Сабақ жоспары Пәні: алгебра Сынып: 7 Тарау: Кездейсоқ оқиғалардың жиілігі мен ықтималдығы



Дата25.08.2017
өлшемі59,22 Kb.
#26014
түріСабақ
Lesson Planner

Сабақ жоспары

Пәні: алгебра Сынып: 7 Тарау: Кездейсоқ оқиғалардың жиілігі мен ықтималдығы

Тақырып: Кездейсоқ оқиғаның жиілігі. Жиілік кестесі. Мұғалімдері: Нурушева Н.М.

Мазмұны

Ұғымдар

Зерттеу сұрағы

Сабақ барысы

Қорлар




  1. Кездейсоқ оқиға.

  2. Кездейсоқ оқиға кестесі.

  3. Берілгендер қатарының көлемі, модасы, өзгеріс ауқымы, медианасы.

Кілт сөздер:

қатынастар


Жақын ұғымдар:

заңдылық



Зерттеу мәселесі:

Ғылыми-техникалық инновация қоршаған ортадағы заңдылықтарды зерттеуде айналамыздағы қатынастарды терең түсінуге мүмкіндік береді.


Негізгі (концептуалді) сұрақ:

Ғылыми-техникалық инновациялар қалайша қоршаған ортадағы заңдылықтарды зерттеуде айналамыздағы қатынастарды терең түсінуге мүмкіндік береді?


Нақты сұрақ:

Кездейсоқ оқиғаның жиілігін анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
Дискуссиондық сұрақ: 10 жағдайдың 10-ында да «сан жағы» шыға ала ма?


Кіріспе

Мақсаты: Берілген мәліметтер бойынша жиіліктер кестесін құруды үйрету. Оның модасын, өзгеріс ауқымы, арифметикалық ортасын, медианасын таба алуға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

А: статистика жөнінде түсінік беру; берілгендер қатарының жиілігін, көлемін, өзгеріс ауқымы, модасын, арифметикалық ортасы туралы ұғымды білу.

B: кесте мен диаграмма құру дағдысын қалыптастыру; жиілік, көлем, өзгеріс ауқымы, мода, арифметикалық орта таба алу дағдысын қалыптастыру;

C: ғылыми ақпаратты әр түрлі коммуникация әдістерін,ИКТ қолдана отырып әр түрлі форматта ұсына алу.

D: қажетті ақпаратты іздей, талдай және бағалай алу; зерттеу нәтижелерін негіздей алу.



Оқулықтар:

Шыныбекова А.Н «Алгебра 7»

Mathematics

for the Middle Years 3.( Pearson, Australia)

Интернет-ресурсы:

www.mathletics.com

www.occ.ibo.org


Сабақ барысы:

  1. Білімді жаңғырту (ауызша)

  2. Жаңа тақырыпты меңгерту

  3. Бекіту

  4. Қорытынды (рефлексия, бағалау)

Білімді жаңғырту (10 мин)

Оқиға қандай бола алады?

Слайдтағы сұрақтарға жауап береді.

«Статистика» деген ұғымды қалай түсінесіздер?


Жаңа ақпарат (20 мин)
Жаңа ақпаратты түсіндіру практикалық жұмыс ретінде іске асады. Алдымен сыныпқа сұрақ қоямын.

Әркімде қанша қалам бар?

Айтылған нәтижелерді тақтаға жазамын.

Бұл мәліметті тағы қалай ыңғайлы етіп беруге болады?

Мәліметті кесте түрінде сақтау тиімді. Кесте құрастырып, келесі сұрақтарға жауап іздейміз:


  1. барлығы қанша қалам бар;

  2. арифметикалық ортасы қандай?

  3. модасы нешеге тең?

  4. өзгеріс ауқымы

  5. медианасын қалай анықтаймыз?

Мәліметті тағы қандай түрде беруге болады? Гистограмма дегенді естуіңіз бар ма? Полигон дегеніміз не екенін естімедіңіз бе?

Оқушыларға кестедегі мәлімет бойынша Microsoft Excel бағдарламасы арқылы полигон, гистограмма құрып үйретеміз.



Бекіту(20 мин)

Ендігі кезекте осы жұмысты оқушылардың жеке өздеріне жасауды ұсынамын. Ол үшін оқушылардың соңғы жазған бақылау жұмыстарының А критерийі бойынша алған ұпайлары туралы мәліметті пайдаланамыз. Жоғарыдағы сұрақтарға оқушылар өз бетімен жауап іздейді. Алған нәтижелерді тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырамыз.








Қорытынды:

Рефлексия сұрақтары:

  • Сабақта жаңа не білдің?

  • Сабақта өзің білетін білімдеріңнің ішінен қайсыларын пайдаландың?

  • Сабақта алған білімдеріңнің қайсылары саған болашақта қажет болады?

  • Алынған біліміңді қайда қолданасың?

  • Сабақтың қай кезеңінде сен өзіңді сенімді сезіндің?

  • Ненің арқасында сабақта кездескен қиындықтарды жеңдің?

  • Сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолдандың (кесте құрастырдың, сызба салдың, тезис құрастырдың , моделдедің….)?

  • Сабақта өзіңді не үшін мақтай алар едің?

  • Сабақта алдағы уақытта нені өзгертер едің?

  • Сабақта саған бәрінен де не ұнады?




Рефлексия:






Ғаламдық мән-мәтіннің рөлі:

Ғылыми-техникалық инновация қоршаған ортадағы заңдылықтарды зерттеуде айналамыздағы қатынастарды терең түсінуге мүмкіндік береді.



IB мақсаттары:

• әртүрлі мәнмәтінде анық және сенімді тілдесу

• логикалық, сыни және творчествалық ойлау қабілетін дамыту

• математикалық ойлау және мәселелерді шешу дағдыларының сенімділігі мен дербестігін қалыптастыру

• математикадағы зерттеулерді іске асыруға арналған білімін, тәжірибесін және қатынасын дамыту

• жеке және басқалардың жұмыстарын критикалық бағалау қабілетін дамыту


Сараптау тәсілдері: шығармашылық деңгейі бойынша; оқушылардың өз бетімен жұмыстану деңгейі бойынша

Оқыту тәсілдері :

Құрамдастары

Қолданыс дағдылары

Ойлау (алмастыру)

Алынған білімдері мен дағдыларын таныс жағдайларда қолданады

Әлеметтендіру

Шындық пен теңдікке негіздей отырып шешім қабылдайды

Араласу

Ақпаратты берудің әр түрлі әдістерін қолданады


Өз-өзін басқару

Уақытты тиімді ереже бойынша қолданады

Зерттеу

Шешім қабылдау үшін ақпаратты жинау және талдау


Бағалау сипаттамасы: оқушылар тақтадағы дұрыс жауапты пайдалана отырып өздерін-өздері бағалайды

Үй тапсырмасы: жетінші сыныптар арасында мәлімет жинап, оны зерттеу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет