Дұрыс жауабы:
Дұрыс жауабы |
Газ
|
р, Па
|
n, м3
|
υ2, м/с
|
m0, кг
|
р, кг/м3
|
СО2
|
5,3 МПа
|
2,7*1023
|
9*104
|
7,3*10-26
|
19,7*10-3
|
Н2
|
4*104
|
5,8*1020
|
2,5*105
|
3,3*10-27
|
22*10-7
|
О2
|
1,8*105
|
1*1024
|
3,2*103
|
5,3*10-26
|
5,3*10-2
|
N2
|
1,54*105
|
2*1025
|
0,5*106
|
9,24*10-30
|
18,5*10-5
|
11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________ Тексерушінің қолы: ______________
Астана қаласы
№ 49 орта мектеп
Физика пәні мұғалімі: Оразбаева Ж.Т.
Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________
Сабақтың тақырыбы: Физика өмірде
Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін дағдыландыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.
Әдісі: Практикалық, демонстрациялық, сұрақ-жауап жарыстар.
Түрі: Сыныптан тыс сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, физикалық приборлар, компьютер, таратпа материалдары, тәжірибеге керекті заттар;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
1. кезең.Сәлемдесу. (физика тілінде топтардың сәлемдесуі)
2. кезең. «Кім көп біледі?». (сұрақтарға жауап беру)
3. кезең. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (тәжірибе жасау)
4.кезең. Сергіту сәті.
5. кезең. Домино ойыны.(сөздерді ретімен орналастыру)
6. кезең.Физика қиын, ашиды миың. (логикалық сұрақтар)
7. кезең.Капитандар сайысы.(әннің физикалық мағынасын ашу, формула құрастыру)
8. кезең.Фантомимо.( физикалық құбылыстарды көрсету)
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
2-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңыз «Физика өмірде» атты сайысқа қош келдіңіздер. Біз бүгін сайысымызды 10 сыныптар арасында жүргіземіз.
1-жүргізуші: Енді сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік: (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1. кезең.Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)
2. кезең. «Кім көп біледі?». (сұрақтарға жауап беру)
3. кезең. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе жасау)
4.кезең. Сергіту сәті.
5. кезең. Домино ойыны (сөздерді ретімен орналастыру)
6. кезең. Физика қиын, ашиды миың (логикалық сұрақтар)
7. кезең. Капитандар сайысы (Әннің физикалық мағынасын ашу, формула құрастыру)
8. кезең. Фантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылыстарды көрсет)
2-жүргізуші:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру.
1-жүргізуші:
I кезеңімізді бастайық. Мұнда топтар өздерін таныстырады.
1. «Күш» тобының таныстыруы:
Біз күшпіз тартамыз, тебеміз,
Әлемге тартылыс береміз,
Әділдік жолына сенеміз!
- Біз күшпіз, сондықтан да жеңеміз!
2. «Атом» тобының таныстыруы:
Физиканың жолын қуған
Атом тобының атынан,
Қабылдаңыздар, шын жүректен
Сәлем сіздерге жалынды!
2-жүргізуші:
II кезең жорға кезеңі. «Кім көп біледі?»
Топ мүшелерін ортаға шақырамыз. 14 сұраққа жауап беруге дайынсыз ба?
«Күш» тобынан бастайық
1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі? – (кристалдану, қатаю)
2. Тұтас алғанда атом заряды? – ( бейтарап)
3. Тоқ күшін өлшейтін құрал - (амперметр)
4. Қуаттың өлшем бірлігі – (Ватт)
5. Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)
6. Жылдамдықтың өлшем бірлігі - (м/с)
7. Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)
8. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с2)
9. Сүт неше градуста қайнайды?- (1000С)
10. Салмақтың өлшем бірлігі – (Н)
11. Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)
12. Ньютонның I заңы не деп аталады? – (Инерция)
13. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?- (моль)
14. Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)
1-жүргізуші:
Топ мүшелерін ортаға шақырамыз. 14 сұраққа жауап беруге дайынсыз ба?
«Атомдар» тобына сұрақтар:
1. Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)
2. Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)
3. F=-kx кімнің заңы? – (Гук заңы)
4. Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)
5. Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім? – (Попов)
6. Қысымның өлшем бірлігі – (Па)
7. Бөлінбейтін бөлшек – (атом)
8. Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы? – (Ньютонның II заңы)
9. Қай планетаның сақинасы бар? – (Сатурн)
10. Қазақстанда ең алғаш теледидир қай жылы пайда болды? – (1958ж.)
11. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)
12.Қан қысымын өлшеуге арналған прибор - (танометр)
13. Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)
14. Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)
2-жүргізуші:
III кезең. «Бұл фокус емес, бұл физика» деп аталады.
Тәжірибелер сайысы. Өздері үйден дайындап келген тәжірибелерін көрсетіп жасап, түсіндіреді. Егер дайын болмаса, көрсетілетін тәжірибелер.
1. «Мұзды судан алу». Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек. (Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2. «Шардың жабысуы». Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (Шар электрленеді.)
3. «Денелердің жүзуі». Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
4. «Теңгені құрғақ алу». Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
(Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады)
5. «Жұмыртқаның жүзуі». Шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы
1) Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал. Не байқалады?
Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады. (Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық)
2) Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.Не байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды. (тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды)
1-жүргізуші:
IV кезең. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре алады, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? (мысық)
2-жүргізуші: V кезең. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру)
Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.
Сөздер: Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.
(процессор -разряд-диск- килобайт- тире-Евклид- дюим- монитор- робот- телеграф- фаил)
1-жүргізуші: VІ кезең. «Физика қиын, ашиды миың» (логикалық сұрақтар)
Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы. Қатты дене мен сұйықтардың қозғалысы арқылы білеміз.)
Адамның алғашқы мінген көлігі не? (балалар арбасы)
Үстіне қара құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады)
Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)
Батареяны өлтіретін металл (күміс)
Судың кішкене бөлшегі қалай аталады? (тамшы)
Кім барлық тілде сөйлей алады?» (жаңғырық)
Өзен сияқты бір бағытта ағады және тоқтамайды (сағат)
Не көрінеді, егер ештеңе көрінбесе? (тұман)
11. Дүниедегі ең жүйрік не? (ой – қиял)
12. Көзіңмен көресің,бірақ ұстай алмайсың? (көлеңке)
1 3.Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады. (Аспалы сағат)
14.Егер түггі сағат 12 – де даңбыр жауса 72 сағаттан соң күн ашылып
шуақ түсе ме? (Жоқ.Түнгі мезгіл)
15.Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)
16.Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады.
(Шеңбер тәрізді траектория)
2-жүргізуші:V кезең. Капитандар сайысы.
2 капитанға 2 әннің мәтіні беріледі.
1-тапсырма.
Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.
1. Желсіз түнде жарық ай.... (Жарықтың шағылу құбылысы)
2. Жұлдызды түнде шаттанамын... (Жұлдыздардың ашық түнде жарқырауы физикалық құбылыс)
2-тапсырма. Формула құрастыр. F, υ, m, W, N, S, k, g, P, ρ, V, c, T, q, t, R, ρ٫ μ, Ј, a, v, h, M, x, r;
1-жүргізуші: VІ кезең. Фантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас топтар оның қандай құбылыс екенін анықтайды.
1. Зарядтардың әрекеттесулері (бірін-бірі тарту және тебу құбылыстары).
2. Деформация (созылу, иілу, бұралу).
2-жүргізуші
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер...деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Сабақты қорытындылау. Топтардың жеңісін баяндау, марапаттау.
Осымен «Физика өмірде» атты сайысымыз аяқталды.Қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.
Астана қаласы
№ 49 орта мектеп
Физика пәні мұғалімі: Оразбаева Ж.Т.
Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________
Сабақтың тақырыбы: Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.
Сабақтың мақсаты:
Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы
жөніндегі материалды толық түсінуге жағдай
жасау, байланыс энергиясын есептей білу әдісін
үйрену, алған теориялық білімдерін практикада
қолдана алу . ҰБТ-ке дайындық жұмысын
жалғастыру.
Міндеттері:
- Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық және
шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту,
физиканың қазіргі қоғам өміріндегі ролін ашу
- Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке, өз
достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу және тереңдету.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту, кіріктірілген сабақ.
Оқытудың техникалық құралдары:
интерактивті тақта, слайдтар.
Жеке тапсырмалары бар карточкалар
Бағалау парағы.
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі . 2 мин.
Мақсатты анықтау. 5 мин.
Өткен сабақты еске түсіру. 10 мин.
Жаңа сабақты түсіну. 10 мин
Жаңа сабақты бекіту. 5 мин.
Рефлексия. 2 мин.
Үй жұмысы. 1 мин.
Қорытынды, бағалау. 1 мин.
Сабақтың өту барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Білім теңіз тәрізді тұңғиық, жұмбағы көп түбіне жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет, теңіз түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет етсе, білім де дәл солай. Неғұрлым тереңдеп сүңгіген сайын ғылым қызығына бойлай бересің. Әр оқушыны осындай ғылым теңізінде жүзгізіп, білімнің асыл тастарын тергізетін кеме «Мектеп» болып табылады.
ІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Американдық физик Роберт Фейнман:
«Егерде қандай-да бір бүкіл әлемдік апат болып,қазіргі кездегі ғылымның жеткен жетістігінің барлығы да жоғалып кеткен жағдайда және кейінгі пайда болатын тіршілікке тек қана бір екі ауыз сөзден тұратын түсінік қалатын болса, ол түсінік аз сөзден құралып,көп жағдайды түсіндіретін болса, меніңше бұл түсінік атом гипотезасы дер едім. Атом гипотезасы:барлық заттар өте кішкентай бөлшектер атомдардан тұрады, атомдар үнемі, үздіксіз қозғалыста болады, олар бір-бірімен әрекеттеседі.»
Сіздер қалай ойлайсыздар осы Роберт Фейнманның айтқаны дұрыс деп ойлайсыздар ма?
Мен дұрыс деп айтар едім.Өйткені атом құрылысы арқылы кез келген заттың құрамы туралы айта аламыз (спектрлік анализ), оның қандай зат екенін анықтай аламыз (қатты,газ,сұйық), оның шығу тегін анықтай аламыз.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
1. Атомның құрылысы қандай?
2. Изотоптар деген не?
3. М.а.б. деген не? Ол неге тең? Оған энергияның қандай шамасы сәйкес келеді?
Жауабы: М.а.б. деген атомдық және ядролық физикада массаның -өлшем бірлігі.
1 м.а.б.=1,660546*10-27кг . 1 м.а.б.= 931,5 Мэв
4. Күміс және менделеевий ядроларының құрамы қандай, қанша нуклондар бар? Жауабы: Ag ( 47р, 60п) 47е , 107 нуклон ;
Md (101р, 155п) 101е , 256 нуклон
5. Атом ядросында 7 протон және 7 нейтрон; 51 протон және 71 нейтрон;
101 протон және 155 нейтрон болатын химиялық элементті ата.
Жауабы: 7 протон және 7 нейтрон - азот ;
51 протон және 71 нейтрон - сурьма;
101 протон және 155 нейтрон - менделеевий
ІІ деңгей
1. ; ; изотоптарындағы протондарды нейтрондармен, ал нейтрондарды протондармен алмастырсақ, онда қандай элемент атомдары пайда болады?
Жауабы: ; ;
2. және атомдарының тыныштық массалары 4,002603 м.а.б. және 3,016042 м.а.б. , массалар айырымын Мэв бойынша анықта.
Δm = 4,002603 - 3,016042 = 0,986561м.а.б. * 931,5 = 918,9 Мэв
Достарыңызбен бөлісу: |