Детекторлар–бұлардың міндеті вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргі кезде көп қолданылмайды.
Полифагтар- бұлар вирустарды табады және олардан емдейді.Өте қуатты полифаг- сканерлер И.Данилов құрған Dr.Web(Doctor Web) және Д.Лозинский жасаған Aidstest программалары болып табылады.Бұлар вирустарды жақсы айырады бірақ вирусқа қарсы күресетін құралдары басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз.Қазіргі кезде кеңнен пайдаланып жүрген Е.Касперский жасаған антивирустық программа вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа болып табылады.
Ревизорлар-бұлардың міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру. Д.Мостов жасаған ревизор-программа ADif кеңнен танымал, бұл программа ақпараттың тұтас сақталуын бақылауға және вирустардан қорғауға арналған.
Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы программаларды тұрақты жаңалап отыру қажет.
IV. Сабақты бекіту. 1.Электрондық оқулықпен жұмыс (тапсырмаларды орындау, тест шешу)
2. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
3. Вирустар мекендеу ортасы бойынша нешеге бөлінеді?
4. Зақымдану түрлері бойынша нешеге бөлінеді?
5.Вируска қарсы қандай программа бар?
6. Антивирустық программалар нешеге бөлінеді?
7. Қандай антивирустық программаларды білесіңдер?
V. Үйге тапсырма беру: Компьютерлік вирустардан қорғау тақырыпты оқу. «Антивирус» тақырыбына реферат жазу(слайд-11)