Сабақ жоспары Пәні: Информатика Сыныбы 7



Дата25.08.2017
өлшемі84,54 Kb.
#27493
түріСабақ
Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

Кепебұлақ ауылы

Бөдеті орта мектебінің

нформатика пәні мұғалімі

Нурмалинова Алтынай
Сабақ жоспары

Пәні: Информатика

Сыныбы__7___

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларға wordpad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері туралы

түсіндіріп, функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, жан – жақты білімдерін

жетілдіру

2) Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа,

шабшаңдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу



3) Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, компьютерлік сауаттылығын

жан – жақты дамыту.



Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер

Сабақтың құрылымы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Білімді тексеру кезеңі

III. Мақсат қою кезеңі

IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі

VI.Бекіту, бағалау кезеңі

VII.Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен амандасып, түгендеу

- оқушылар назарын сабаққа аудару

- оқушыларды екі топқа бөлу: «Принтер», «Модем»


II.Білімді тексеру кезеңі

Брейн – ринг ойыны
1 2

3 4






Сұрақтары мен жауаптары:

I. 1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай?

2. WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?

II. 1. Құрал-саймандар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?

2. Мәзір жолағындағы мәзір аттарын ата?

III. 1. Файл мәзірінде қандай мәзірлер орналасқан?

2. Терезенің тақырып жолында не бейнеленеді?

IV. 1. WordPad редакторы терезесінде қалып-күй қатары қайда орналасқан?

2. Мәтінді беттің ортасы бойынша жазу үшін қай батырманы қолданамыз?
III. Мақсат қою кезеңі

- wordpad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері туралы түсіндіріп,

функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, жан – жақты білімдерін жетілдіру


IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Мәтіннің үзіндісі дегеніміз не? Үзінді – мәтіннің бөлінген бөлігі.


Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру

 батырмасын басамыз немесе Өңдеу – көшіру (Правка-Копировать)

 батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қиып алу(Правка – Вырезать)

 Мәтін үзінділерін қою

батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қою (Правка-Вставить) 



Күн мен уақыт кірістіру

батырмасын бір рет шертеміз немесе Кірістіру – Күн мен уақыт (Вставка –Дата и время)





Мәтінді іздеу

батырмасына бір рет шертеміз немесе Өңдеу – Іздеу (Правка – Найти) 





Мәтінді ауыстыру

Өңдеу – Ауыстыру (Правка – заменить)





WordPad құжатына сурет кірістіру

Құжатқа суреттерді Paint графикалық редакторынан немесе басқа жердегі суреттерді кірістіруге болады.



Сурет кірістіру үшін:

1. Суретті белгілеп, Правка – Копировать командасын таңдау

2. Мәтіндік құжатты ашып, Правка – Вставить командасын орындау

АҚПАРАТТЫҚ СӘТ

Сен білесің бе?

1. Бір текшеметр ағаштан жарты миллион тіс шұқығыш жасауға болады.

2. Хамелеонның тілі денесінен екі есеге ұзын.

3. Қолтырауындар судың түбіне тереңірек бойлау үшін тас жұтып алады екен.

4.Коала аюы тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.

5. Бактериялардың бір пайызы ғана ауру әкеледі.

6. Әлем бойынша, күніне 4,5 миллиард тонна бензин жағылады.

7. Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен.

8. Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей

білмейді.

9. Грекияда дүйсенбі күні аң аулауға тыйым салынған.

10. Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.


V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі

Тапсырма:

  1. Мәтінді теру

  2. Мәтінді қызыл түске боя

  3. Мәтін астына күн мен уақытты кірістір

  4. а әрпін о әрпіне ауыстыр

  5. Мәтіннің қаріпін Times New Roman-мен, өлшемін 14 етіп жаз

ИНТЕРНЕТ

Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. 

Интернет сөзі тікелеі мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. Интернеттегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсыналады.

VI.Бекіту, бағалау кезеңі

1. Сәйкестікті анықта


Мәтін үзінділерін көшіру



батырмасын басу 

(Правка-Вставить) 



Күн мен уақыт кірістіру


батырмасын басу

(Правка-Копировать)


Мәтін үзінділерін қою


батырмасын шерту

(Правка – Найти) 


Мәтін іздеу


батырмасын басу 

(Вставка –Дата и время)



2. Кестені толтыр. Қандай команданы орындау керек?

Құжатты 
сақтау

Құжатты 
құру

Құжатты
ашу

Файл-Сохранить


Файл -Создать


Файл -Открыть



3. Техникалық диктант
........................................................... бұл шағын ............................................редактор.

Оның көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы: мәтінді енгізуге, құжат құруға, мәтін үзінділерін .................................................., ..................................................................,


..........................................................................................................................................,
..........................................................................., .............................................................,
............................................................................................................................. болады.
Қажетті сөздер:^ WordPad, мәтіндік, жылжытуға, көшіруге, күн мен уақытты кірістіруге, мәтінді іздеуге, ауыстыруға, суреттрді кірістіруге.

4. «Өзің таңда» . Деңгейлік тапсырма. Өлең жолдарын ретке келтір

«С»
Кәпір көздің дүниеге араны үлкен, Кәпір көздің дүниеде араны үлкен

Тоя ма екен дүниеге алған сайын Дүниеге алған сайын тоя ма екен

өлген қанша тірі жүрсе де күні Қанша тірі жүрсе де өлген күні

болады екен бірдей-ақ көзбен өзге. Бірдей-ақ өзге көзбен болады екен./А.Құнанбаев/

«В»
Ер жігітке жарасар Ер жігітке жарасар

Найзасы қолына алған Қолына алған найзасы,

Жарасар би жігітке Би жігітке жарасар

Пайдасы халқына тиген. Халқына тиген пайдасы./Бұхар жырау/

«А»
Туғат тілді сүйемін ана тілді Сүйемін туған тілді, ана тілді,

Жатқанда-ақ бесікте берген білім. Бесікте жатқанда-ақ берген білім./С.Торайғыров/

VII.Үйге тапсырма беру

WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері179-187 беттер оқу,



тақырыпқа сай эссе жазу
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет