Сабақ жоспары
Пәні: Дүниетану
Сынып:1 «в»
Тақырыбы: Мен қайда тұрамын?
Мақсаты: Оқушыларды сызбамен, картамен таныстыру, оларды ажыратуға, жергілікті жер сызбасынан нысандарды табуға, шартты белгілерді түсінуге үйрету.Нысанның орналасқан жерін табуға және жергілікті жер сызбасын пайдалануды, картамен жұмыс істеуді үйрету.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктері: Қазақстанның картасы, Ш.Уәлихановтың портреті, смайликтердің суреті,стикерлар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушыларды сабаққадайындау
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар бүгін сендер өздерін тұратын жердің қайдаорналасқанын білетін боласыңдар
-Оқулықта берілген Қазақстанның картасына мұқият қараймыз. Еліміздің қай бөлігінде тұрасындар,көрсетіңдер.
-Жарайсыңдар балалар
-Бүгінгі сабағымыздың тірек сөздері географиялық орын және көрікті жерлер.
Географиялық орын – сенің қалаң немесе ауылың орналасқан жер.
Көрікті жерлер – елді мекендегі ең көрікті және ерекше орындар.
ІІІ.Біле жүр...
Бұл – Шоқан Уәлиханов.
Ол – көп саяхаттаған және жүрген жерлерін картаға түсірген ғалым.Ол Еуропа ғылымы үшін Қашқарияны ашқан тұңғыш ғалым болды.
IV.Деректі материалдар.
Баянауыл таулары – Павлодар облысының оңтүстік батысында орналасқан тау сілемі.Осы тау сілемін аспан астындағы тас мүсіндер мұражайы деп те атайды.
Шерқала – Ақтау қаласының маңында орналасқан ерекше көрінісі бар жеке тұрған тау.
Ұлытау тауы – Қазақстанның орталығында орналасқан. Хандардың сүйікті мекені болған.Тауды көптеген тарихи ескерткіштер, таңбалы тастар бар.
Шарын өзенінің шатқалы. Алматыдан шығысқа қарай шамамен 200 км қашықтықта орналасқан.Жартастардың биіктігі 150-300 м-ге дейін жетеді.
Ертіс өзені- Қазақстандағы ең суы көп өзен. Ол Қытайдан бастау алады. Оның бойында Семей, Өскемен, Павлодар қалалары орналасқан.
V.Топтық жұмыс.
Оқушыларды 5 топқа бөлу. Әр топ оқулықтағы суретте берілген көрікті жерлердің бірін таңдайды. Олар осы таңдаған сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады.
VI. Сергіту сәті. «Құмырсқа»
VII.Қорытынды
-Балалар бүгінгі сабақта не жайлы өттік?
-Географиялық орын дегеніміз не?
-Көрікті жерлер дегеніміз не?
-Шоқан Уәлиханов кім?
Рефлексия.Сабақты смайликтармен бағалау.
VIII.Үйге тапсырма.Өз қалаңның(ауылыңның) көрікті жерлері туралы әңгіме құра.
Достарыңызбен бөлісу: |