Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика



бет1/5
Дата25.08.2017
өлшемі470,63 Kb.
#27379
түріСабақ
  1   2   3   4   5
33 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Ядролық реакциялар. Уран ядроларының бөлінуі. Ядролық реакторлар.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларда ядролық реакциялар, ядролық реакторлар туралы ұғым қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы: химия
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: экология

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1178, 1179, 1180-есептер.


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Ядролық реакциядар.

  • Уран ядроларының бөлінуі.

  • Тізбекті реакция.

  • Ядролық реакторлар.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 35 минут

Ядролардың бір – бірімен немесе элементар бөлшектер әсерлесуініңтүрленулерін ядролық реакциялар деп атайды.Көп жағдайларда ядролық реакцияларда екі ядро және екі бөлшек қатысады. Ядро мен бөлшектің бір жұбы бастапқы жұп, екіншісі – соңғы жұп делінеді.



Ядролық реакцияның символдық жазылуы:

Мұндағы А және В – бастапқы және соңғы ядролар, а және в бастапқы және соңғы бөлшектер.

Ядролық реакция оған қатысатын дастапқы және жұптардың кинетикалық энергияларының айырмасына тең Q ядролық реакция энергиясымен сипатталады. Q<0 болғанда реакциялар энергияны жұта жүреді және эндотермиялық деп аталады, Q>0 болғанда энергияны (реакция) шығара жүреді және экзотермиялық деп аталады.

Барлық ядролық реакцияларда энергия, импульс, заряд және нуклондар санының сақталу заңдары орындалады.

Ядроның бөлінуі деп нейтронды қосып алу нәтиежесінде қоздырылған ауыр ядроның жарықшақтар деп аталатын шамамен бірдей екі бөлікке бөліну ядролық реакциясын реакциясын айтады. Ауыр ядроның бөлінуі кезінде орасан зор энергия бөлініп шығады. Бөлінетін ядроның әр нуклонына келетін энергия шамамен алғанда 1 МэВ.

Егер бөліну нейтрондарының әрқайсысы бөлінетін заттың көршілес ядроларымен әсерлесіп, олардың бөлінуін тудырса, онда реакция тізбекті реакция деп аталады.Тізбекті реакцияның пайда болуының шарты – ядро бөлінген кездегі нейтрондар көбеюінің орын алуы.


6. Жаңа материалды бекіту – 15 минут

І. Бекіту сұрақтары:

  1. Ядролық реакцияның энергиясы дегеніміз не?

  2. Ядроның бөлінуі деп қандай реакцияны айтады?

  3. Тізбекті бөліну реакциясы қалай жүзеге асады?

  4. Неліктен ядро бөлінгенде бірнеше нейтрон бөлініп шығады?

  5. Тізбекті реакция қалай басқарылады?

  6. Ядролық энергия электр энергиясына қалай түрленеді?

  7. Ядролық энергетиканың басқа энергетика түрлеріне қарағанда қарқынды дамуының себебі неде?

2. Есеп шығару: А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1188, 1189, 1190-есептер.

7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары:



  1. Атом бомбасы. Семей полигоны.

  2. Ядролық энергетиканы қолдану. Чернобыль АЭС-індегі апат.

  3. Радиоактивті изотоптардың биологиялық әсері.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Ядролық реакциялар
Ядролардың бір – бірімен немесе элементар бөлшектер әсерлесуініңтүрленулерін ядролық реакциялар деп атайды.Көп жағдайларда ядролық реакцияларда екі ядро және екі бөлшек қатысады. Ядро мен бөлшектің бір жұбы бастапқы жұп, екіншісі – соңғы жұп делінеді.

Ядролық реакцияның символдық жазылуы:



Мұндағы А және В – бастапқы және соңғы ядролар, а және в бастапқы және соңғы бөлшектер.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет