Сөйтіп, БАЖ-н өңдеудегі қажетті негізгі жағдайлар төмендегідей:
әр басқару жүйелері үшін ол жетуге талпынатын нақты бір мақсат, және ол жету керек шекті жағдай болуы керек;
әр басқару жүйесінің соңғы мақсатқа жету үшін қозғалу траекториясын таңдай алатындай бостандығы болуы керек;
мүмкін қозғалу траекторияларының арасынан тиімдісін таңдай алу үшін оларды салыстыру әдісі болу керек;
басқару жүйесінде жүйені қажет траекторияда жүргізетін, басқаруға әсер етуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін , анықталған ресурстар бар болуы керек;
басқаруға әсер етуші терілімдердің арасынан мақсатқа жақынын таңдап алу үшін, осы әсер етулердің салдарынан жүйенің өзгерулері туралы ақпарат болу керек (ол үшін жүйенің моделі болу керек, себебі моделдің жоқтығынан сынау мен қателер әдісін қолдануға тура келеді, ал ол басқару сапасын төмендетеді).