Сабақ жоспары Пән: математика



бет4/7
Дата12.12.2021
өлшемі41,2 Kb.
#99605
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚМЖ №2 Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар

Пәнаралық байланыстар:

Статистика мен ықтималдықтар теориясы бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б..

АКТ қолдану дағдылары

Презентация «Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар»

www.bilimland.kz

https://www.youtube.com/watch?v=-Kwz-7bmjUk

https://www.youtube.com/watch?v=lVldTXBL0OE



Бастапқы білім

10.4B бөлім: Ықтималдық. Қарапайым кездейсоқ сынақтарды түсіну және ықтималдықтарды есептеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Сабақ ресурстары

Сабақтың басы/5 минут


3 минут

2 минут


Стартер: «Ақиқат не жалған?»

Мақсаты: Оқушылар статистика формулаларын еске түсіреді.


Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою.

Презентация Слайд№1-2



Сабақтың ортасы/30 минут

15 минут

Топпен жұмыс

Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру.



Теориялық материалды қайталау

(1) Варианта дегеніміз не?

(2) Вариациялық қатар дегеніміз не?

(3) Дискретті вариациялық қатар деп нені айтады?

(4) Интервалдық вариациялық қатар деп нені айтады?

(5) Интервалдың ені деп нені айтамыз?

(6) Жинақты вариациялық қатар деп нені айтамыз?

(7) Үлестірімнің абсолютті тығыздығы деген не? Оны есептеу формуласы қалай жазылады?

(8) Үлестірімнің қатыстық тығыздығы деген не? Оны есептеу формуласы қалай жазылады?

Мысал. Станоктан жасалып шыққан 50 дөңбектің диаметрлері (мм) келесідей:

14,51 14,42 14,56 14,47 14,46 14,35 14,48 14,53 14,21 14,31

14,35 14,68 14,56 14,28 14,36 14,21 14,52 14,23 14,41 14,46

14,69 14,54 14,36 14,15 14,37 14,51 14,25 14,55 14,51 14,36

14,62 14,55 14,38 14,33 14,40 14,52 14,48 14,51 14,55 14,39

14,54 14,58 14,48 14,37 14,38 14,51 14,36 14,15 14,24 14,32

а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.

б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.

в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.

Стратегия: «Түсіндір, сұра, бақыла»

Критерийлер мен бағалау дескрипторларын оқушылар өздері құрады.


www.bilimland.kz
https://www.youtube.com/watch?v=-Kwz-7bmjUk
https://www.youtube.com/watch?v=lVldTXBL0OE
Жұмыс парақшасы

Презентация

Слайд №3-6


15 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет