12. Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді: A) жеке және біріккен;
В) өзіндік және бірлескен;
C) ерлі – зайыптылар, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік;
D) шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;
E) барлық жауап дұрыс.
13. Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық қызмет – бұл: А) жай серіктестік;
В) отбасылық кәсіпкерлік;
С) бірлескен кәсіпкерлік;
D) дара кәсіпкерлік;
Е) шаруашылық серіктестік.
14. Жай серіктестік қалай жүзеге асырылады? А) ортақ үлестік меншік ретінде;
В) ортақ бірлескен меншік ретінде;
С) тек мемлекеттік меншік негізінде;
D) мүліктік жарна негізінде;
Е) тікелей қатысу жолымен.
15. Дербес шешім қабылдай отырып, жоғары пайда табуға ынталанатын жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық-құқықтық формасы қалай аталады? 19. А) кәсіпкерлік қызмет;
В) маркетинг;
С) фирма;
D) кәсіпорын;
Е) менеджмент.
16. Бірлескен кәсіпкерлік қандай нысандарда жүзеге асырыла алады? А) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруы қожалығының ортақ бірлескен меншігі және өзіндік кәсіпкерлік;
В) өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік;
С) жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік;
D) жеке және өзіндік кәсіпкерлік;
Е) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік.
17. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістері: А) аумақтық салық органында тіркеу және келіп тіркелу;
В) өтініш жазу және мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеу;
С) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылмайды;
D) келіп тіркелу және міндетті мемлекеттік тіркеу;
Е) дұрыс жауап жоқ.
18. Сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақша, валюта, құнды қағаздар (акция, вексель, облигация т.б.), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату кәсіпкерліктің қай түріне жатады? А) өндірістік;
В) қаржылық;
С) кеңес беру;
D) коммерциялық;
Е) дұрыс жауап жоқ.
Кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін иеленетін, олардың қызметін бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін бірыңғай құрылымға біріктірілген бас компания қалай аталады? А) холдинг;
В) консорциум;
С) синдикат;
D) картель;
Е) концерн.
20. Мына берілген С = Мш + Те.а. + Тә.с. + Ат + Тн + Шб формула арқылы нені есептеуге болады? А) шығынды;
В) калькуляцияны;
С) бағаны;
D) өзіндік құн;
Е) барлық жауап дұрыс.