Сабақ жоспары Пән аты: км08. Мш ақп техн.қолдану



Дата06.02.2022
өлшемі408 Kb.
#80692
түріСабақ
Байланысты:
модуль-14


«Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Сабақ жоспары

Пән аты:
КМ08. МШ ақп.техн.қолдану

Сабақ тақырыбы: Word мәтіндік редакторы. Word мәтіндік редакторында шаблондармен жұмыс

Өткізу мерзімі:
23.12.2019

Оқытушы: Майлыбаева Н

Тобы:

3 курс «Ветеринарлық техник» А(11)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS Word мәтіндік редакторында мәтін терудің негізгі ережелерін пайдалану. Мәтінді түзету тәсілдерін меңгеру (әртүрлі әдістерді қолдану).

Дамытушылық: Мәтін үзінділерін көшіру және ауыстыру амалдарымен танысу. Microsoft Word шеберінің және шаблондарының көмегімен жаңа құжат құруды уйрену.

Тәрбиелік: Құжаттарды мәтінмен толтырып объектілер енгізу, шекараларын қою.

Тірек сөздер:




Сабақтың түрі:

Мультимедиялық техникамен жабдықталған сабақ

Сабақтың тәсілі:

Тәжірибелік

Пәнаралық байланыс:

математика, сызу.

Көрнекі құралдар:

Интерактивті тақта, компьютерлер, тапсырма жазылған бетшелер, оқулық

Сабақтың барысы:

Жоспарлан
ған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Көрнекі құралдар

    1. минут

1.Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сабақта жоқ оқушыларды тізімі бойынша белгілеу.
б) Дәрісхананың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
в) Оқушылардың өткен сабақтан түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
г) Оқушыларға сабақтың мақсатын баяндау.




25-30 минут

2.Өткен сабақты қайталау.
Оқушыларға жекелеме парақшалар таратылады. Ол парақшаларда өткен тақырыптарды қамтитын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар оларды орындай отырып, өткен тақырыптар бойынша білімдерін көрсетеді.




35-40 минут

3. Жаңа сабақты баяндау.







Тапсырма 1: MS Word мәтіндік редакторын пайдаланып құттықтау ашық хатын жаса.
Жұмыс барысы:

  1. MS Word мәтіндік редакторын іске қос.

  2. Құжат бетінің параметрлерін орнату қажет: ені — 18 см, биіктігі – 11 см; Түрі\Альбомдық (Ориентация \ Альбомный); Жиек өлшемдері (Размеры полей) сол және оң жақ жиектері, жоғарғы және төменгі жағы– 1,7 см.

  3. Абзац үшін шегініс (отступ), қатар аралық қашықтық, түзету орнату; егер өлең түрінде болса, шегіністі сол және оң жақтан беруге болады.

  4. Құттықтау ашық хатының мәтінін жаз; өлең түрінде де орындауға болады..

  5. Сурет түрінде рамкамен әдемілеу.

  6. Қаріппен жұмыс: өлшемін, сызбасын және түсін таңда.



Тапсырма 2: Рефераттар мен курстық жұмыстар үшін алғашқы бетін (титульный лист) дайында.
Жұмыс барысы:

  1. Құжат бетінің параметрлерін келтір: ені — 21 см, биіктігі – 29,7 см; Түрі\Кітаптық (Ориентация бумаги – Книжный); Жиек өлшемдері: сол жақ — 3 см, оң, жоғарғы және төменгі жиектері – 2 см.

  2. Caps Lock батырмасын қосып, бас әріптер регистрімен мәтіннің үлкен бөлігін тереміз.

  3. Қаріп өлшемі – 14, сызбасы – қоюланған, мәтір түзету – ортасы бойынша (по центру).

  4. 1-ші қатарға <Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі>, 2-ші қатарға <Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті>, 1 қатар қалдырып, 4-ші қатарға <…. факультеті>, 5-ші қатарға <… кафедрасы>, 10 қатар төмен түсіп, қаріп өлшемін – 26 етіп орнатып, <Курстық жұмыс> немесе <Реферат> деп жаз.

  5. Caps Lock батырмасы арқылы бас әріптер регистрін істен шығар.

  6. Жаңа қатарға көшеміз. Қаріп өлшемі – 14, қаріптің сызбасын қалыпты түрге келтір.

  7. <Тақырып: «Ақпараттану»> деп жаз.

  8. 5-6 қатар төменге түсіп, мәтінді сол жағы бойынша түзету қажет.

  9. <Орындаған: [топ аты, номері] тобының студенті, студенттің тегі, аты, әкесінің аты>, келесі қатарда <Қабылдаған: [оқытушының атағы, дәрежесі] оқытушының тегі, аты, әкесінің аты>.

  10. Соңғы екі жолды ерекшелеп, Формат \ Абзац \ шегініс \ сол жақ [9 см] командасын орында.

  11. 15 қатарға төмен түсіп, мәтінді ортаға түзетіп қоюланған қаріппен Орал [жыл] деп жаз.

 
Тапсырма 3: Резюме шеберінің көмегімен өзіңнің жеке резюмеңді құр, ол келесі мәліметтерді қамтитын болсын: туған жерін және жылын, ұлтың, білімің (орта, орналасқан жері көрсетілген мектеп нөмірі, аттестаттағы орташа балың), компьютер меңгеру деңгейің, шетел тілдерін білу, жеке және қызметтік тұлғаң, қызығатын кәсібің (хобби), мақтаулар мен наградалар, қоғамдық жұмыстарға қатысуың және т.с.с..
Жұмыс барысы:

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу.

  2. Файл \ Создать командасын орындау.

  3. Ашылған терезеден басқа құжаттар (Другие документы) қабаттамасын таңдау. Резюме шебері белгісін, әрі қарай ОК батырмасын басу.

  4. Резюме шеберін іске қосқан соң бір терезеден екінші терезеге <Далее> батырмасын басу арқылы көшу, алғашқы екі терезеден резюменің типі мен стилін таңдайсыз, келесілерде жеке мағлұматтар енгізіліп, жаңа пункттер таңдалып алынады.

  5. Готово батырмасын басу арқылы резюме дайындау аяқталады.

  6. Экранда пайда болатын резюме бланкісіне қалған мәліметтерді енгіз.

  7. Резюмені дискіге сақта.

 


Ескерту: Жұмыс барысында келесі командалар қолданылады: Файл ® Параметры страницы, Файл ®Предварительный просмотр, Вид ® Колонтитулы, Вставка ® Объект, Вставка ® Символ, Формат ® Шрифт, Формат ® Абзац, Формат ® Границы и заливка, Формат ® Буквица, Сервис ® Язык ® Расстановка переносов и т. .д.








10-15 минут

4. Жаңа сабақты бекіту







Тақырып бойынша сұрақтар беру арқылы білім алушылардың түсініктерін байқау білімін бағалау,білім алушылардың сұрақтарына жауап беру, қажет болса қайта түсіндіру.




2 минут

5. Үйге тапсырма беру







Білім алушыларға бағыт көрсете отырып үйге тапсырма беру, осы сабаққа қайталау жасап оқып-түсініп келу,түсіндіру,көрсете алу,қорғау.




2-3 минут

6. Қорытындылау:













2-3 минут

7.Бағалау кезеңі







Оқушылардың алған бағаларын естірту. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды айырықша атап өту (көтермелеу).





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет