Жаратылыстану әдістеме бірлестігінің апталығы



бет1/5
Дата21.05.2024
өлшемі76 Kb.
#202706
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаратылыстану әдістеме бірлестігінің
Дарынды, мет өлшеу срс

Жаратылыстану әдістеме бірлестігінің апталығы
Мақсаты:
Оқушылардың ізденімпаздығы мен танымдық әрекеттерін шығармашылыққа бейімдеу. Халықаралық химия жылы, Қазақстан өндірісінің дамуы туралы оқушыларға кеңнен насихаттау, сонымен бірге экологиялық тәлім – тәрбие беру.
Көрнекіліктер:
Биология ,химия, экология, ауылымыздағы химиялық өндіріс туралы бейне материал, слайдтар.


1-жүргізуші : Армысыздар ,бармысыздар ардақты ұстаздар мен құрметті оқушылар!
2-жүргізуші : М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернатының жаратылыстану – дене шынықтыру бірлестігінің «Білімдінің келешегі жарқын » атты айдарымен өтелетін апталықтың ашылу салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
1-жүргізуші:
Дүниеде құбылыстың мәнінде ,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде ,
Бүкіл әлем сөйлейді ,нақты ғылым тілінде
Ғылымдардың патшасы - нақты ғылым жайында ,
Апталықты бастаймыз
Пәндер туралы оқушы тақпақтары Өзін - өзі тану
Нурай 7а..... сынып оқушысы: .
1.Мен тілеймін,жарқыным,сен де тіле,
Орнасын де жақсылық жер бетінде.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
2. Мен аңсаймын,сен дағы аңса,жаным,
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.
Аңса,жаным,зарығып шарша,жаным,
Қанша ғұмыр қалса да,қанша амалың.

Лейла М 8ә сынып оқушысы:
3.Мен сағынсам,сен дағы сағын,жаным,
Тек жақсылық адамнан табылғанын.
Алакөзсіз,ашусыз бауырлардың
Алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.

4.Болса дағы көңілім қанша жарым,


Білінбейді солармен шаршағаным.
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын,
Аңса,жаным,жабықпай аңса,жаным.
Гүлшнар 7а сынып оқушысы:
Жақсы адам көңілі-күн
Жақсы адам көңілі-күн,
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі-түн,
Кеудеден отты өшірген.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп,өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіңдей жан болсаң,
Ел сүйсінсін ісіңе.
Ақыл қуған адаспас,
Ақылда,дос,бар тетік.
Қапта жатпас таза алмас,
Шығар бір күн жарқ етіп...



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет