіннен сөздік қорға енетін сөздерді теріп жазыңдар.
Түркілер жылдардың әрқайсысында бір-бір қасиет бар деп сенген. Мәселен, олардың көзқарасынша, сиыр жылы кіргенде, ұрыс көп болады, себебі сиыр – бір-бірімен көп сүзісетін хайуан. Тауық жылы келсе, азық-түлік көбейеді, адамдардың қам-қарекеті көбейеді. Өйткені тауықтың жемі – дән, оны тауып, теріп жеу үшін, тауық әр нәрсені шоқып, теріп жүреді.
Ұлу жылы кірсе, жауын-шашын, су мол болады да, егін бітік шығады, өйткені ол – су хайуаны.
Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауады, қатты суық болады. Халық тағы сол сияқты әр жылға әрқилы болжам жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |