Пән мұғалімі:
|
Сарбаева Жайнагуль Жанатовна, БҚО, Орал қаласы №14 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі
|
Сыныбы:
|
5 - сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Санның пайызын табу.
|
Мақсаты:
|
Оқушыларға санның пайызын табуды үйрету.
|
Күтілетін нәтиже:
|
А) Ережесі бойынша санның пайызын табады.
В) Оқулықтан А, В, С деңгейлерінен есептер шығарады.
С) Компьютерде микрокалькуляторды іске қосып, С деңгейіндегі есептерді шығарады.
|
Керекті жабдықтар:
|
Стикер, флипчарт, ресурс парақтары, жұмыс дәптері, маршрут карта, микрокалькулятор
|
Сабақ жоспары
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Мұғалімнің формативті бағалауды қолдануы жөнінде түсіндірме
|
Кіріспе
|
Ұйымдастыру (1-3 мин)
Топқа бөлу (Жылдары бойынша тұрғызып, басбармақ, баланүйрек, ортантүйрек, шылдыршүмек, кішкентай бөбек)
Үй тапсырмасы № 1283
Дәптерлерін көршілерімен алмастырып, тексереді.
Тұтас шама 100%екенін еске аламыз, ол бізде сүт болады
Сүттің 20 % -ы қаймақ, яғни 100% бес бөлікке бөліп, оның бірінші бөлігі 20% болады.
Қаймақтың 25% -ы май, бірінші бөліктің 25% -ы ол бірінші бөлікті тең 4 бөлікке бөлеміз деген.
Сонда барлығы 20 бөлік пайда болады, 100% -ды 20 бөлікке бөліп, сүттің 5 % ы май екенін табамыз.
Жаңа тақырыпты ашу үшін:
(қосымша тапсырма)
Есеп: Барлығы – 800 ағаш, 25% - ы шырша
45% -ы қарағай
Қосымша есепке маршруттық карта:
Қолыңда керектің бәрі бар ма? (қалам, дәптер, қарындаш)
Барлық ағашты тұтас шамаға бөл(100%), қиналсаң кітаптан қара 317 бет, түсінбесең көршіңнен сұра
Шыққан санды 25 – ке көбейтіп, шыршаны тап;
(2) шыққан санды 45-ке көбейтіп, қарағайды тап
Қорытынды:
|
Топқа бөлу арқылы сабаққа кіріседі. Үй тапсырмасын тексергенде бір-бірін тыңдайды, бірін – бірі тексереді.
Өздерін басбарсақ әдісі арқылы бағалайды.
Өткенді қазіргімен байланыстырып, есеп шығарады.
Үй жұмысы арқылы жаңа тақырыпты ашады.
|
Оқушылардың жауаптарын бағалайды (қолдау, қолпаштау).
|
Тұсаукесер
Блум таксономиясы сұрақтар беру
|
Миға шабуыл сұрақтар:
1) Пайыз дегеніміз не?
2) Пайыз не үшін қажет?
3) 1% -ы шаманың неше бөлігіне тең?
4) Толық шама нешеге тең?
5) Процент белгісін өмірде қайдан кездестіріп немесе көріп жүрсіңдер?
6) Сен ше, сен қалай ойлайсың?
7) Бөлшекті пайызбен қалай жазамыз?
8) Пайызды бөлшекпен қалай жазамыз?
|
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп, оны жаңа сабақпен байланыстырады.
Сабақтың мақсат – міндеттерін айтады.
|
Оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену дағдыларын дамыту, жаңа сабақты өткен тақырыппен байланыстырып, сабақтың мақсат – міндеттерін таныстырып, күтілетін нәтижеге жетудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
|
Негізгі бөлім
1 есеп (5 мин)
Ереже (3 мин)
Формула (1 мин)
2 есеп (3 мин)
Микрокалькуляторды қолдану ережесі
Оқулықпен жұмыс А деңгейі №1289; В деңгейі №1296; С деңгейі 1306
Маршруттық картамен жұмыс.
|
«Ойлан.Жұптас.Бөліс»
Тақырыпты өздігінен меңгерту
Кітаптағы есепті талқылау; Формула шығарып, ережені флипчартқа жазу керек.
1 есеп: Алманың 85%-і су. 4кг алманың неше кг су?
4 кг алманың 1 %-і неше кг?
4/100=0.04 (кг)
4 кг алманың 85 % -% - неше кг?
0,04*85=3.4 (кг) ж: 3,4кг
Ереже: Берілген санның процентін табу үшін:
Процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек
Берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.
Формула: b=a*P/100
a – берілген сан
b- берілген санның процентке сәйкес мәні
P-процент саны
микрокалькуляторда есеп шығару.
№1289
Барлығы -30оқушы; 5 - ке 20 %, 4- ке 50% бақылау жұмысын жазды. Неше оқушы 5- ке, 4- ке жазды ?
Ш: 6 оқушы 5 –ке, 15 оқушы 4 – ке жазды.
№1296
Ойыншық машина бағасы-420тг
15% арзандатылды.
Арзандатылған бағамен алынған 7 ойыншық -?
Неше теңге үнемдеді?
Ш: 420*15/100%=63тг
420-63=357тг
357*7=2499тг
420*7=2940тг
2940-2499=441тг
Ж: 441 тг үнемдейді.
С деңгейінің есебін компьютердегі микрокалькуляторды қолданып шығарады. (Маршруттық карта ұсынамын)
№1306 Маршруттық карта
Қолыңда керектінің бәрі барма? (Қалам, жұмыс дәптер, қарындаш,сызғыш)
Есептің берілгенін толық түсініп, оқы
Алдымен 145-тің 60%ын тап, таба алмасаң кітаптан қара 322 беттегі ережені қолданасың
Шыққан санды 145-ке қосып, 60%-ға арттырылған санды тап, қиналсаң көршіңнен сұра
Шыққан санның 25%-ын есепте, ереже бойынша, қиналсаң досыңнан сұра
Шыққан санды жаз
Жарайсың сен есептеп таптың!!!!!
|
Топтар оқулықпен жұмыстанады.
Мысалды түсіндіреді. Формула жазады.
Ереже тұжырымдайды.
Топта есеп шығарады. Бір – біріне түсіндіреді.
Жұпта мысалдар шығарып, түсіндіреді.
Жеке есептер шығарады.
Оқушылар бір-бірінен көмек сұрайды. Бір –біріне түсіндіріп, жұмыстанады.
|
Оқушылар өздері оқыған материалдармен жұмыстанып, олардың жұмысын бағдаршам арқылы бағалаймын.
Мадақтау арқылы бағалау. (Жарайсың!, Керемет!)
Стикерде смайликтер арылы бағалау, екі жұлдыз бір тілек
|
Қорытынды
(10 мин)
Үйге тапсырма:
|
Сабақты аяқтау. «Серпілген сауал»
Кері байланыс:
Мен бүгін сабақта білдім (Не?)
Мен бүгін сабақта үйрендім (Не?)
Бүгінгі сабақта мен үшін жаңалық болды (не?)
Мен үшін түсініксіз болды (Не?)
№1286, 1297 (327 беттегі тарихи дерек)
|
Кері байланыс жазып, тақырыпты қалайша меңгергендерін көрсетеді.
|
Оқушылардың түсну дәрежесін бағалау. Кейбір оқушыларға кері байланыс беру.
|
Сабақты талдау
|