Сабақ жоспары пән: Сауат ашу



Дата04.07.2018
өлшемі208,6 Kb.
#46421
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән: Сауат ашу

Мектеп:

Тақырыбы:Б дыбысы мен әрпі

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау


Сабақтың мақсаттары:



Барлық оқушылар:

Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөздің буыннан тұратынын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап, буын санын анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері:

1.Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін біледі.

2.Сөздің буыннан тұратынын түсінеді, сөздегі буын санын анықтайды.



Тілдік мақсаттар:

Б дыбысы кездесетін буын, сөздермен танысады. Дыбыстық талдау жасай алады.

Құндылықтарды дарыту:

Сыйластық, жауапкершілік қарым -қатынас.

Пәнаралық

байланыс:

Дүниетану, математика

АКТ пайдалану дағдылары:

Интерактивті тақта, слайд, үнтаспа.

Бастапқы білім:

П дыбысы дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Буын құрай алмайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі:

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

Таңғы шеңбер. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. « Жүрек жылуы» тренингі арқылы әр оқушы өз жанындағы тұрған сыныптасының жақсы қасиеттерін айтып жылы лебіз білдіреді.

Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

(Қардың дыбысы естіледі)

-Балалар бұл ненің дыбысы?

-Бүгінгі сабағымызға кім келіп қалды екен? (мұзды ханшайымның суретін көрсету)

Бізге мұзды ханшайым қонаққа келген екен.

-Қане, не үшін келген екен, өзінен сұрап көрелік. (Мұзды ханшайымның сөзін тыңдату)

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен барлық 42 әріпті 4 жыл мезгіліне жасырдым. Бүгінгі сендердің танысатын әріптеріңді өзімнің жақсы көретін қыс мезгіліме жасырып қойдым. Менің дайындаған тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, сендерге сыйлығым бар.

-Ал балалар біз мұзды ханшайымның тапсырмаларын орындап көрейік.Ол үшін біз Қыс мезгіліне саяхаттаймыз. Бізге саяхаттау үшін қандай көлік керек? (Шана).

Барлығымыз бірге шанаға отырып саяхаттайық.



Смайликтер, мұзды ханшайымның суреті.

үнтаспадан дауыс естіледі.



Сабақтың ортасы

-Балалар қыс мезгілінің келгенін қайдан білеміз.

-Қар жауады, аяз, боран болады, мұз қатады. Дұрыс айтасыңдар, алдымен қыс мезгілі келгенде қар жауады.

-Қане саусақтарымызбен қар жауғызайықшы.

Қардың тапсырмасы. Қардың сендерге әкелген сиқырлы сандықшасы бар екен.

(ҰЖ) «Сиқырлы сандықша». Сандықшаның ішіндегі жасырынып тұрған затты алдарыңдағы берілген сөздер арқылы тауып алуларың керек.

Иіссіз, дәмсіз, қатты, ақ түсті, ізі аппақ, төртбұрышты және дөңгелек болады. (Бор) (ҚБ. «Бағдаршам»)

-Бор сөзінде қай әріп таныс емес? Б әріпі. Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Б әрпі және дыбысы. Мұғалім түсіндірмесі. Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын ұяң дауыссыз.Б дыбысы дауыссыз ұяң дыбыс. Б әрпінен басталатын сөздерді айтқызу. Мысалы: бор, бақа, барабан.

(ЖЖ) «Айна» әдісі. Қане, біріміз айна, біріміз адам болып б дыбысын 3 рет айтып көрейікші. Бор сөзін үш тілде айту.Бор сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастыру. (ҚБ. «Смайлик» арқылы бірін бірі бағалайды)

Оқулықпен жұмыс. «Бор неден жасалады?» мәтінді оқыту.



Сергіту сәті: П әрпіне басталатын сөз – қол шапалақтаймыз. Б әрпіне басталатын сөз - аяқпен тарсылдатамыз.

Қар жауғаннан кейін қатты жел тұрса, ол қандай ауа райы құбылысына айналады?

-Қане, балалар, боран қалай соғады, көрсетейікші. (УУУ) (ТЖ) Шашылған буындардан сөз құрау. І топ: Б дыбысынан басталған адам есімдерін табу. ІІ топ: Б әрпі сөздің ортасында кездескен сөздерді табу.

ІІІ топ: Б әрпі бар жануарларды атауын табу. (ҚБ «Бас бармақ» ) Қар жауды, боран болды, енді қандай құбылыс болады деп ойлайсыңдар? (Аяз) Аяз болғанда адамдар, жануарлар, құстар қалай тоңады. Қане көрсетейікші. Аяздың тапсырмасы: ( ДЖ) Сәйкестендіру.

Бар қорқақ

биік жоғалту


батыл жоқ

табу аласа (ҚБ. «Жұлдызша»)

Балалар, біз аяздан қатты тоңып қалдық, енді жылынып алайықшы.

Сергіту сәті: «Бақа» биін билеймиз

Енді қандай ауа райы құбылысы болады деп ойлайсыңдар? (Мұз)

Қане барлығымыз мұз болып қатып қалайықшы. Бәріміз мұз болып қатып қалсақ та, мен сендерді өзімнің жүрек жылуыммен ерітемін.

Балалар ата-аналарың, ата-әжелерің сендерді қандай жылы сөздермен еркелетеді. (ҚБ «Жылы лебіз» )

Ботам, ботақаным, қошақаным, ақ қояным, балапаным, көжегім, құлыным,айым, жұлдызым, күнім.

Дәптермен жұмыс

Б әрпін партаға, көршілерінің арқасына жазу. Дәптерге Б әрпінің бас әріпін жазу.




Слайд

Сандықша


Бор

Слайд


Оқулық

Үнтаспа


Қима қағаздар

Слайд


Қима қағаздар, интерактивті тақта.

слайд


Жұмыс дәптері

Баспа және жазба түрі




Сабақтың соңы

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық кедергілерден өтіп, мұзды ханшайымның тапсырмаларын қиындықсыз орындадыңдар. Енді сендерге мұзды ханшайымның досы аққала келіпті. Оның да тапсырмасы бар екен.

(ТЖ). Венн диаграмма. Б-П дыбыстарын салыстыру. (ҚБ. «Екі жұлдыз,бір тілек») Рефлексия

Біз шанамен қыс мезгілінде саяхаттап жүрміз. Қыста барлық бала қандай ойындарды ойнағанды ұнатады? (сырғанақ тебу)

-Ендеше тақырыпты түсінген оқушылар сырғанақтың жоғары жағына шаналарды орналастырамыз. Тапсырмаларда қиналсаңдар, әлі де сұрақтарым бар деген оқушылар ортасына орналастырамыз.

Балалар бүгінгі сабақ соңында көңіл-күйіміз қалай болды?

Мұзды ханшайымның сөзі.

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық кедергілерден өтіп, менің тапсырмаларымды қиындықсыз орындадыңдар.Менің сыйлығымды қабыл алыңдар.



Венн диаграмма, шана, сырғанақ.

кәмпит.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет