ОҚО Сайрам ауданы Манкент ауылы Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің І деңгей сертификатталушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Давлетова Дилбар
Сабақ жоспары
|
Пәні: қазақ тілі
|
Сынып: 10 (қоғам-гуман)
|
Мерзімі:
|
|
Тақырыбы: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық қызметі
|
|
Мақсаты
|
Адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөнінде азаматтық пікір қалыптастыру, маңыздылығын түсіну, өз ойларын қазақ тілінде еркін баяндауға жаттығу, айшықты сөздерді қолдану
|
|
Міндеттер
|
Тілдің ел, ұлт болудығы маңыздылығын түсіндіру
|
|
Күтілетін нәтиже
|
Адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөнінде азаматтық пікір қалыптастырады, маңыздылығын түсінеді, өз ойларын қазақ тілінде еркін баяндауға жаттығады, айшықты сөздерді қолданады.
|
|
Дерек көздері
|
Оқулық, элекронды оқулық, ғаламтор желісі, газет- журналдар
|
Кезең
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер
|
Ұйымдастыру
2 минут
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру"Тілектер бұрқағы" Тілекке шақыру арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Түстер арқылы топқа бөлінеді.
|
Психологиялық ахуал қалыпқа түседі. Парақша түстеріне қарай топтарға бөлінеді.
|
|
парақтар
|
Білу, түсіну
10 минут
|
"Теннис" ойыны
Мелекеттік тіл туралы не айта аласың?
Мемлекеттік тілдің дамуына сенің қандай үлесің бар? Тіл үйренудің қандай маңыздылығы бар?
Тіл туралы қандай заңдар, қашан қабылданған?
|
"Теннис" ойыны арқылы топтар ресмилік бойынша білген ақпараттарына сұрақ-жауап жасайды.
|
Топтық бағалау
"Екі жұлдыз бір тілек"
Бірін- бірі бағалайды.
|
Дәптер, оқушылар, сұрақтар
|
Қолдану
6 минут
|
Тіл туралы жазған ойларын сағат тілі бойынша тексеру . Құрастырған сұрақтарын, мақал- мәтелдерді тексеру, мазмұнын ашу
|
"Тілден биікасқар жоқ"- дегенді қалай түсінесің?
Бір оқушы келесі оқушының үй тапсырмасын тексере отырып, өз пікірін білдіреді. Мазмұнына қарай отырып ұпай береді.
|
өзара бағалау, топтық бағалау
|
дәптер
|
Сергіту сәті
1 минут
|
"Пантомимо"
|
Бейнеролик көре отырып, оқушылар жаттығу жасайды.
|
Көңіл- күйі көтеріледі.
|
бейнеролик
|
Талдау
9 минут
|
Топтық жұмыс
85- бет Тілдің өту кезеңдері
І топ - 2- жаттығу, таяныш сөздерден пайдаланып, жазбаша пікір келтіру
ІІ топ- 3- жаттығу, мәтінді көшіру, тірек сөздердің астын сызу, түсініктерін баяндау
|
Оқушылар топтаса отырып, өз ойларымен кітаптағы айтылған ақпарттарды салыстырады. Құнды деген ақпарттармен бөліседі.
Тіл- жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды тіршілік құралы.
Сіз- ұлы халықтың ұрпағысыз!
|
"Екі жұлдыз, бір тілек"өзара бағалау
|
Парақтар, маркер, стикерлер
|
Жинақтау
8 минут
|
«Еркін пікір алаңында» ой бөлісу:
"Тіл- ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра", "Тіл - ұлт келбеті"
|
Топ мүшелері берілген тапсырмаға бірлесе дайындалады. Кітаптан оқып береді, түсіндіреді, өз ойымен бөліседі.
|
Өзара бағалау
|
Оқулық, дәптер, тақта
|
Бағалау
7 минут
|
5-жаттығу дәптермен жұмыс. Мәтін мазмұнын әр абзацқа тірек сөйлем құрастыра отырып, әңгімелеп беру, синтаксистік талдау жасау
|
Өмір сүріп отырған кездегі тіл мәселесіне назар аудару, оған көмек көрсету- тіл мен әдебиет саласындағы ғалімдардың ғана еншісінде емес, ол қоғамдағы әр азаматтың міндеті.
|
Топтық бағалау
|
сұрақтар
|
2 минут
Бағалау
Үйге тапсырма
|
Бағалау парақшалары негізінде
Тілдің дамуының негізгі факторы
Тілді дамытуға менң үлесім
Тіл туралы қандай заңды білу керекпін?
|
Бағалау парақшаларын жинайды.
|
Қалыптастырушы бағалауды жинақтаушы бағалауға айналдыру
|
Бағалау парақшалары, күнделік
|
Рефлексия
|
"БББ" әдісі арқылы
|
Кері байланыс береді.
|
|
стикерлер
|
Достарыңызбен бөлісу: |