Ф-Е-10/4.1
Ашық сабақ жоспары.
Пән аты: Жануарлар анатомиясы және физиологиясы
Оқытушы Байтханова Акмаржан.
Дәрісхана: 115
Топ: Вф9-154
Дәрістің түрі: Теориялық сабақ
Оқыту әдісі: Түсіндіру, пікір алмасу, талдау, жүйелеу, бағалау.
Дәрістің тақырыбы: Сезім мүшелері.
Дәрістің мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды сезім мүшелері, иіс, дәм, сипап сезу мүшелерінің құрылысымен таныстыру, білімдерін арттырып, қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың қабілетін шыңдап, ой-өрісін, сөйлеу тілін, жауапкершілігі мен ізденімпаздығын арттыру.
Тәрбиелік: Әрбір істі ұқыптылықпен орындайтын, ұтымды ойлап өзгенің пікірін силайтын, жауапкершілігі мол, ұрпақ тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Латын тілі, Цитология, Гистология.
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: анатомиялық атлас, суреттер, интерактивті тақта, тест сұрақтары, кубиктер, таратпалы тапсырмалар.
Дәріс барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, төсбелгілерін тексеру, зейінін сабаққа аудару (3-5 минут).
ІІ. Оқушыларды сұрақ-жауап әдісі бойынша мына тақырыпқа тексеру: (20-25мин)
Жүйке жүйелері.
«Номер» ойыны арқылы тексеру. Ойын шарты: Топ төрт топқа бөліндік, әр топта 3-4 оқушыдан топ нөміріне сәйкес тапсырмаларды таңдап, дайындалып жауап береді.
I топ
1. Жүйке жүйесінің зерттейтін
ілімін не деп атайды?
2. Рефлекс дегеніміз не?
3. Үлкен миға жататындарды
ата?
|
II топ.
1. Жүйке жүйесінің
орталық бөліміне қандай
мүшелер жатады?
2. Жұлын дегеніміз не?
3. Ми қандай негізгі
бөлімдерге бөлінеді?
|
III топ.
Қызметіне байланысты
жүйке жүйесі қандай
бөлімдерге бөлінеді?
2. Жұлынның пішіні қандай?
3. Мишық деген не?
|
IV топ.
Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне қандай мүшелер құрайды.
Жұлын қандай заттардан тұрады?
Ромб тәріздес мидың бөліктерін ата?
|
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары: (45мин)
1. Сезім мүшелеріне жалпы сипаттама.
2. Көру мүшесі және көз алмасы.
3. Есту тепе-теңдік мүшесі – құлақ.
4. Иіс сезу мен дәм сезу мүшелері
5. Дәм сезу мүшелері
6. Сипап сезу мүшесі – тері сезімі.
Сезім мүшелері.
Сезім мүшелері — сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.Оларға:
көру мүшесі - көз,
есту мүшесі - құлақ,
дәм сезу мүшесі - тіл,
иіс сезу мүшесі - мұрын,
сипап сезу мүшесі - тері жатады.
Сезім мүшелерінде сезгіш нейрондардың ұшы (рецепторлар) әр түрлі тітіркенулерді қабылдайды. Дыбыс, температура, химиялық ісер т.б. тітіркендіргіштерге жатады. Әрі қарай сезгіш нейрондардың өсінділері арқылы қозу үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі бір аймағына беріледі.
Рецепторлар орналасуы бойынша 2 топқа бөлінген:
Сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттан келген тітіркенулерді қабылдайды.
Ішкі -ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.
Сезімнің физиологиялық негізі - тітіркендіргіштерді талғай біліп, ми қыртысы нейрондардарының қозуына байланысты жүзеге асады.
2. Көру мүшесі және көз алмасы.
Көру мүшесі немесе көз (орган зрения) көру талдағышының шеткі қабылдағыш бөлімі. Талдағыштың өткізгіш жолы қызметін көру жүйкесі атқарады. Орталықтары аралық және ортаңғы мида, ал қыртысты орталығы үлкен ми қыртысының шүйде бөлігінде болады. Көру мүшесі көз шарасында (аңғалақ) орналасқан, бірінші-сезімтал (нейросенсорлы) сезім мүшесі. Көз алмасынан, қорғаныс және көмекші құрылымдардан тұрады. Көз алмасын (bulbus oculi) көз алмасының қабықтары мен онын ішіндегі сәуле сындырғыш мөлдір орта құрайды. Қызметіне байланысты көз алмасының құрылымдарын үш бөлімге бөледі:
Есту тепе-теңдік мүшесі – құлақ.
Есту-тепетеңдік мүшесі немесе құлақ (преддверноулитковый орган) — organum vestibulo-cochlearis s. auris — аттас талдығыштың шеткі қабылдағыш бөлімі. Есту-тепетеңдік талдағышының өткізгіш жолдары қызметін есту-тепетеңдік жүйкесі атқарады. Орталықтары сопақша ми ядроларында, мишық қыртысында және үлкен ми қыртысының самай бөлігінде орын тепкен. Есту-тепетендік мүшесі қоршаған ортадан келетін дыбысты, салмақ күшін (гравитациялық), тербеліс, сызықтық және бұрыштық әсерлерді қабылдайтын сезім мүшесі. Ол екінші сезімтал (эпителиосенсорлы) сезім мүшелеріне жатады. Құлақ үш бөлімнен: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Есту-тепетеңдік мүшесінің қабылдағыш рецепторлары ішкі құлақтың жарғақты шытырманында орналасады. Ал сыртқы және ортаңғы құлақтар көмекші құрылымдар қызметін атқарады.
Иіс сезу мүшесі
Иіс сезу – заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының кілегейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа (15–20 мкм) өсінділер мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі кілегейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10–12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының кілегейлі қабығының беткі жағында болады.
Иіс сезу анализаторы
● Иіс сезу рецепторы жүйесінен
● Иіс сезу жиынтығынан
● Иіс сезу орталығынан
Достарыңызбен бөлісу: |