Сабақ жоспары Пән: қазақ әдебиеті



бет1/3
Дата11.04.2023
өлшемі23,27 Kb.
#174230
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 Күй аңызы пікір ҚМЖ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп: Н.Жұбаев ат. ЖББМ

Күні: 10.04.23

Мұғалім: Нұрсұлтанова Ф.Б.

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:



Бөлім:

«Қиял мен шындық»

Сабақтың тақырыбы:

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесіне пікір

Оқу мақсаттары:

Т/Ж. 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығармадағы кейіпкерлердің тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Бағалау критерийлері:

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
5 мин

Сабақтың
Ортасы


5мин

10 мин



10 мин

5 мин


Сабақтың мақсатын хабарлау
Бағалау критерийлерімен таныстыру
«Жүйрік ой» психологиялық сәт
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз:
-Маған қажет қасиеттер, мыналар....
-Сол қасиеттердің кейбіреулері менің бойымнан табылады. Олар...
-Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар...
-Менің жанымнан мына адамдардан табылғанын қалар едім, себебі...
1-тапсырма
Тест тапсырмасы

  1. Кімнің сөзі:

«Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»
а) Қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

  1. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?

а) Қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

  1. «Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?

а) Қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

  1. «Сөзім – сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?

а) Қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

  1. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?

а) Қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

  1. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) Қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

  1. «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?

а) Қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
Дескриптор

  • Тест тапсырмасын орындайды;

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

  • Берілген сөйлемдердің авторын анықтайды.

  • 4 балл

2-тапсырма
Ширату сұрақтары.
1.Неліктен әңгіме Күй аңызы деп аталған?
2.Аңызға айналған қандай күйлерді білесіңдер?
3. Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?
4.Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
5.Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
6. Өлімнен ұят күшті. Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?
7. Естемес күйшінің жүрегін бүлк еткізер, көңілі құрғыр әлденеге талпынтқан не?
8. “Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар” деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Немесе күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?
9. Жаңылдың іс-әрекетіне көз қарасыңыз?
10.Шығармада неліктен жағымсыз кейіпкерлер жоқ?
Дескриптор

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

  • Әдеби шығарма бойынша ақпараттарды анықтайды;

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік баға береді;

  • Кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін сипаттайды.

  • 4 балл

3-тапсырма
Мақалдар сыры
Өнер тақырыбындағы мақалдардың мағынасын ашып, түсіндіреді.
Дескриптор

  • мақалдардың мағынасын ашады;

  • өз сөзімен түсіндіреді.

  • 2 балл

1-слайд
2-слайд,


оқулық

3-слайд, оқулық


4-слайд



Сабақтың соңы
5 мин

Кері байланыс. Оқушылар стикерлерге өз пікірлерін жазады.
Маған ұнаған тұсы –

Маған ұнамаған тұсы –


Үй тапсырмасы:


“Қазақ құдіретті күй өнері” деген тақырыпқа эссе жазу.
(100-150 сөз)







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет