Сабақ жоспары Пән аты: Офтальмология



Дата17.04.2020
өлшемі29,3 Kb.
#62845
түріСабақ
Байланысты:
лекция 2 офтальмо

___2___ Сабақ жоспары
Пән аты: Офтальмология

тобы

күні










































Сабақтың тақырыбы: Блефарит. Диагностикасы, емі, профилактикасы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мәтіндік процессор жайлы түсінік бере отырып, алған білімдерін кеңейтіп, қажет кезінде пайдалана білуге үйрету, компьютерде емін - еркін мәтіндік процессорда құжаттарды құруға, сақтауға үйрету.
Тәрбиелік: Ой толғанысқа, икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың оқыту түрі: лекция

Сабақ типі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: лекция, оқулық
Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (5) минут

Тізім бойынша студенттерді тексеру


  1. Үй тапсырмасын тексеру (30) минут

Өткен тақырыптарды қайталап еске түсіру арқылы білімдерін тексеріп бақылау


  1. Жаңа сабақты түсіндіру (45) минут

  2. Блефарит. Диагностикасы, емі, профилактикасы


Жоспар

  1. Блефарит.

  2. Диагностикасы, емі, профилактикасы




  1. Қорытындылау (5) минут: сұрақ жауаптар арқылы қорытындылау




  1. Үй тапсырмасы (5) минут: Тақырып бойынша түсінік айту

  2. Бағалау: Білім алушының сабаққа қатысуына қарай бағалаймын.



Оқытушы: Серикбаева Турсынай

Дәріс №2

Тақырып: Блефарит. Диагностикасы, емі, профилактикасы

Жоспары:

  1. Блефарит.

  2. Диагностикасы, емі, профилактикасы




Блефарит – ағымы созылмалы, қабақтың кірпіктері орналасқан шетінің қабыну ауруы

Жіктемесі



Клиникалық жіктелуі:
Түрлері: қарапайым, қабыршақты, ойық жаралы.
Орналасуы бойынша: алдыңғы бетте орналасқан блефарит және артқы бетте орналасқан блефарит.
Этиологиясы бойынша: алғаш рет (қабынған), қайталанған (қабынбаған) [1,2,4,5,6].

Диагностика



Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі :
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
Визометрия
• Биомикроскопия
• Рефрактометрия
• Скиаскопия
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
• Конъюнктивадан бөлінетін бактериологиялық егу
• Биопсия - карцинома диагнозын жоққа шығару үшін
• Демодекске кірпік мироскопиясы
• Жас жолдарын шаю
• Ширмер сынамасы.
Диагностикалық критерийлер***
Шағымдар мен анамнез: Науқас айқындығы түрлі деңгейдегі қышынуға, қабақ шеттерінің қызаруына, күйдіріп ауруға, қабақ ісінуіне, кірпік түбінің қабыршақтануына, конъюнктивальды қуыстан шығындылардың болуына, жас ағуына және көзге бөгде зат түскендей сезім болуына.
Физикалық тексеру: жалпы қарағанда қабақ шеттерінің терісі ісінген, гиперемияланған, қабыршақ, іріңді қабық, көпіршікті бөлінді не конъюктиваның ісінуі болуы мүмкін.
Зертханалық зерттеулер: Қайталамалы блефариттерде, емнің нәтижесі болмаса – антибиотиктерге сезімталдықты анықтайды. Демодекозды блефаритке күдік туғанда – демодекске кірпік микроскопиясы
Аспаптық зерттеулер:
- Визометрия – көру өткірлігінің төмендеуі
- Биомикроскопия – жас қабықшасын бағалау, қабақтың маргинальды шетінің қалыңдауы мен ісінуі, қабыршақты блефаритте кірпік түбінде қабыршақтың, ал ойық жаралы блефаритте іріңді қабықтың болуы, кірпіктердің дұрыс өспеуі және түсуі, конъюнктиваның ісінуі, мүйізді қабат эпителиінің  ақаулығы.
- Рефрактометрия – аметропия түрін анықтау, оны  кейіннен түзету үшін.
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:                  
- Дерматолог, аллерголог – атопиялық, себореялы дерматит, акнерозацеа, экзема, демодекоздың болуы;
- Гастроэнтеролог – АІЖ ілеспелі ауруларының (гастрит, колит және т.б.) болуы;
- Эндокринолог – қант диабетінің болу.

Дифференциалды диагноз



Сараланған диагноз:
Блефаритті қабақ карциномасымен саралап ажырату керек.
Карцинома көріністері: емнің нәтижесіз болуы, ұзақ уақытқа созылған бір жақты блефариттің болуы, қабақ карциномасының цитологиялық дәлелденуі.

Емдеу тактикасы



Емдеу мақсаты: ауруға әкелген себепті жойып, тұрақты оңалуға қол жеткізу, асқынулардың алдын алу (теріскен, халазион, трихиаз, қабақ шеттерінің өзгеруі, созылмалы конъюнктивит, кератит)
Емдеу тәсілі***:
дәрі-дәрмексіз емдеу: гипоаллергенді диета, дымқыл компрестер, аметропия коррекциясы.
Дәрі-дәрмекпен емдеу (амбулаториялық):
Жалпы негіздері:
- қабақты 0,02% фурациллин ерітіндісімен, калий перманганатымен 1:10000, 1 % бриллиант көгінің спиртті ерітіндісімен өңдеу.
- жақшада аталған антибиотиктердің біреуін  конъюнктивальды қуысқа енгізу (0,25% хлорамфеникол ерітіндісі  1 тамшыдан күніне 3 рет, 0,3% тобрамицин 1 тамшыдан күніне 3 рет, 0,3% гентамицин ерітіндісі 1 тамшы күніне 3 рет, 0,3% ципрофлоксацин ерітіндісі 1 тамшы күніне 3 рет, левофлоксацин 0,5% ерітіндісі 1 тамшы күніне 3 рет, офлоксацин 1 тамшы күніне 3 рет).
- қабақ шеттеріне құрамында кортикостероидтар, антибиотиктер және олардың құрамасы болып келетін жақпаларды жағу (0,5%, 1% гидрокортизонды көз жақпасы, 1% эритромицинді көз жақпасы, тетрациклинді көз жақпасы, тобромицин көз жақпасы, офлоксацин көз жақпасы, дексаметазон+тобрамицин көз жақпасы, дексаметазон+неомицин+полимиксин көз жақпасы – қабақ шетіне жағу және төменгі қабаққа күніне 2 рет қою).
- метронидазол 0,25г күніне 2 рет 10 күн бойы [5, 6 бет]
Ескерту: Демодекоз кезінде кортикостероидтарды қолдануға болмайды, себебі олар жергілікті иммунитетті төмендетеді де, кене санын арттырады.
Кератит дамыған жағдайда – кортикостероидтарды қолдануға болмайды.

Негізгі дәрі-дәрмектің тізімі
І. Антисептиктер:
1. Фурациллин 0,02% ерітіндісі
2. Калий перманганатының сулы ерітіндісі 1:5000
3. Бриллиант көгінің спиртті ерітіндісі 1%
ІІ. Антибиотиктер:
1) Хлорамфеникол 0,25% ерітіндісі, көзге тамшылары
2) Гентамицин 0,3% ерітіндісі, көзге тамшылары
3) Тобрамицин 0,3% ерітіндісі, көзге тамшылары
4) Ципрофлоксацин 0,3% ерітіндісі, көзге тамшылары
5) Левофлоксацин 0,5% ерітіндісі, көзге тамшылары
6) Офлоксацин көзге тамшылары 
ІІІ. Көз жақпалары
1) Эритромицин1% көз жақпасы
2) Тетрациклин 1% көз жақпасы
3) Тобрамицин көз жақпасы
4) Офлоксацин көз жақпас
ІV. Кортикостероидтар
1) Гидрокортизон 0,5 %, 1% көз жақпасы
2) Дексаметазон 0,1% көз тамшылары
V. Құрамдастырылған (антибиотик + кортикостероидтар)
1) Дексаметазон + тобрамицин көз тамшылары, көз жақпасы
2) Дексаметазон + неомицин + полимиксин көз тамшылары, көз жақпасы
Ескерту: балаларға хлорамфеникол – көз тамшылары 0,25%, левофлоксацин, тобрамицин, офлоксацин көз тамшылары және 8 жастан бастап тетрациклин көз жақпасын қолданады. Ципрофлоксацин көз тамшылары 8 жастан асқан балаларға қолдануға болады.
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі:
Метронидазол табл 0,25г (250мг).
Емдеудің басқа түрлері: мейбомиев бездерінің функциясы бұзылғанда қабаққа массаж, физиотерапия (УВЧ терапия, магнитотерапия, антибиотик пен витамин ерітінділерімен электрофорез, УФО, дарсонвализация); трихиаз кезінде кірпік баданаларының электролизі (диатермокоагуляция).
Хирургиялық араласу: халазион (алып тастау), трихиаз, қабақтың ішке не сыртқа айналып кетуі (қабақ пластикасы) тәрізді асқынулар кезінде.
Пациентті әрі қарай жүргізу: қабақты антисептикалық ерітінділермен уақтылы дұрыс өңдеуді, жақпа жағуды, тамшыларды тамызуды, қабаққа массаж жасауды үйретеді. Көптеген жағдайларда аурудың ағымы созылмалы, қайталанбалы болса да, тұрақты емдеген жағдайда ауру нәтижесі оң болады. 
Емдеудің тиімділік критерийлері: симптомдардың жойылуы: қабақ шеттерінің қызаруы мен ісінуі, қышынуы, жас ағуы, бөгде дененің болу сезімі, кірпік түбіндегі қабыршақтану мен іріңді қабықтың болуы, конъюнктивальды қуыстан шығындылардың.

Профилактика


 
Профилактикасы: қабақ шеттерінің гигиенасы, алдыңғы көз бұрышы ауруларын алдын алу, жалпы иммунитетті көтеру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет