Зақымдану мүмкіндіктері бойынша вирустар мынадай топтарға бөлінеді:(слайд-5)
Зиянсыз-компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді.
Қауіпсіз- бұлар дискідегі бос жадты кішірейтеді, графикалық, дыбыстық эффектілерге әсер етеді.
Қауіпті-бұл компьютердің жұмыс істеуіне елеулі кедергі келтіреді (ДК жұмыс істеп тұрып тоқтап қалуы мүмкін)
Өте қауіпті- программаның жоғалуына, қажетті құжаттар мен ақпараттар жоғалып кету, баяу жұмыс істеуі, тіптен компьютердің істен шығуына әкеліп соғады;
Компьютердің вируспен зақымданғанын дер кезінде білу үшін вирустардың пайда болуының негізгі белгілерін білу қажет. Компьютерге вирус жұққан кезде мынадай белгілері болады. (слайд-6)
1)Программаладың жұмысын тоқтату немесе жұмыс істемеу;
2)компьютердің баяу жұмыс істеуі;
3)файлдар мен қапшықтардың жоғалуы;
4)файлдардың өлшемдерінің өзгеруі;
5)дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;
6)компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар;
Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет. Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар орнату керек.. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Осындай антивирустық программаларды жасаған орыстың атақты ғалымдары Д.Лозинский, Д.Мостов, А.Данилов, Касперский болды.Қазіргі кезде вирусқа қарсы программалардың бірнеше түрлері бар.
Вирусқа қарсы программалар мынадай болып бөлінеді.(слайд-7-10)
Достарыңызбен бөлісу: |