2. Өтінімдерді ресімдеу және жіберу
4. БАЖ-дың ақпараттық ресурстары рұқсаттың мынадай түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді:
1) тасымалдау құжаттарын ресімдеуге рұқсат;
2) жолаушы тасымалдауларын басқаруды мониторингтеудің есептік деректерін пайдалануға рұқсат;
3) анықтама-ақпараттық ресурстарға рұқсат (ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсету үшін).
5. БАЖ-ға рұқсат жазбаша өтінімнің негізінде беріледі.
6. Өтінімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пунктінің атауы (пункттерінің тізбесі);
жоспарланатын жұмыстардың түрлері;
есепке алу және есептілік топтарының атауы;
№ 4 Тарифтік басшылықтағы темір жол станцияларының алфавиттік тізіміне сәйкес жабдықтарды орнату станциясы;
пошталық мекенжайы (мекенжайлары);
Internet желісіне рұқсаттың болуы;
БАЖ жабдығының болуы, оның үлгісі мен зауыттық нөмірі;
егер терминал қорғалған VipNet желісінде бұрын тіркелмеген болса, онда VipNet бағдарламалық өніміне лицензияның болуы туралы мәлімет; егер терминал қорғалған VipNet желісінде тіркелген болса, онда өтінімде жаңа және ескі каналдық мекенжайлары көрсетіліп, негізгі базаны бір терминалдан екінші терминалға беру жөніндегі талап көрсетіледі;
білікті персоналдың болуы туралы мәлімет.
Өтінімге мынадай құжаттар:
1) мыналардың:
тасымалдаушылар үшін – темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның;
жолаушылар агенттігі мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттың (жолаушылар агенттері үшін);
жолаушыларды тасымалдауға белгілі бір маршруттар бойынша тасымалдау құқығын растайтын құжаттың көшірмелерінің;
билет кассалары мен БАЖ жабдығын орналастыруға арналған үй-жайлардың меншік және (немесе) иелену құқығын растайтын құжаттың;
2) егер заңды тұлғаның өкілеттігін бірінші басшы емес немесе бірінші басшының міндетін атқарушы адам, сондай-ақ осы шартқа қол қою кезінде жеке кәсіпкердің мүддесін сенімді адам білдірген жағдайда жолаушылар агенттігі және тасымалдауышы арасындағы шартқа қол қою құқығына сенімхаттың көшірмелері қоса беріледі.
7. Ұлттық темір жол компаниясы өтінімді бес жұмыс күні ішінде қарайды және өз қорытындысын уәкілетті органға келісуге жібереді.
Қорытындыда Ұлттық темір жол компаниясы мынадай деректемелерді көрсетеді:
жолаушылар агенттігінің атауы;
жол жүру құжаттарын (билет) сату пунктінің атауы;
жол жүру құжаттарын (билет) сату пунктінің пошталық мекенжайы;
терминал жабдығын орнату станциясы;
терминал жабдығының каналдық және қаржылық нөмірі;
рұқсат берілген жұмыс және бронь түрлері;
терминал жабдығының белгілері;
тасымалдау бөлімінің нөмірі;
есепке алу және есептілік тобының атауы мен нөмірі;
қаржылық есеп объектісінің коды.
Ұсынылған өтінім осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Ұлттық темір жол компаниясы өтініш берушіге өтінімді пысықтау және (немесе) жоқ құжаттарды қоса беру қажеттігін көрсетіп, өтінімді үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
Ұлттық темір жол компаниясы осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген, пысықталған өтінімді үш жұмыс күні ішінде қарайды және өзінің қорытындысымен бірге уәкілетті органға келісуге жібереді.
8. Уәкілетті орган өтінім келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде Ұлттық темір жол компаниясының көрсетілген тұжырымдарын негізге алып, БАЖ-ға рұқсат алуға өтінімді жазбаша келіседі не келісуден бас тартады
Достарыңызбен бөлісу: |