Ядроның бөлінуі деп нейтронды қосып алу нәтиежесінде қоздырылған ауыр ядроның жарықшақтар деп аталатын шамамен бірдей екі бөлікке бөліну ядролық реакциясын реакциясын айтады. Ауыр ядроның бөлінуі кезінде орасан зор энергия бөлініп шығады. Бөлінетін ядроның әр нуклонына келетін энергия шамамен алғанда 1 МэВ. Мысалы, 238 нуклоны бар уран ядросы бөлінгенде шамамен 220 МэВ бөлінеді. Ал 1 кг бөлінгенде шығатын энергия ~ 22000 кВТ сағ.
Егер бөліну нейтрондарының әрқайсысы бөлінетін заттың көршілес ядроларымен әсерлесіп, олардың бөлінуін тудырса, онда реакция тізбекті реакция деп аталады. Тізбекті реакцияның пайда болуының шарты – ядро бөлінген кездегі нейтрондар көбеюінің орын алуы.
Достарыңызбен бөлісу: |