№ 21 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________
Сабақ өткізілетін күн
|
Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы
|
Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)
|
Сабақ өткізілетін уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
І. Сабақтың тақырыбы: Жарық толқындарының көлденеңдігі. Æàðûºòû» поляризациясы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Жарық толқынының жаңа қасиеттерімен танысу, поляризация ұғымын қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.
б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
Әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:
Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1066, 1067 есептер.
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
Жарықтың поляризациясы.
Поляризация түрлері.
Поляроидтар.
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут
Тербелістің қандайда бір бағыты басым болатын толқын поляризациянған толқын деп аталады. Паляризацияны мынадай түрлері бөледі:
а) сызықтық (жазық) поляризация,
ә) дөңгелек (циркульдік) поляризация.
б) эллипстік поларизация.
Поляризация тек көлденең толқындарға тән.
Егер орта болшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағыттарда тербелетін болса онда мұндай толқындарды көлденең толқындар деп атайды.
6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут
1. Бекіту сұрақтары:
Поляризацияланған толқын дегеніміз не?
Жарық поляризациясын қандай түрлерге бөліп қарастырамыз?
Табиғи жарық дегеніміз не?
Көлденең толқындар дегеніміз не?
Поляроид дегеніміз не?
2. Есептер шығарту: Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1067, 1068, 1069 есептер.
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут
9. Үй тапсырмасы-5 минут:
Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1070, 1071 есептер.
10. Әдебиеттер:
Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006
Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001
Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г
11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________
Жарық толқындарының көлденеңдігі. Жарықтың поляризациясы.
Тербелістің қандайда бір бағыты басым болатын толқын поляризациянған толқын деп аталады. Поляризацияны мынадай түрлері бөледі:
а) сызықтық (жазық) поляризация,
ә) дөңгелек (циркульдік) поляризация.
б) эллипстік поларизация.
Поляризация тек көлденең толқындарға тән.
Егер орта болшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағыттарда тербелетін болса онда мұндай толқындарды көлденең толқындар деп атайды.
Дөңгелек немесе эллипстік поляризациялы толқынды екі сызықтық (жазық) поляризацияланған толқынға жіктеуге болады. Егер электромагниттік жарық толқынында Ё (электр өрісі кернеулігінің тербелуші векторы) және В (магнит өрісі индукциясының векторы) векторларының тербеліс бағыттары өзгермейтін және толқынның таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта жататын болса ондай жарық толқыны жазық паляризациясы деп атайды.
Егер электромагниттік жарық толқынында Ё және В векторларының тербеліс бағыты толқынның таралу бағытына перпендикуляр кез келген жазықтықта болса, ондй жарық толқыны табиғи жарық деп аталады. Табиғи жарық жарық көздерінен тарайды.
Поляризацияланған жарықты алудың әр түрлі тәсілдері бар. Табиғи жарықты поляризацияланған жарыққа айналдыру үшін қолданылатын құрылғы поляризатор немесе поляроид деп аталады. Қарапайым поляризаторға тек белгілі бір жазықтықта ғана тербелетін жарық толқындарын ғана өткізу қабілеті бар жасыл түсті турмалин кристалы жатады.
Поляризатор табиғи жарықтын тек белгілі бағыттағы толқындары бар компонентін ажыратып өткізеді.
Жарық толқынындағы тербеліс бағыты деп электр өрісінің Ё кернеулік векторының бағыты қабылданған. Әдеттегі жарық көздері шығаратын табиғи жарық поляризацияланбаған болып табылады. Жарық толқынында тербелістер оның таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта барлық бағытта тербеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |