Балалар, қалай ойлайсыңдар? Бала не істеп тұр?
( Баланың тамағы ауырып тұр. Оның мойыны қызыл. Ол бала балмұздақ жеді. Бала суық су ішті. Дәрігерге бару керек. Дәрігер баланың тамағын емдейді)
2.Мәтінді оқыған кезең.
( мұғалім оқиды, топқа таратып береді,
әр топтан бір оқушы оқиды)
Бүгін Саматтың тамағы ауырды. Ол
емханаға анасымен барды. Талон алды.
Дәрігер Саматты тыңдады, тамағын тексерді,
дәрі жазып берді. Самат рақмет айтты.
-түсініксіз сөздердің мағынасын ашамыз. АКТ
(түртіп алу әдісі)
тыңдады
тамағын тексерді
( Ы – І дыбыстары, тыңдады – жуан буынды сөз,
тексереді – жіңішке буынды сөз.
( мәтінді жинап аламын)
3.Мәтінге қайта оралу.
Тапсырмалар.
1-топ. Сөйлемдердегі дұрыс емес сөздерді тауып,
мағынасына қарап, керекті сөздерді өз орнына
қойып оқу.
Бүгін Саматтың емханаға ауырды. Ол емханаға
тамағы барды. Рақмет алды.Самат дәрігерді
тыңдады, басын тексерді, емхана жазып берді.
2-топ. Сөйлемдерге сұрақ құрастыру.
Бүгін кімнің тамағы ауырды?
Ол анасымен қайды барды?
Ол не алды?
Дәрігер Саматқа не істеді?
Самат не деп айтты?
Дискриптор
1-топ. Сөйлемдердің мазмұнын түсініп,
керекті сөздермен толықтырып оқыды
2-топ.Мәтіндегі сөйлемдерді түсініп,
сұрақтар қойды.
- Сөйлемдер толықтырып оқылды
- Сөйлемдерге түсініп сұрақтар қойылды
- Сөйлемдер толықтырып оқылмаса
- Сұрақтар түсінбей қойылса
4. «Дәрігер қабылдауында» - диалог құру
Жұптық жұмыс
(Мұғалімнің көмегімен орындалады)
Самат дәрігерге келді.Ол кабинетке кірді
Самат:
Дәрігер .... ... деді
Дәрігер тамағын қарады.
Дәрігер ... .... .
Самат: ...
Дескриптор.
Диалогқа керекті сөздерді алып толықтырды,
сұхбаттасты.
- диалогты құрып, іс-әрекетпен көрсетті
- диалог құрды
Сабақтан кейінгі рефлексия
Сабақ мақсаттары нақты болды деп ойлаймын. Оқушылар бүгін таныс сөздер мен таныс емес сөздерден оқылым, айтылым, жазылым дағдылары негізінде сөйлем құрастыруға және толықтыруға үйренді.
Олар түсініп , қарапайым тілде диалог құрып, өз пікірлерін айта білді.
|
|
|
|
|
|