Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Жарылқасынова М. М. Сынып: 8 «Ә» күні: 15. 04. 2014



бет3/3
Дата27.04.2017
өлшемі0,62 Mb.
#15198
түріПрактикум
1   2   3
3 топ. Пернетақта.

Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі.

Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немес функция белгісі.






(3 сурет)

Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді. (оны біз алдағы сабақтарда оқимыз)


(4 сурет)


Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:

* Енгізу пернесін басу;

* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;

* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;

* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.

Кез-келген электронды кестенің ұяшығына



  • Сан;

  • Формула;

  • Мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.

Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ########### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.

Формулалар: егер сіз = белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: Д5 ұяшығына формуланы енгіздіңіз: =А5*В5, бұл ұяшықтың мәні А5 және В5 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсеңіз, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: -55,69 немесе 5,36- —мәтін, =А5*В5 —формула, =А5*В5+жады- —мәтін.

Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

  1. Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау

  2. Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.

Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.



Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.

Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.

(3 сурет) (4 сурет)


Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.

IV. Сергіту сәті
көздеріңізді жұмып, алақандарыңызбен жабыңыздар. елестетіңіз, ойша ақ параққа тушпен өз атыңызды жазып көріңіз. егер бұл болып жатса, онда әріптеп жөніңізді, тегіңізді жазыңыз, әр әріпті нақты елестетіңіз. соңына нүкте қойыңыз.

V. Сынып жұмысы.

Ал енді оқушылар практикалық жұмысқа өтейік.



1 тапсырма. Excel программасын іске қосу, және оның негізгі ұғымдарымен танысу.

  1. Стандартты және пішімдеу аспаптар тақтасының барлық белгілерінің қызметін көріңіз.

  2. Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеңіз.

  3. 2 парақты (Лист 2 парағын) шертіп, 2-параққа ауысыңыз, 3-параққа ауысыңыз, 1-параққа қайта оралыңыз.


2 тапсырма. Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.

  1. Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.

(әр оқушыға әр түрлі тақырыптар беріледі)

"Шығармашыл оқушы" (8 минут уақыт)

1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.

2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.

3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.

4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.

5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.

6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.

7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.

8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.

9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.

10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.

11-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.


  1. А1 ұяшығына кестенің тақырыбын енгізіңіз.

Тақырыпты енгізу үшін алдын ала А1: Е1 аумағын белгілеңіз, содан кейін мына команданы орындаңыз: Пішім (Формат) Ұяшық (Ячейка) Қосымша (Вкладка) Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки)

  1. В3:Д6 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз

  2. Кестені сақтаңыз.


VI. Сабақты бекіту.

(оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, топ басшысы қорытындылайды)

  1. Электрондық кестелер қайда қолданылады?

  2. Excel программасын қалай іске қосамыз?

  3. Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?

  4. Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Кестеге енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?


VIІ. Бағалау:

Оқушылардың өздері қойған бағалары мен мұғалімнің бағаларын салыстырып, ортақ баға шығарамын.



VIІІ. Үй тапсырмасы:

§26, §27 тақырыптары бойынша бақылау сұрақтарына дайындалу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет