Жаратылыстану әдістеме бірлестігінің апталығы



бет3/5
Дата21.05.2024
өлшемі76 Kb.
#202706
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаратылыстану әдістеме бірлестігінің

Ботагөз 7 а сынып
2. Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Айгерім 6а сынып
Экология!
Бөтен сөз.
Бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
Эко – эко – үй, Отан,
Ежелден-ақ ерекше.
Сөз патшасын ұнатам,
Жүрегіме гүл ексе.
Тұтқасы бар әлемнің.
Бізше ғылым – логия.
Онсыз мекен, жоқ ұя,
Жоқ киесі өлеңнің.
Өз үй – өлең төсегің
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің,
Өз басыңды жарады.
1-жүргізуші
О,табиғат, қандайсың,
Тіл жете ме сыйыңа.
Қыр гүліндей жайнайсың,
Ақыл беріп миыма
Адамзаттың керегін
Өзің берін тұрасың.
Жұтсаң ауа, ішсең су
Табиғатым тумасың.

2-жүргізуші

Көрініс: Экологиялық әліппе немесе «сарқылмайтын шексіз байлықтар»: жер, су, ауа, жан-жануарлар мен өсімдіктер туралы Дана ата мен қос бала – Жайлау мен Суаттың мұңды да сырлы әңгімесі.
Дана ата: Айналаға қарасаңдар, адамзат қоғамының қазір экологиялық тоқырау босағасында тұрғанын байқау қиын емес. Адам баласы бұған тиісті дәрежеде көңіл бөліп, күн ұзартпай сол табалдырықты қашықтатуға әрекет етпесе, жер үстіндегі тіршілік атаулыға апат қауіп төнері хақ. Адамзат халықтардан, халықтар жеке адамдардан тұрады. Сондықтан әр кісінің экологияның жақсаруы жолында күресуі керек. Теңіздер тамшылардан құралады ... Мысалы, Арал, Балқаш ...
Жайлау: Е-е, енді бірдеңе түсіне бастаған сияқтымын. Ал фотосинтез дегеніміз не?
Суат: Фотосинтез – Жерге түскен Күн сәулесінің энергияға айналуы.
Жайлау: Солай деңіз ...
Дана ата: Балалар, әлемдегі жан – жануар, адамзат пен өсімдіктер дүниесінің тіршілігі сол фотосинтезге тәуелді. Басқаша айтсақ, фотосинтез дегеніміз – органикалық заттар. Ол – оттегі. Ал, жер бетіндегі тіршілік оттегісіз күн кеше алмайды.
Суат: Орман – тоғай, жасыл алаңның жойылуы тек фотосинтез қорын кемітіп қоймайды, топырақ эрозиясын күшейтіп, ауа райын өзгертеді дегенді естіп едім:
Дана ата: Иә, Адамзат баласының ұзақ жылдар бойы Жер – Анаға жасаған озбырлықтарының нәтижесі экологиялық апат деген алып айдаһар боп өзіне қайта шапқалы тұр. Сол жеті басты айдаһардың бір басы-ауа.Адам тамақсыз 30-35 күн,сусыз бес күн шыдаса, ауасыз бар болғаны бес-ақ минут өмір сүре алатыны сендерге белгілі ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет